Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет38/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
ҚОРЫТЫНДЫ

1. ХХ ғасырдың ІІ жартысында өркендей бастаған адамтану бағытындағы ғылым салалары қалыптасу кезеңінен өтіп, ұғымдық шеңбері, проблемалық аясы айқындалып дербестенді деуге болады. Осымен байланысты қолданыстағы тілді адресант – мәтін – адресат үштағаны төңірегінде қарастыратын прагмалингвистика қоғам өмірінің әрбір саласына қатысты жеке-жеке зерттеуді қажет етеді. Әсіресе алуан түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. өзгерістерге толы қоғам өмірінің айнасы іспеттес газет тілінде бүгінгі социумға қатысты тілдік жағдаят жан-жақты көрінетіндіктен оны арнайы зерттеу бүгінгі күн талабынан туындаған қажеттілік деп түсінген жөн.


2. Ақпарат дәуірі деген атауға ие болған бүгінгі күні БАҚ – бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы негізгі тетік ретінде танылып, мойындалып отыр. Ғалам бейнесінің (яки ақиқат болмыстың) бір үзігін репрезентациялай отырып, оның бұқаралық санадағы ақпараттық бейнесін қалыптастыратын медиа-мәтін социумға әсер етудің прагматикалық стратегияларын жүзеге асырушы, күрделі құрылым болып табылады. Аса маңызды әлеуметтік реттеуші рөлін атқаратын медиа-мәтіндерде социум ішіндегі, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі саяси оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық ахуал түрліше интерпретацияланады.
Лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардан тұратын жазбаша формадағы медиа-мәтін тіл дамуының белгілі бір кезеңіндегі жаңалықтар мен ерекшеліктерді айшықтай отырып, сол арқылы бүгінгі тілдік субъектінің компетенттілігін де көрсететін құнды материал ретінде үлкен маңызға ие болады. Сондықтан мерзімді баспасөз материалдары негізінде жүргізілетін прагмалингвистикалық талдау Адам факторының төңірегіне шоғырланатын алуан сипатты (саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени т.б.) мәселелерге аксиологиялық тұрғыдан баға беруге мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде медиа-мәтін БАҚ-тағы прагматикалық әлеуеті аса күшті құрал ретінде танылады.
3. Бүгінгі тіл ұстанушы Кеңес кезеңіндегі алдын ала белгіленген сызба бойынша жоспарлы түрде әрекет ететін, коммунистік идеологияның ықпалынан шыға алмайтын субъектіден түпкілікті түрде ерекшеленеді. Сондықтан да қазіргі медиа-мәтіннің авторы жаңалыққа ұмтылғыш, өз азаматтық позициясын айқын көрсететін, қоршаған ортаны өз ыңғайына қарай бейімдей алатын жасампаз, бейстандарттылықты таңдайтын еркін шығармашылық субъекті болып табылады.
Осымен байланысты арнайы кәсіби дайындығы бар маман газет мәтінін жазу барысында келіп түскен ақпаратты өз прагматикалық ұстанымына сәйкестендіре отырып ұсынады. Ол үшін журналист түрлі прагматикалық амалдар мен тәсілдерге жүгінеді. Осындай тілдік амалдардың сипатына қарай медиа-мәтін бұқаралық санаға мақсатты түрде ықпал ететін маңызды құралға айналады. Сондықтан автордың прагматикалық ұстанымының медиа-мәтіндегі көрінісін дұрыс анықтай білу басылым ұжымының да, оның ар жағында тұрған мүдделі саяси тұлғалар мен топтардың да мақсатын білдіруге жасалатын қадам деуге негіз бар. Нәтижесінде қоғамдағы саяси ахуал медиа-мәтінде тілдік және бейтілдік құралдар арқылы таңбаланып, ғаламның медиа-бейнесін жасауға қатысады. Осы бейненің қандай нұсқада қалыптасуы күрделі де көпқырлы автор образы мәселесі арқылы анықталады.
4. Бүгінгі оқырман газет хабарламасына шүбәсіз сенетін, ондағы ақпаратты нұсқау ретінде қабылдайтын «көнбіс» адресат емес, келіп түскен ақпаратты өзіндік ой елегінен өткізіп саралайтын, мәтін арқылы берілген автор көзқарасын құптау-құптамауды өзі шешетін, көзі ашық білікті тұлға болып табылады. Сондықтан медиа-мәтінді әрбір оқырман өз білім дәрежесіне, саяси сауаттылығына, қала берді өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, өзінше интерпретациялайды деуге толық негіз бар. Осымен байланысты кез келген газет мәтініне қатысты адресант пен адресат оқытушы – оқушы, ұстаз – рухани шәкірт рөлдерінің бірінде көрінеді.
5. Газет мәтінінің авторы қандай да бір оқиға-құбылыс туралы баяндап қана қоймай, оған қатысты өзіндік көзқарасын да білдіреді. Адресанттың осы субъективті пікірі медиа-мәтінде модальділік категориясы арқылы көрініс табады. Осымен байланысты газет мәтініндегі модальділікті бағалау, дәйектеуші және эмоционалды модальділік деп бөліп қарастыру автордың прагматикалық ұстанымын айқындауда үлкен маңызға ие болады.
6. Ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтерді қатар атқаратын медиа-мәтіннің прагматикалық әлеуетін арттыратын интенсификаторларды контраст, тілдік қайталамалар, сөзойнатым тәсілдері деп қарастырудың прагмалингвистикалық зерттеу үшін мәні зор.
7. Саяси дискурс ақпараттық кеңістіктің өзегін құрайтын күрделі прагматикалық ұғым болып табылады. Ол БАҚ-та позитив және негатив мәндегі PR-мәтіндер арқылы жан-жақты ашылады. Осындағы негатив мәндегі PR-мәтіндер негізінен тілдік манипуляция арқылы көрініс табады.
8. БАҚ – жаңа қолданыстарды қалыптастыруда әрі таратуда маңызды рөл атқаратын негізгі механизм.
9. Медиа-мәтіндегі тақырыптық кешенді құрайтын айдар мен тақырыпат адресат санасына әсер ету үшін пайдаланылатын маңызды қосалқы фактор болып табылады. Бұл екеуінің байланысы оларға ортақ ақпараттық, графикалық-айшықтау, эмоционалдық, интегративтік, жарнамалық функцияларынан көрінеді.
10. Медиа-мәтінде лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардың аралас қолданылуы оның адресат факторына бағытталған әсер ету қызметінен келіп шығады. Қазіргі баспасөзде ерекше орын алатын мұндай әртекті құралдар арқылы жасалған туынды креолды мәтін деп аталады. Креолды мәтін сендіру категориясын эксплицитті және имплицитті түрде жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тиімді прагматикалық тәсіл деп таныған жөн.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет