Есептер шығару Кестедегі бос орындарды толтырыңдар



бет4/9
Дата03.04.2022
өлшемі34,19 Kb.
#137723
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word
ФИЗИКА 7 СЫНЫП
Сапалық есептер:
1 Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?
Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.
2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?
Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді. Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек.
3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
5. Архимед заңын түсіндір. Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді 
6. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? FA архимед күші – сұйықтың тығыздығына, дененің көлеміне,еркін түсу үдеуіне 
7. Архимед күші қандай күш? Архимед күші кері итеруші күш 
8. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме? 
Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса дене батады 
9. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме? Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса дене қалқиды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет