Эмбриология


З-Тарау. Гистология, цитология жэне эмбриология дамуының қысқаша очеркі А. И. Бабухин(1827-1891)



Pdf көрінісі
бет22/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
46
З-Тарау. Гистология, цитология жэне эмбриология дамуының қысқаша очеркі
А. И. Бабухин(1827-1891)
Ф. В. Овсянников(1827-1906)
ал XIX ғ. 60-жылдары гистология жэне эмбриология кафедралары бір уакытта 
Мэскеу (1864) жэне Петербург (1864) университеттерінде, кейінірек Харьков 
(1867), Казан (1868) жэне Киев (1868) университеттерінде, Медициналык- 
хирургиялык академиясында (1868) ашылды.
Тез арада бұл кафедралар ірі гистологиялык зерттеулер орталыгы жэне 
кадрларды дайындау мектептеріне айналды. Кафедралардың алғашқы 
жетекшілері жэне ресей гистологиясының жеке ғылым ретінде негізін 
калаушылар А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, М. Д. .Павлов­
ский, К. А. Арнштейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болды.
Гистологтардың Мәскеулік мектебін XIX ғ. екінші жартысының табиғат 
білімінің материалисттік бағытының ірі өкілдерінің бірі А. И. Бабухин (1827— 
1891) кұрды. Бұл мектеп өкілдерінің назары әр түрлі тіндердің, әсіресе бұл- 
шық ет және жүйке тіндерінің гистогенезі мен гистофизиологиясының 
мәселелеріне, 
микроскопиялау теориясының сұрақтарына аударылды. 
Балыктардың электр мүшелерінін пайда болуы мен гистофизиологиясын 
анықтау жаңалығының ашылуы А. И. Бабухинге тиесілі; ол көздің тор- 
лы қабықшасының дамуы мен күрылысын, жүйке талшыктарының білік- 
тік цилиндрлерінің дамуын және т.б. зерттеулерді жүргізді. Кейінірек 
А. И. Бабухиннің шәкірті және ізін басушы И.Ф. Огневтің (1855—1927) 
жетекшілігімен, кафедраның зерттеу мәселелерінің шеңберіне жасушалардың, 
тіндердің және мүшелердің қызметі мен күрылымына әр түрлі сыртқы және 
ішкі факторлардың (сәулелі энергияның, караңғылықтың, ашығудың) әсерін 
зерттеулер косылды. Мәскеулік гистологтар мектебі зерттеулерінің негізіне 
алынған бұл гистофизиологиялық бағыт тіндер мен мүшелердің дамуын 
және қызметтерін үғыну үшін көп бағалы жаңалыктар берді. Гистология мен 
физиологияның тығыз байланысы Ресейде XIX ғ. екінші жартысында ғылыми 
медициналық ойлардың оңтайлы бағытта дамығанын сипаттайды. Ол шетел 
ғылымында морфологиялык «целлюлярлык,» бағыттын сыналуымен жэне Ре­
сейде жүйке пікірінің дамуымен байқалды.


3.2. Гистология жэне эмбриология оқыту пәні ретінде. XIX ғ. екінші жартысындағы - XX ғ...
47
Петербург университетінде гистология курсын академик Ф. В. Овсянни­
ков (1827—1906) — басында анатомия және физиология кафедрасында, ал 
1894 ж. бастап жеке гистология кафедрасында окыды. Ф. В. Овсянников — 
морфологияның гистофизиологиялык бағытының негізін калаушылардың 
бірі, әр түрлі жануарлардын жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінін кызыкты 
зерттеулерінін авторы. Бұрын Қазанда және Томскіде жүмыс істеген, А. С. До­
гель (1852—1922) осы кафедраның нейрогистологиялык зерттеулерінің даму- 
ына үлкен үлесін косты. Оған вегетативті жүйке жүйесінін күрылысы және 
оның нейрондарынын жіктелуі, сезім мүшелерінін инжүйкеациясы бойынша 
нактылы жұмыстар тән. А. С. Догель Ресейде 1915 ж. «Анатомия, гистология 
және эмбриология архиві» журналын кұрды.
Петербургтегі Медициналық-хирургиялык академияда (казіргі Әскери- 
медициналык академия) гистология және эмбриология курсын XIX ғ. 
40-шы жж. алғаш рет салыстырмалы анатомия және физиология кафедрасы- 
ның меңгерушісі эмбриолог К.Э. Бэр оки бастады.
1852 ж. бастап гистология және эмбриология арнайы курска бөлінді, оны 
орталык жүйке жүйесінің кұрылысын зерттеумен данкы шыккан, Н. М. Яку­
бович (1817-1879) окыды. 1868 ж. академияда жеке гистология жэне эмбрио­
логия кафедрасы ұйымдастырылды. 
Бұл кафедранын жэне отандык 
гистологияның дамуына, куыктын ганглиозды жасушаларын, жаракаттан 
кейінгі жүйке талшыктарынын регенерациясын жэне дегенерациясын 
зерттеулерімен атағы шыккан М. Д. Лавдовский (1846—1902) өзінің едәуір 
үлесін косты. М.Д. Лавдовский жэне Ф. В. Овсянниковтардын редакциясы- 
мен 1887—1888 жж. Ресейде гистология бойынша алғашкы ірі іргелік нұскама 
жасалып шығарылды. Академияда гистология кафедрасын М.Д. Лавдовский- 
ден кейін баскарған А. А. Максимовтын (1874—1928) отандык жэне әлемдік 
ғылымның дамуына коскан үлесі зор. Оның дәнекер тін мен канды жэне 
кан түзу үдерістерін зерттеудегі нәтижелері осы уакытка дейін маңызын 
жоғалтқан жок. Шет елге эмиграцияға кеткеннен кейін А.А. Максимов 
американдык гистологиялык мектептің дамуына үлкен ықпалын тигізді.
К .Э .Б эр(1792-1876)
М.Д. Лавдовский(1846-1902)


48
З-Тарау. Гистология, цитология жэне эмбриология дамуының қысқаша очеркі
А. А. Максимовтың жарыкка шығарған гистология окулығы, жаксы еңбек- 
тердің бірі болғандыктан, баска елдерде де бірнеше рет кайталап жарык көрді.
Қазан мектебінің негізін қалаушы К. А. Арнштейн (1840—1919) және оның 
шәкірттері әр түрлі тіндер мен мүшелердегі (куыкта, несепағарда, жыныс 
мүшелерінде, көздің мөлдір кабығында, өкпеде, өңеште, теріде және т.б.) 
жүйке талшыктары мен жүйке түйіндерінің морфологиясы бойынша орасан 
материал жинактады. А. С. Догельдің ойлап тапкан жүйке тінін бояу әдісі 
жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерін табысты зерттеуге және нейрогистоло­
гия бойынша күрделі еңбектер жазуға мүмкіндік берді. Жүйке жүйесін зерт- 
теу бойынша аткарылған жұмыстар Казан зертханасын тез арада Еуропаның 
жоғары дәрежелі зертханаларының катарына косты.
1888 ж. А.С. Догель гистология кафедрасын Томск университетінде 
үйымдастырды, оны 1895 ж. бастап К. А. Арнштейннің келесі шәкірті 
А. Е. Смирнов (1859—1910) баскарды. Оның жетекшілігімен Томск универ- 
ситетінде гистология кафедрасы тәуелсіз ғылыми нейрогистологиялык мек- 
теп болып калыптасты.
Киев университетінде гистология кафедрасын 1868 ж. П.И. Перемежко 
(1833—1893) баскарды. Киев мектебінің гистологтарының зерттеулері ұрык 
жапыракшаларының, көздің, бүйрек үсті бездерінің, көкбауырдың, көлденең 
жолақты және жазык бұлшык еттің дамуын және әр түрлі мүшелердің — 
бауырдың, калканша безінін, ұйкы безінің, жілік майынын, кан тамырларының 
және т.б. құрылысын зерттеуге бағытталды. П.И. Перемежко жасушалардың 
митоздык бөліну фигураларына сипаттама берді.
Харьков университетінде гистология кафедрасын Н. А. Хржонщевский 
(1836—1917) баскарды. Оған бүйрек үсті бездерінің, өкпенің, бауырдың 
кұрылысы бойынша, бүйректің кан айналымы бойынша және т.б. ерек- 
ше елеулі енбектері тән. Н. А. Хржонщевскийдін және оның әріптестерінің 
жүргізген зерттеулері гистофизиологиялык түрғыдан карастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   383




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет