Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет49/83
Дата07.02.2022
өлшемі1,99 Mb.
#96415
түріМонография
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
Байланысты:
httpspspu.kzmoduleskafkilimagesppsErgaliev-K-Sknigi7-gazet-gramm.pdf

Поэтикалық тіл.
Кейбір тілшілер мақалаларына атау беруде 
ырғақ, ықпалға байланысты 
поэтикалық тілдің экспрессивті 
мүмкіндіктерін
қолдану тәсіліне жүгінеді. Дыбыстық сұрыптаудан 
кейін белгілі бір үйлесімділікпен, ұйқаспен құрылған тақырыпат 
оқырман санасының оны түсініп қабылдауын жеңілдетеді, әрі оның 
көркемдік бейнелілігін, экспрессивтігін арттырады. Бұған дәлел 
ретінде келесі тақырыпаттарды келтіруге болады: «
Толқыған теңiз... 
тағдырың нешiк?
» (ЕҚ. – 10.10.2000), «
Ауа – жанға дауа
» (ЕҚ. – 
14.04.1994), «
Алаштың рухы аспандап, қазақтың бағы асқан шақ!
» 
(СС. – 09.08.2012). 
Біз тілдік фигураларға тоқталған кезде сөз еткен инверсия да 
құбылысы поэтикалық тілмен жымдасып, газет тақырыпаттарынан 
жиі көрініс табады: «
Не екен ойландырған арыстарды?
» (Ақ. – 1998. 
№4), «
Тереңнен тартып тамырын...
» (Ақ. – 2004. №1). 
Міне, жоғарыда аталған тәсілдердің барлығы қазақ баспасөзінде 
жиі қолданылып, журналистер үшін өз туындыларына деген 
оқырмандардың қызығушылығын оятудағы «көмекшілердің», ал 
реципиенттер үшін осынша мол ақпарат легінде өзіне қажетті 
мәліметті дәл тауып, оны қабылдауды жеңілдететін құралдар ролін 
атқарады. Бұлардың қай-қайсысы болмасын өзіндік ерекшеліктерге ие 
және әрқайсыларының тақырыпатқа сыйлайтын «реңктері» де әртүрлі. 
Және публицистикада мақаланың атауына экспрессивтілік қосып, оны 
көрікті ететін тілдік құралдар бұл ғана емес. Сайып келгенде, уақыт 
өтіп, заман өзгерген сайын «жаңалық жаршысы» әрі «төртінші билік» 
атанып кеткен БАҚ та қарқынды түрде өзгеріп, жетіліп отырады. 
Осыған орай журналистикада тақырыпаттың прагматикалық қасиетін 


89 
арттыратын «көмекшілер» де саны жағынан болсын, сапа жағынан 
болсын, ұдайы жетіліп отырады. Мұның барлығы, ең алдымен, сөз 
зергерлерінің өзіне байланысты. Қалай болғанда да, жоғарыда келтіріп 
өткен мысалдарымыз газеттегі мақала атауы тұздық іспеттес, яғни 
онымен «тамақтың» дәмін түбегейлі өзгертіп қана қоймай, талғампаз 
жандардың қалауына сай әр алуан етіп түрлендіретін күшке ие 
екендігін және мұндай түрлендірулер үшін тілдік құралдардың 
прагматикалық қауқары да зор екеніне көз жеткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет