ӘӨЖ 59. Жастарды ұлтаралық Қатынастар саласындағы теріс көріністерді еңсеруге даярлаудың Әлеуметтік- психологиялық аспектілері



Дата07.02.2022
өлшемі31,06 Kb.
#93963
Байланысты:
Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар, Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты

ӘӨЖ 159.9


ЖАСТАРДЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ТЕРІС КӨРІНІСТЕРДІ ЕҢСЕРУГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Болатбекова Назгүл Жоламанқызы


Еуразия гуманитарлық институты, педагогика кафедрасының аға оқытушысы


Түйін
В статье рассматриваются психологические аспекты поготовки молодежи к преодолению негативных проявлений в сфере межэтнических отношений.


Summary
The article deals with the psychological aspects of prepare youth to overcome the negative phenomena in the sphere of interethnic relations.

Бүгінгі уақытта әлемдік деңгейде белең алған саяси және ұлтаралық қақтығыстар,біздің де бейбіт өмірімізге келеңсіздіктер әкелуі мүмкін. Сондықтанда көп ұлтты мемлекет ретінде еліміздің тыныштығын сақтау, өскелең ұрпағымыздың бойында адами қасиеттерді сіңдіре отырып тәрбиелеу басты міндетіміз. Әсіресе, жастарымызды ұлттық құндылықтарды бойына сіңдіре отырып, басқа да ұлт өкілдерінің тарихын, салт дәстүрін, мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.


Халықаралық ұйымдар мен әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосуда. Оның бір айқын дәлелі - елімізде конфессияаралық және этносаралық қарым – қатынастардың нығайтылуы мен дамуына ықпал ету мақсатында құрылған – ассамблея. Ондағы мақсат этникалық толеранттылықты арттыру. Ал, этникалық толеранттылықтың мәні – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы келбетін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін қабылдау болып табылады. Себебі, адам баласының бір-біріне деген сыйы мен құрметінің азаюы, бір-біріне деген сенімсіздіктердің ұлғаяы, бір – біріне деген алауыздық көзқарас нәтижесінде тұтас бір мемлекеттердің арасындағы қырғи-қабақ соғысқа ұласатын жағымсыз көріністердің туындауына жол бермеу.
Ол үшін этникалық мәдениетті, психологияны, өзіндік сананы - бір халықты екіншіден айыратын белгілер жиынтығы деп қарастырмай, оның тұрақтылығын, бірлігін қамтамасыз ететін ұлттық қауымдастық факторы деп қарастыру керек.
Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Табылдиев еңбектерінде: ұлттық әдет - ғұрып, салт- сана, тіл, дін, діл секілді мәселелердің психологиялық жақтарын этнопсихология ғылымының қарастыратынын, ол - түрлі ұлттар мен ұлыстарға тән психологиялық ерекшеліктерді, яғни белгілі ұлт өкілінің этностық мінез – құлық өзгешеліктерін, ұлттық сана сезімнің қалыптасу, даму жолдарын зерттейтінін талдап жеткізе білген болатын [1.10б]. Этникааралық қатынас – бұл түрлі этностардың бірігуінен пайда болатын өзара әрекеттестіктердің жүйесі,түрлі ұлттардың ерекшеліктерінен, құндылықтарынан, бағдарларынан тұрады. Бұл мәселе кең ауқымда қарастырылуы керек. Көптеген этностар арасында қиыншылықтар, кедергілер, шиеленістер туындамауы үшін өзге ұлттардың да құндылықтарын қадірлеп, сыйлау керек.
Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі. Ол қонақжай, дархан халық екендігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы туралы құнды еңбек жазған антрополог ғалым Н.Л.Зеланд « ... қазақ – қызу қанды жан. Оның рухына жайсаңдылық пен ізгілік тән, ол ылғи да жайдары жүреді, жалпы сергек, рухы жағынан мықты, адамгершілік қасиеттерінің жоғары екендігін» жеткізеді деп сипаттаған [2,.342б].
Сондай - ақ этникааралық татулық пен этносаралық қарым қатынастардың үлгісі ретінде ұсынған Тұңғыш Елбасымыздың табысқа жетудегі үш кілті: этностың басын біріктіретін қазақстандықтардың бірлігі – ғаламат құндылықтары, табиғи қасиетімізге тән - тағаттылық және тарихи тағдырымыздың ортақтығы өте маңызды. Сондықтан да басқа саяси көзқарастағы адамдардың пікіріне шыдамдылықпен қарау, басқа этникалық ерекшеліктерге, көзқарастарға сыйластықпен қарау қажет.
Ол үшін ең алдымен, қоғам мен мемлекет дамуының ең негізгі тұтқасы- жастардың өмірлік ұстанымы басты назарда болу керек. Себебі, жас ұрпақтың ұстанған өмірлік бағыты, психикалық саулығы, жеке тұлғалық және қоғамдық өмір сүру барысындағы дүниетанымдық көзқарасы зайырлы мемлекетіміздің жетекші көріністері болып табылады.
Жастарды әлеуметтік- психологиялық тұрғыда басты көрсеткіш ретінде алу себебіміз, өмірлік іс әрекеттер барысында мысалы, саяси қабілеттілік, құқықтық қабілеттілік, діни- ұлттық құндылықтар мен кәсіби біліктілікті меңгеруде белсенді әрекет жасай отырып, жетістіктерге жете алатын тұлға. Этникалық қатынас сферасында жастар бойында жағымсыз көріністерді болдырмаудың алдын алу барысында психологиялық аспектілерге баса назар аударуымыз керек.
Этникалық мәдениеттілік пен этникалық толеранттылықты таныта білу қажет.Толеранттылық - жергілікті халықтың басқа ұлт өкіліне, басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламаудың белгісі.
Жастар бойында интолеранттылық тұлға қасиеттерін дарытпауымыз керек. Интолерантты тұлға - шыдамсыз, күйгелек, үрейлі адам, кінәні өзіне емес басқадан іздейді, психологиялық жағынан әлсіз тұлға ретінде өзін байқатады. Соның нәтижесінде қоғамда жастар арасында туындайтын өзекті мәселелер белең алып, түрлі кикілжіңді соғыстар, саяси – идеологиялық қақтығыстар, жанұя берекесіздігі, нашақорлық, маскүнемдік, тастанды балалардың көбеюі, суицидтік әрекеттердің де жиілеуі орын ала бастайды. Яғни,тарихи тағдырлары бір түрлі ұлт өкілдерінен құралған мемлекеттің азаматтары өзара түсіністікке негізделген, ынтымағы жарасқан, альтруистік көзқараста өмір сүруі шарт.
Ұлтаралық қатынас сферасында жастар бойында теріс көріністерді болдырмаудың психологиялық алғышарттары төмендегідей деп есептеймін:
1.Этникалық толеранттылықтың мәнін - халықтық психология мен халықтық педагогикаға негізделген жалпы адами құндылықтар, әлеуметтік және рухани қатынастар жүйесі, мәдени аралық қатынастарды саналы түрде сезіне білу сияқты тұлғаның адамгершілік - психологиялық сапалары анықтайды.
2.Жастарды этникалық толеранттылыққа тәрбиелеудің ғылыми психологиялық мазмұны дүниетанымдық,эмоциялық, іс әрекеттік құрылымдарға негізделеді. Дүниетанымдық компонент тұлғаның гуманистік бағытында байқалады. Оның құрамдас бөліктері өзінің және басқа ұлттың мәдени ерекшеліктерін білу, ұлттың құндылықтарын түсіну, жалпы адами, адамгершілік құндылықтарға бағдарлануы, халықтардың этноұлттық ерекшеліктерін құрметтеу, жалпы алғанда толерантті пікір болуы. Эмоциялық аспектілердің болуы: түрлі жағдайларда мәдениаралық өзара әрекетті берік қылу, адамдарға деген сүйіспеншілік, көпшілдік, қарым қатынасқа бейім, эмпатия, эмоциялық тұрақтылық.
3.Этникалық толеранттылықтың деңгейін өзінің және басқа ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтары мен салт дәстүрлерін білуі арқылы өлшенеді. Полимәдени ортада өз білімін қолдана білуі, басқа да мәдени құндылықтарға деген жағымды көзқарас,тұлғаның рухани өзін өзі жетілдіруге деген қажеттілігінің болуы, зейін қою білу.
4.Этникалық толеранттылыққа тәрбиелеудегі халықтық педагогика мен халықтық психологияның аспектілерін қамту:
- халықтық педагогика, халықтық психология құндылықтарын қолдану (этникалық салт дәстүрлер, ана тілі, халық даналығы, мінез бітістерінің маңыздылығы: үлкендерге құрмет,кішіге ізет,қонақжайлық, өзара көмек,шыдамдылық т.б)
- дүниетанымды кеңейту әдістерін кешенді қолдану (әңгіме, сұхбат, ой пікір) эмоциялық сапаларды қалыптастыру мен мінез құлықты жетілдіру әдістері (өзін өзі тану арқылы эмоциялық байланыстарды түрлі жағдайларда қолдана білу) мәдениаралық өзара әрекеттестік тәжіриебе әдісі:
- басқа этностарға деген адамгершілік қатынас;
-әлеуметтік құндылықтар халықтық тарихи дәстүрлері мен мәдениетіне негізделген түсінік;
- жалпы адами құндылықтарға бағдарлану (отанға,елге, отбасына деген махббат, альтруистік көзқарас).
Жоғарыда айтылған аспектінің маңыздылығын «Этномәдени кеңістіктегі тұлғаның рухани - адамгершілікі дамуының психолого- педагогикалық негіздері» тақырыбында жарыққа шыққан еңбекте: ұлттық құндылық- өзіндік тарихи ерекшелігіне негізделген этникалық қоғамның рухани мұраттарының жиынытығы ретінде тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт- дәстүр сияқты құндылықтар моделін көрсетеді [3,.127б].
Бүгінгі уақытта жастарымыздың арасында ұлттық көңіл күй деңгейі төмендеп кетті. Осыған тән жағымсыз көріністерді атап айтсақ үлкендерге қарсы шығу, қоршаған орта жағдайына деген қатыгездікті байқауға болады. Қылмыстық оқиғалардың да жасаруы да қарқынды белең алуда. Көптеген жастар тәрбие беру ортасының аймағынан сырт қалуда, нәтижесінде тәрбие барысын өмірдің қатал жағдайларында меңгеріп жатыр (нашақорлық, құмар ойындар, қылмыстық топтар, діни ұйымдар, қарақшы топтар айта берсе саны шексіз). Егер олармен уақытында отбасы, қоғам, әлеуметтік орта болып тәрбие беру жұмысын психолого - педагогикалық тұрғыда сіңдіретін болсақ, мемлекетіміздің мақтанышы болатын этномәдениеттілікке негізделген патриоттық ұрпақ тәрбиелеуге болар еді.
Ұлтаралық қатынас сферасында жастар бойында теріс көріністерді болдырмаудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері ретінде:
1) этника аралық өзара әрекеттесуді жетілдіру бойынша бағдарламалар жасау;
2) этностардың ұлттық – психологиялық ерекшеліктерінің спецификасын анықтау;
3) көп ұлтты ұжымдарда жағымды психологиялық климатты қалыптастыру.
Сонымен бірге этнопсихологтардың назарында этникалық аспектілердің жалпылануы мен анализі негізгі орталықта болуы керек, оларға халықтың өмірлік іс - әрекет сферасындағы білім беру, мораль, отбасы және діни – нанымдары жатады.
Айтылған ойды түйіндей келе жүзден аса ұлт мекендейтін Қазақстан Республикасында қоғам мен мемлекет өмірін анықтауда этникалық фактор үлкен маңызға ие болғандықтан психологиялық ерекшеліктерін және олардың ұлтаралық қарым-қатынастарда көрініс беруін зерттейтін этнопсихология ілімін терең меңгерудің маңыздылығы зор. Ол үшін этнопсихологияның психология, педагогика, философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, этнография сияқты ғылымдармен байланыстыра зерттеу қажет.Осы жағдайларды ескергенде ғана біз этникааралық қатынас барысын бұрынғыдан да үйлесімді етудің жолдарын таба аламыз.

Әдебиеттер тізімі:


1. Қ.Жарықбаев., Ә. Табылдиев «Әдеп және жантану»Атамұра- Қазақстан, Алматы., 1994-144бет
2. Қазақ тәлім – тәрбиесі / Қ.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев. Алматы: Рауан, 1995. -348б.
3. Психолого - педагогические основы духовно-нравственного развитич личности в этонкультурном пространстве/Науч. изд/ под.ред Ж.О.Жилбаева.- Астана: Фолиант,2014-252с.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет