Есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі21,16 Kb.
#154270
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
6 практикалық жұмыс
СРС Қайыпхан Елиза, химиялык кинетика

Ғылыми жоба
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.
Жоба - бұл жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады.
Жоба – бұл жеке немесе топтық ғылыми теориялық-тәжірибелік жұмыс түрінде ұсынылған ба курстарының білім беру бағдарламасы бойынша тыңдаушының алған және меңгерген білімін бақылау нысаны


Жобаға қойылатын талаптар
Жоба құрылымы
Мазмұны (тізім мен беттері көрсетіледі)
1. Кіріспе
Жобаның қысқаша негіздемесі

  • Жобалау саласындағы шынайы жағдайға шолу жасау, кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау.

  • Жалпы түрде мәселелерді шешу немесе жағдайды жақсарту жолдары көрсетілетін жобаның идеясы.

1.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері
Жобаның мақсаты – мәселелерді шешуде жаңа педагогикалық немесе басқару жүйесі.
Жобаның міндеттері – жобаның мақсатқа жету жолдары, негізгі әдіс-тәсілдері.
1.3 Күтілетін нәтижелер
Әр міндеттер бойынша қалыптасады.
 Жобаның негізгі мазмұны
2.1 Теориялық негіздемесі.
2.2  Жоба өнімінің сипаттамасы.
3 Жоба тиімділігін бағалау критерийлері

  • Жобаны жүзеге асыру жобалау саласында жағдайдың түзелуіне әсер етіп, мәселені шешуге септігін тигізетін белгілер.

4 Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау (материалды, техникалық, кадрлық ресурстар)
5 Глоссарий
6 Қолданылған әдебиеттер тізімі:
7 Қосымша


Ғылыми жоба тақырыбын таңдау
Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.


Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері:
• түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда оқушылар мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;
• оқушылардың қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы;
• оқушыларда өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;
• оқушыларға оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;
• оқушыларды өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті екенін айтып кеттік.
Қорытындылай келер болсақ, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары білім берудің негізгі бөлігі және білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.


№ 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет