Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады



бет5/10
Дата29.04.2022
өлшемі49,4 Kb.
#141344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Меншік иелігінің
1 куросва фонетикс, 555513a604ba69a2391455d704078f72
Құжаттандыру атқарыдған операцияларды жазбаша түрде куәландыру. Бастапқы құжаттар ұйымның орындаған шаруашылық қызметін толық жіне үздіксіз түрде көрсетіп отырады.
Есепті құжаттарға қойылатын басты талаптар – ақпараттарды дер кезінде жасау, толық және дәлме – дәл көрсете отырып, ұйымның қаржылық – шаруашылық қызметіне алдын ала, ағымдағы бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Құжаттарды рәсімдеу барысында жіберілген қателерді түзету тәртібі. Әсіресе бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінде жіберілген қателерді түзетуге баса назар аудару қажет. Мысалы, бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінің мәтіні мен сандық көрсеткіштерін өшіруге және ескертілмеген түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Түгендеу. Ұйымның ішкі бақылау тәсілі ретінде, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қорғау принциптеріне негізделген, оның ішінде екі жақты жазу, баланстық топтастыру, бақылау, аналитикалық талдау және басқа функциялар кіреді. Сонымен қатар, инвентарларды, негізгі құралдарды, ақшалай қаржыны, өндірістік қорларды, ақшалай қаржыны, өндірістік құнжылықтар түріндегі материалды активтерді іс жүзінде тексеру немесе түгендеу принциптері кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 22 маусым 2007жылғы №221 «Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бухгалтерлік есеп деректерінің дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында, мүліктер мен ақшалай қаржылардыжылына кем дегенде бір рет түгендеп отыру қарастырылған. Іс жүзінде кей кәсіпкерлер, мекеме басшылары және ұйымның меншік иелері бұл қағиданы естерінен шығарып, түгендеу жұмыстарын тек қана қажетті шара деп санайды. Ал шындап келгенде түгендеу тек қана ішкі шаруашылықтық бақылаудың құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге өндірістік резервтерді табуға, ұйым мүлкінің талан – таражға түсуінің алдын алып, қажетсіз шығындарға жол бермеудің амалдарын қолдануға мүмкіндік береді.
Түгендеу жолдары төмендегі жағдайларға байланысты, міндетті түрде жүргізіледі:
- Материалды жауапты тұлғалардың ауысуы кезкезінде;
- Құндылықтардың бүлініп және ұрлану фактілері орын алған кезде;
- Төтенше жағдайларға байланысты (өрт, апат, табиғи апаттар);
- Мекеме таратылып немесе қайта құрылғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет