«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары


Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар



бет11/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

12.Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар.

13.Ботулизм. Этиологиясы. Қоздырғыштарының түрлері. Микробтар мен токсиннің сыртқы ортаға төзімділігі. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі және ботулизмнің берілу факторлары. Үй жағдайында консервіленген тағамдарды қолдану кезінде ауру қауіптілігінің өсуі. Клиникалық белгілері. Емі. Алдын алу.

Ботулизм  - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет.

Ботулизм ауруы-бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс салат,ет , балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Белгілері – әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып , бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей , шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді. Аурудың алдын алу мақсатында базар , сауда нысандарынан , белгіленбеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған , қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ , көкөніс салат , ет , балық өнімдерін сатып алуға болмайды. Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде сақтайтын , пайдаланатын уақыт мерзімін қараңыз , қақпағы күмпиген (бомбаж) салаттарды пайдалаңбаныз . Үй жағдайында ет , балық , саңырауқұлақ консервілемеген дұрыс. Жеміс-жидек , көкөніс консервіленген кезде оларды жақсылап жуып , тазасын , бүлінбегенін пайдаланыңыз.

Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсикоинфекциялық ауру.
Ботулизм –барлык елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануыменбайланысты.



3. Этиологиясы.

ЭТИОЛОГИЯСЫ.
Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В,С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана —А, В, Е, Ғ.
Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 2835°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі.
Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 25 минутта жойылады.



4. Эпидемиологиясы.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ.
Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары: жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер) салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер,
моллюскалар) сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы). Ботулизмнің 3 түрі бар:
1.тағамдық ботулизм
2.жарақаттық ботулизм
3.нәрестелердің ботулизмі



Ең жиі кездесетін түрі — тағамдық ботулизм.
Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық азықтар арқылы (үйде консервіленген ет, көкөністер саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), тұздалған және қақталған балық.



Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы
мүмкін.Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин
түзеді.


Нәрестелердің ботулизмі — емшектегі баланың асқазан — ішек
жолына қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің ас қазанының микрофлорасының ерекшелігіне байланысты споралар вегетативті түріне ауысып, олар токсин түзеді.



 патогенезі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет