Әлпештеу фольклоры нәрестенiң шыр етiп дүниеге келгеннен бастап өмiр әнi мен халық жырын құлағына сiңiрiп өсетiнi анық



Дата16.05.2023
өлшемі17,1 Kb.
#176890
Байланысты:
әлпештеу жыры бә
Диплом, ПЕДАГОГИКА ТОЛЫҚ БАЗА, Жай сөйлем түрлері

ӘЛПЕШТЕУ ФОЛЬКЛОРЫ Нәрестенiң шыр етiп дүниеге келгеннен бастап өмiр әнi мен халық жырын құлағына сiңiрiп өсетiнi анық. Ата-ананың сәбидi жүрегi елжiрей сүюi, әлпештеп, аялап, бағып-қағуы барлығы да жыр тiлiмен өрнектелiп, музыка әуенiмен сүйемелденiп отырады..
Әлпештеу жырлары. Әлпештеу поэзиясына жатқызылатын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүлерді сүйемелдейді. Ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігі, арман-тілегі жыр тілімен өрнектеледі.
Бесік жыры. Бесік жырларын дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөліп қарастырған жөн. Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен жырлар жатады. Бұл жырлар тікелей балаларға арналған. Жырдың негізгі мазмұны баланы ұйықтатуға тыныштандыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады. Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған. Бала тербетіп отырған адам бесік жырының дәстүрлі нұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-сүйінішін сыртқа шығарады. Бесік жыры көбінесе тілек айту мәніне құралады да, жыр айтушы бөбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа бөленеді.
Үміт тілек:
- Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып
Ұста болар ма екенсің?
Бата тілек(сенім арту):
Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын»
Қара биең құлындап,
Қара тауға сыймасын…
Ақылыңмен батыл бол,
Ағайынмен тату бол.
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол.
Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.
Жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. Құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады;
3) ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, т.б.) мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады;
4) балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет