Этникалық бірегейлік ұлттық сана-сезімді дамытудың негізі



бет2/5
Дата11.05.2020
өлшемі101,17 Kb.
#67166
1   2   3   4   5
Байланысты:
Этникалық бірегейлік ұлттық сана-сезімді дамытудың негізі

Этнос жəне ұлт — əр түрлі əлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады. Егер этноста адамдардың арақатынасы əдет-ғұрып арқылы реттелсе, ұлттық қауымда бұл қатынастарды құқық реттейді. «Ұлттың ең негізгі қасиеті оның алғашқы табиғаты полиэтникалық немесе жоғарғы этникалық болып келуінде. Егер де тайпаны «праэтнос» деп санасақ, онда ұлт этностан кейінгі болып саналады» [1]. Ұлтты зерттейтін тұжырымдамаларға тоқталсақ, М.Вебердің пікірінше, қай жерде адамдар өздерінің бар екендігіне сенсе немесе қауымдастыққа жататындықтарын сезінсе жəне автономиялық мемлекетте өзін танытуға ұмтылса, ол жерде ұлт бар [2]. Ұлттың өмір сүруін нақты бір адамдар тобы басқа топтардың алдында өздерінің тұтастық сезімін білдіргендігімен көрінеді. М.Вебердің ойынша, бұл тұтастық сезімі толығымен субъективті емес, оның тамыры объективті факторларда жатыр, яғни, бір нəсілде, тілде, дінде, əдеттер мен саяси тəжірибелерде, бұлардың əрқайсысы ұлттық сезімді келтіреді. Веберлік тұжырымдамада қай жерде əр түрлі адамдарды байланыстыратын жəне оларды басқалардан айырып беретін бірнеше объективті факторлар болса; қай жерде осы фактор ортақ құндылықтар көзі ретінде саналып, сонымен бірге оларға қатысты тұтастық сезімін тудырса; қай жерде осы тұтастық автономды саяси институттарда өзінің көрінісін тапса, сол жерде ұлт қалыптасады.   М.Вебердің   пікірінше,   адамдардың   қауымдастығын,   егер   ол   өзіндік автономды мемлекетінде біріксе немесе бірігуге тілек білдірсе, ұлт деп санауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет