Эссе жазуға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және түрлері мен құрылымдары Эссе мен шығарманың айырмашылығы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі17,83 Kb.
#86639
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Эссе жазуға қойылатын талаптар
баяндама, Документ Microsoft Word (9)

Эссе жазуға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және түрлері мен құрылымдары


Эссе мен шығарманың айырмашылығы
Мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар әдебиет пәні бойынша шығарма жазуға дағдыланған, ұсынылған тақырыптарды таңдау, оларға жоспар құру, шығарма жазу барысында жоспарды негізге ала отырып, одан ауытқымау сияқты талаптарды игерген. Қорытынды аттестаттаудағы өзгеріске байланысты олардың эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алуы –аса маңызды қажеттілік. Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жан­ды байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі. Осыларды ескере отырып, оқушылардың назарына екі әдеби жанрдың өзіндік ерекшеліктері көрсетілген төмендегі кесте ұсынылып отыр. Бұл кестеде эссе мен шығарманың анықтамасы, құрылымы, мақсаты, оларды жазуға қойылатын талап­тар дараланып көрсетіліп, қазақ тілінің бай сөздік қорын тиісінше дұрыс қолдана білу туралы нақты мәліметтер берілген.

Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, та­рихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет