Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған ауыл. Менің Отаным мен үшін аса қымбат жер Алматы қаласы Алғабас ықшам ауданынан басталады



Дата31.01.2022
өлшемі15,54 Kb.
#116792
Байланысты:
КҚТ2
Axay, КҚТ2, КҚТ2, КҚТ2

Эссе

«Туған жер»

Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған ауыл . Менің Отаным мен үшін аса қымбат жер Алматы қаласы Алғабас ықшам ауданынан басталады. Осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным мектепке баратын көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Балам, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі.

Туған жердің топырағы алтыннаң да қымбат, жан-жаққа тарап кеткен қазақ азаматтарының елге оралуыныың да себебі осы шығар. "Өзге елде cұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол"демекші өз отанының бір бөлігі болып жүргеңге не жетсін.Елбасымыз айтқандай " Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек" деген парасатты пікірі осыған дәлел болғандай.

Туған жер -бұл сөздерді естігенде ,жан-дүниеңе ыстық сезім ұялайды. ..Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас .. деген қанатты сөз бар.Шынымен де , туған жердің әрбір тау мен тасы өзені мен көлі ,ауасы мен топырағы бәрі де адам үшін ыстық болады.Адамның туған жері көзге жылы,көңілге ыстық көрінедіТуған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсын. .Адам баласы туған жерін ешқашан ұмытпайды. Менің туған жерім мен үшін қымбат.Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып ,бақытты өмір сүріп жатырмын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет