Эндокриндік жїйе


Статин мен либериндердің келесі түрлері белгілі



бет9/30
Дата07.02.2022
өлшемі12,94 Mb.
#88620
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Р.Ж.Есимова ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ
Документ Microsoft Word, 5 ПЗ - Калканша без, 5 ПЗ - Калканша без, 5 ПЗ - Калканша без, 5 ПЗ - Калканша без, 5 ПЗ - Калканша без
Статин мен либериндердің келесі түрлері белгілі:

    1. соматолиберин (өсу гормонының бөлінуін арттырады)

    2. соматостатин (өсу гормонының бөлінуін тежейді)

    3. гонадолиберин, люлиберин [гонадотропты гормондардың (ФРГ және ЛГ) бөлінуін арттырады]

    4. тиролиберин (тиреотропты гормонның бөлінуін жоғарылатады)

    5. кортиколиберин (адренокортикотропты гормонның бөлінуін жоғарылатады)

    6. дофамин (пролактостатин; пролактиннің бөлінуін тежейді)

    7. пролактолиберин (пролактиннің бөлінуін арттырады)

Гипоталамустың нейросекреторлық қызметіне лимб жүйесінің, миндаль тәрізді ядроның, гиппокамптың және эпифиздің әсері мол. Сонымен қатар гипоталамустың бұл қызметіне кейбір гормондар, әсіресе, эндорфиндер мен энкефалиндер, өзінің ықпалын тигізеді.




ГИПОФИЗ

Орталық мүшелердің бірі гипофиз мидың негізінде түрік ершігінің үстінде сұр төмпешіктің астында орналасқан. Сұр төмпешікпен гипофиздің арасын гипофизарлық аяқша байланыстырып тұрады. Гипофиз салмағы 0,5-0,6г. ғана болатын құрылым. Гипофиздің алдыңғы, ортаңғы және сыртқы бөліктерін ажыратады (2 сурет). Алдыңғы бөлігін аденогипофиз деп атайды, ол бездің 2/3 үлесін құрайды. Оның өзін алдыңғы, аралық және туберальдық бөліктерге бөледі. Аденогипофиздің аралық (орталық) бөлігі алдыңғы бөлігінен гипофизарлық саңылау арқылы бөлінеді. Гипофиздің артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Кейбір авторлар бұл бөлікке медиальды төмпешікті және ми шұңқыршасын да жатқызады. Сыртынан гипофиз тығыз талшықты дәнекер тіннен тұратын капсуламен қапталған.





2 сурет. Гипофиз


1 – гипофиздің аяқшасы
2 - нейрогипофиз
3 - аралық бөлімі
4 - аденогипофиз


Дамуы. Гипофиз эмбриогенездің 4-5 аптасында дами бастайды. Ұрықтың ауыз шұңқырының эктодермальдық эпителийінен гипофизарлық қалта оқшауланады да, дамып келе жатқан миға қарай орын ауыстырады. Бұл қалта аденогипофиздің бастамасы. Оның дифференцировкасы бас миының бастамасының «аралшығына» түйіскенде ғана басталады. Эпителиальдық гипофизарлық қалтаның өсуімен оның дифференцировкасы басталады. Алдыңғы қабырғасынан аденогипофиз дамиды. Артқы қабырғасынан гипофиздің аралық бөлігі пайда болады. Артқы гипофиз нейроглиядан түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет