Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі



Дата03.03.2022
өлшемі17,01 Kb.
#134179
Байланысты:
Документ (2)
Документ Microsoft Word (3)

Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі:

Үлкен топтар ,орта топтар,шағын топтар, микротоптар, ұйымдасқан топтар,ұйымдаспаған топтар,формалды емес (ресми емес) топтар,ресми топтар,әлсіз дамыған топтар,жоғары дамыған топтар, референттік топтар.

Әлуметтік шағын топтардың әлеуметтік – психологиялық ұйымдастырылуы мынадай түрде болады:

Шағын топ,шартты топ, нақты топтардағы, ресми топтарға, бейресми топтар, әлсіз дамыған топтар,дамуы жоғары топтар,диффузиялық топтар – (лат.diffusio – сейілу, төгіліп-жойылу), ұжым, референттік топтар, референттік емес топтар

Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы

Үлкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.

Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол.

Этнопсихологияда әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады.

Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскйдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтіу психология мәселелерімен қатар қойылған.

Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістерді ң қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады.

1)Әлеуметтік топтардың жіктелуі

Үлкен топтар – адамдардың тұлғааралық және әлеуметтік тығыз байланыстарын талап етпейтін шағын топқа қарағанда, мемлекет көлемінде өмір сүретін қауымдастық.

Үлкен топтарда әлеуметтік мінез – құлық нормалары, қоғамдық және мәдени құндылықтар, дәстүрлер, қоғамдық және мәдени құндылықтар, дәстүрлер, қоғамдық пікір мен жаппай көңіл күй қалыптасада. Үлкен топтарға жататындар: таптар, қалың бұқара топтары, этностар (ұлт, жұрт), жас ерекшелік топтар, діни конфециялар, партия мен қоғамдық ұйымдар, т.б.

Орта топтар – бұл мекемелер ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар, тереториялық қауымдастықтар (бір қаланың, ауданның тұрғындары).

Шағын топтар — іс әрекет мақсаты ортақ құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен. Соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы. Шағын топқа жататындар: отбасы, әскери шағын бөлімшелер, көршілер қауымдастығы, достар компаниясы, т.б.

Микротоптар — шағын топтардың ішіндегі формалды емес топтар.

Ұйымдасқан топтар – ішкі себептермен пайда болған (спонтандық) және өзінің ішіндегі қатаң және билеп-төстейтін коммуникативті қатынастары бар топтар.

Ұйымдаспаған топтар — ішкі себептермен пайда болған (спондандық) және өзінің ішіндегі қатаң емес және билеп-төстемейтін коммуникативтік қатынастары бар.

Формалды емес (ресми емес) топтар – тұлғалық таңдаулар мен қызығушылықтар негізінде қалыптасқан.

Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.

Әлсіз дамыған топтар – белгілі бір топтардың өмір тіршілігінің бастапқы кезеңіндегі формасы

Жоғары дамыған топтар – жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен жоғары деңгейде ерекшеленетін топ. Әдетте жоғары дамыған топтарға ұжым жатады.

Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады.

Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді.

Реалды топтар – бұл адамдардың іс-әрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар

Шартты топтар – бір жалпы, мысалы, жас, жыныс, т.б. белгілерімен біріккен топтар.

Бастапқы топтар – адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым-қатынасымен өзара әрекеттес болатын топтар.

Екінші айтара топтар – олардың барлық мүшелерімен байланыстары жоқ және топ басшылығының жетекшілігімен өзара қатынастары туындайтын топтар. Мысалы, мектеп ұжымы нақты сынып ұжымына қарағанда екіншілік топ болып табылады.

2)Әлуметтік шағын топтардың әлеуметтік – психологиялық ұйымдастырылуы

Шағын топ – іс-әрекет мақсаттары ортақ құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы.

Шартты топ — бұл топтар жалпы белгілеріне, жасына, жынысына, ұлтына, білім деңгейіне, әлеуметтік тұрмысына, лауазымына, т.б. қарай біріккен адамдар тобы.

Нақты топтардағы адамдардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттері үнемі бірге өтіді. Олар табиғи және лабороториялық топтарға бөлінеді. Лабороториялық топтардың ғылыми қызығушылықтары қарастырылған.

Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.

Бейресми топтар тұлғаның қызығушылығы мен таңдаулары негізінде қалыптасады. Бейресми топ мүшелері тұлғалық симпатия немесе антипатия негізінде қалыптасады.

Әлсіз дамыған топтар – топ тіршілігінің алғашқы әлсіз ұйымдасқан кезеңі.

Дамуы жоғары топтар – жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен ерекшеленетін топ.

Диффузиялық топтар – (лат.diffusio – сейілу, төгіліп-жойылу) тек қана жалпы эмоциялармен, қайғырулармен біріккен кездейсоқ адамдар тобы.

Ұжым – бірлескен іс-әрекетке қолайлы, сәтті жағдай жасайтын адамдардың биік формадағы бірлестігі. Ұжымға тән негізгі белгілер:

А) барлық адамдардың бір обьектіге бағыттылығымен, яғни жұмыс уақыты мен орнының, жалпы өндіріс құралдарының, ғимараттарының болуымен ерекшеленеді.

Ә) Ұйымдасқан адамдардың бірлігі, нақты бекітілген құрылымы, жалпы ерік-жігерінің мықтылығы, сондай-ақ ұжым мүшелерінің ерік-жігерінің иегері ұжымның сенімді өкілдері болып табылады;

Б)Жалпы ойлар мен пікірлер, этикалық және ар-ождандық нормалардың бірлігі, өзара жақын қарым-қатынас.

Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын адам бағдарға алады.

Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып шынайы түрде кіреді.

Шағын топ – дербес іс-әрекет субьектісі. Оның мазмұнына психологиялық сипаттама беруге болады. Шағын топтың рухани өмірі мен психологиясының


Бірлігі оның жеке ерекшелігімен бірлеседі. Демек, оның құрамындағы тұлғалар бір-бірімен қызметтес сипатта болады.

Өзара қатынас (тұлғааралық қатынас)-индивидтің әртүрлі эмоциялы күйлерін ілестіруден және адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінде туындайтын субьективті байланыстар.

Шағын топтың өзін-өзі дамытуы мен қалыптасу механизмі, адамдардың мінез-құлығы мен бірлескен іс-әрекетін ынталандыру өзара қатынаста шартталады.

Топтық ұмтылуға шағын тпо мүшелерінің бірлескен күшімен мінез-құлқы негізінде мақсаты, міндеті,қажеттілігі, мотивтері (қызығушылықтары, құндылықтар) жатады. Адамдардың іс-әрекеті және қоғамдық өмір жағдайыныі әсерімен ұмтылу жүйесі қалыптасады және дамиды.Топтық көңіл-күй – белгілі кезеңдегі адамдардың түрлі көңіл күй жиынтығы. Жалпы тпо мүшелерінің эмоциялық дайындығы мен көріністері күрделі эмоциялық күйге жатады. Топтық көңіл-күй жеке адамдардың сезімін күшейтеді, олардың өмірі мен іс-әрекетіне, топтың тұтастай дамуына әсер береді.Дәстүрлер – шағын тпо мүшелерінің бірлескен іс-әрекетінің ұзақ тәжірибесі негізінде және өмір нормаларын, ережелерін, әрекеттер мен мінез-құлық стереотиптерін күнделікті өзара қатынаста сақтау негізінде қалыптасады. Осы дәстүрлерді шағын топтың әр мүшесі қажетсінуі керек.

Шағын топ психологиясы әрбір уақыт аралығында ерекше атмосферамен, белгілі күймен және дайындығымен сипатталады. Сондай-ақ, шағын тпотағы эмоционалды ахуал топ мүшелерінің ұмтылуының тиімділігі мен бағыттылығын анықтайды.

Әр шағын топ қоғамның құрамында болғандықтан, ірі қауымдастықтардың (ұлттық, таптық,діни, кәсіби, жас ерекшелігі және т.б.) бітімі олардың психологиясына тән. Сонымен қатар шағын топ психологиясының өзіндік ерекшелігі тұрақты болады.

4)Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы

Үлкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.

Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол.

Әлеуметтік үлкен топртардың айқын ерекшеліктері:

Олар үнемі даму және жетілу үстінде болады;Олардың арнайы қызығушылықтары бар;Олар өз өкілдерінің, өздерінің ішкі және сыртқы арақатынасын реттейтін әлеуметтік нормалар мен талаптарды қалыптастырады;Олардың рөлдік құрылымы бар құралдармен қамтамасыз етілген.

Үлкен әлеуметтік топтар өзінің генезисімен және белсенділік түрлерімен көп санды және әртүрлі болады. Әдетте, олар этностарға (ұлттарға), таптарға, саяси және қоғамдық ұйымдарға, діни конфиссияларға бөлінеді, оларды ұйымдасқан топтар деп атайды. Одан басқа ұйымдаспаған топтар да кездеседі. Оларға тобырлар және бұөаралық қозғалыстар жатады.

Белгілі бір қоғамдық қызметке қамтылған адамның нақты шамасы жағынан едәуір және күрделі түрде ұйымдастырылған қауымдастығы(ұжым).

Этнопсихологияда әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады.



Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскйдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтіу психология мәселелерімен қатар қойылған. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тарихы нақты әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, мақсат пен қажеттіліктерді жасай алмайды. Мұның бәрі қоғам психологиясының мазмұнды элементтері, үлкен топтардың тарихи тәжірибесі негізінде қалыптасады. Мәдени идеология жүйесінде бұл тәжірибе шағын топтар және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас арқылы индивидке дейін жеткізілген. Сондықтан үлкен топтарға жасалған әлеуметтік психологиялық таңдауы индивид психологиясының мазмұнын танудағы «кілт» ретінде қарастыруға болады. Әрине,ь әлеуметтік үлкен топтардың тәжірибесі мен қоғамның психологиялық элементтер мазмұнын түсінуде бұқаралық әлеуметтік процестер мен қозғалыстар маңызды орын алады. Қоғамдық өзгерістер мен түрленулер сипаттамасы әлеуметтік үлкен топтардың психологиялық сипатының негізгі факторлары болып тбылады. Сондықтан үлкен топтарға және бұқаралық процестер мен қозғалыстарға әлеуметтік психологиялық талдау жасау қажеттігін нақты айту қажет. Бірақ бұл қозғалыстар мен процестер үлкен топтардың мәнін құрайды. Сонымен, үлкен топтарды құрастыру үшін оның алдымен, негізгі элементтерін, құрылымын өзара байланысын білу қажет. С.Масковиси өзінің үлкен топтарды зерттеуінде «социологизация» терминін ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет