Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)
10 удивительных жилищ разных народов
БІРІНШІ ДАУА
Əмиян толтыруды баста
Арқат екінші қатардағы тұнжыраған кісіге қарап:
- Айтшы,қайырымды дос, сенің кəсібің не?- деді.
- Мен жазғышпын. Сазпарақтарға жазба түсірумен шұғылданам.
- Мен де дəл сол кəсіппен алғашқы бақырды тапқан едім.Демек, сенде
де игілікке дəл солай жету мүмкіндігі бар.
Енді ол əріректе отырған қызыл шырайлы кісіге қарай сөйледі:
- Сен айтшы, қалай нан тауып жүрсің?
- Мен қасапшымын,- деді ол.- Шаруалардан ешкі сатып алып, соямын
да сатамын, ал терісін етікшілерге сауда қыламын.
- Егер сенің жұмысың тұрақты болып, ақша таба білсең, жетістікке мен
секілді жетесің.
Осылайша Арқат жиналғандардан олардың кəсіптерін біліп шықты.
Сұрақтамалап болғасын, ол былай деді:
- Көрдіңдер ғой, шəкірттер, ақша табатындай мамандық та, кəсіп те
жетеді.Қаржы табудың əрбір тəсілі – еңбеккердің өз əмиянына бұрып
алатындай алтын жылға. Əрқайсыңның əмияның арқылы ақша ағыны
жүреді. Оның тасқынды болу-болмауы өздеріңе байланысты.Келісесіңдер
ғой бұған?
Бəрі де бастарын изеді.
- Бірақ та, əрқайсың байлыққа ұмтылсаң, онда өздерің бастаған сол
байлық көзінен бастаған мақұл емес пе?


Олар тағы да бас изесті.
Енді Арқат, өзін жұмыртқа сатушы ретінде таныстырған ұялшақтау
кісіге назар аударды:
- Егер де себетке ертеңгісін он жұмыртқа салып, кешкісін тоғызын ғана
алып отырсаң, не болар еді?
- Уақыт өте келе жұмыртқа сыймай кетер еді.
- Неге?
- Өйткені, күн сайын мен алғаннан гөрі салған жұмыртқа бір санға
артық қой.
Арқат жиналғандарға күлімсірей қарады:
- Қане, кімнің əмияны бос?
Отырғандар бір біріне мазасыздана қарады да ду күлді, бəрі де
əмияндарын алып, оның бос екенін бұлғай көрсетті.
- Жарайды, - сөзін жалғады Арқат. – Ал енді сендерге мен бос əмиянды
емдейтін нəрсе туралы айтып берейін. Жұмыртқа сатушыға айтқанымды
ауытқымай істеңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет