Эссе Абайдың Құнанбаевтың қара сөздерінің этнопсихологиялық мағынасы



Pdf көрінісі
Дата20.10.2023
өлшемі90,66 Kb.
#187019
Байланысты:
Еділ
Көркем мәтін экзамен, БИОХИМИЯ МЫШЕЧНОЙ ТКАНИ, лекция Биологияға кіріспе, отбасылык мед


Эссе
 
Абайдың Құнанбаевтың қара сөздерінің
 
 этнопсихологиялық мағынасы
 
Абай – халқымыздың ұлы ойшысы. Абайдың «Қара сөздері» - терең 
пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық 
ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Онда 
айтылған даналық ойларды жыл сайын оқысақ та, қайта-қайта оқысақ та 
зерікпейміз. Әр оқыған сайын көңілдегі көп сұраққа жауап алып, жаңа ой 
түйіндеп, басқаша тұжырым жасаймыз.
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке 
тұлға, ал басты мақсаты - адам тәрбиесі. Адам болғанда да, адамдар үшін 
еңбек ететін, жан- жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». 
Ол «нағыз адам», «толық адам» қандай болу керек деген сұраққа жауап 
іздейді, әрі өзінің қара сөздерінде соған жауап береді. Ол адамды жан-
жақты қарастырып, мінезін, өзін-өзі тануын, адамды жат қылықтардан 
аулақ болуға шақырып, керісінше, психология пәнінің зерттеу нысаны 
болып табылатын жоғары сезімдерге: махаббат пен парыз, борыш 
сезімдеріне тәрбиелейді. Ақын: «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық 
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін 
санамалап береді. Сондықтан Абайды таныту ісінде психологияның 
сезінер жауапкершілігі де, қосар үлесі де ерекше.
Абай Құнанбаев өз өмірінде, жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл 
тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман 
қасиеттерді жіпке тізіп осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді.
Бір сөзінде 
мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал 
енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы 
жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс 
бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты 
жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан 
жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын 
салғандығы маған ерекше ұнады.
Абай атамыз психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген 
өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне 
байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-
ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің 
арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің 
атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық 
психологияның жекелеген мәселелері де, адамның жеке басына және 
жасына байланысты ерекшеліктері, әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу 
жайлы, оқудың психология негіздері, ұлттық мінез-құлық көрініс тапқан. 


Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның этнопсихология өмірінің 
белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере 
қоймайды. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның 
әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын 
дәлелдейді.
Абайдың этнопсихологиялық мәселелер жөнінде айтып, бізге жеткен 
пікірлері, оның қазақ тарихында тұңғыш ана тілінде психология терминдер 
енгізуге талап жасағанына, бұл ғылымға қазақ тілінің аса бай сөздік 
қорынан бірқатар түсініктер енгізгеніне (қылық, қуат, мінез, көңіл, қасірет, 
қуаныш, құмарлық, күлкі, ықылас, талап, зерде, үрей, жалқаулық, 
табалаушылық, күншілдік т. б.), қазақ фольклорының ғылымға дейінгі 
этнопсихология ұғымдарын өңдеп, әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана 
қоймай, сонымен қатар көшпелілердің психология әлемі туралы өзіндік 
көзқарас жүйесін қалыптастырғанына көз жеткізеді. Абай түрлі ұғымдар 
мен түсініктердің мәнін айшықты тілмен әсерлі етіп жеткізетін өлеңдері 
мен философия талдау-ғақлиялары арқылы қазақ халқының қалың 
бұқарасы арасына психология білімнің таралуына қолайлы жағдай 
жасады..
Орындаған:Бейсенәлі Еділ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет