Әмір темір басқыншылық жорықтары. Ноғай ордасы. Солтүстік қазақстан және батыс сібір. ӘБілқайыр хандығЫ


Ноғай Ордасы және Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы



бет10/14
Дата08.02.2022
өлшемі24,04 Kb.
#123995
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ, Сабақ 3в, 5 занятие, Реология срс, «Smart healthcare»
Ноғай Ордасы және Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы.
-Ноғай Ордасы халқының негізгі құрамы маңғыттар болды. Олармен бірге коңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, алаш, тама, тағы басқа түрік тілдес тайпалар да болған. Орданы мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Шоқан Уәлиханов алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Екі халық (қазақ пен ноғай) болып қалыптаса бастаған кезде Ноғай Ордасының бірқатар рулары Кіші жүз қазақтарының құрамында қалды.
-Батыс Сібір аймағында да түрік тілдес ру-тайпалар мекендеген. Бұл аймақтағы тайпаларға ықпал еткен қазақ халқының негізгі ұйытқысы қыпшақтар болды. Торғай, Есіл, Ертіс бойының қыпшақтары: құлан-қыпшақ, қытай-қыпшақ, сағал-қыпшақ, маджар (мадьяр)-қыпшақ, торайғыр-қыпшақ бірлестіктеріне бөлінген. Ал Орта Ертіс, Тобыл, Тура аумағында керейлер бірлестігі басым болған.
-Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы жергілікті ру-тайпалардың этникалық құрамы негізінде құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет