«еуразиялық одақ ҚҰру жөніндегі жоба»-сын



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі20,24 Kb.
#83432
  1   2
Байланысты:
Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба
Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба, Еуразиялық одақ құру жөніндегі жоба

«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА»-сын - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызында халыққа жария етті. Бұл - посткеңестік кеңістіктегі еуразиялық интеграцияның қайнар көзіне айналған жобаның біріне айналды. Жобада бұрынғы КСРО елдерінің интеграциялық дамуы, оның ішінде: одақтық бірігу принциптері, экономика, ғылым, білім, мәдениет, қорғаныс жүйесі және экология мәселелері ерекше назарға алынды.
Жоба, 1994 жылдың 8 шілдесінде «Независимая газетінде» жарияланып, кейіннен бірнеше рет Үкімет отырыстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланды.
Бұл жоба КСРО-ның ыдырауынан кейін, тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық дағдарыстың салдарын бастан өткеріп жатқан кезде ұсынылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлдем басқа стратегиясын құрастырып, өзгеріп жатқан геосаяси шындыққа сәйкес келетін өзара әрекеттестіктің түбегейлі жаңа тетіктерін құру керек болды.
Елбасы – Н. Ә. Назарбаев ұсынған бұл жоба - жаңа тәуелсіз мемлекеттердің 1990 жж. дағдырстан сүрінбей өтуге әрі жаңа саяси-экономикалық жүйені қалыптастыруына негізделген. EAО жобасы Еуразия халықтары арасында ұзақ тарихи кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси және әлеуметтік байланыстарды сақтау және дамыту мақсатында посткеңестік кеңістіктегі елдердің өзара байланысын кеңейту бойынша нұсқауына айналды.
EAО жобасының практикалық негіздерін құру үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Еуропа елдеріндегі интеграция процестерін және ЕО құру тәжірибесін зерттеді. ЕАО құру жөніндегі жобасында экономикалық интеграция мәселелерін шешуді Еуро Одақтағы ұлттық органдардың аналогы ретінде құрастыруы жөнінде айтылған . Бұл органдарға экономикалық, құқықтық, кедендік, экологиялық, мәдени және білім беру салаларындағы қатынастарды реттеу функцияларын қабылдау қажет деп саналды.
Алайда, 1995-2000 жылдары жобаны қолдаған көптеген елдерге қарамастан, EAC жобасы объективті және субъективті себептер бойынша жүзеге асырылмады. Интеграцияның осы кезеңінде еуразиялық мемлекеттер сынақтар мен қателіктерді бастан өткере отырып, ынтымақтастықтың ең қолайлы жолдарын іздеп жатқан еді. Тек 2000 жылы ғана Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың құрылуы еуразиялық интеграцияны нығайтуға және оны жаңа белестерге көтеруге жол ашты.
«Тарих бізге ХХІ ғасырға өркениетті түрде кіруге мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше, осындай мүмкіндіктердің бірі бұрынғы КСРО елдерінің посткеңестік кеңістікті дамытудың интеграцияға деген ерік-жігерін көрсететін Еуразиялық Одақ құру бастамасының интеграциялық әлеуетін іске асыру болып саналады» - деген Н.Ә. Назарбаевтің жобада айтылған бұл сөздері, оның интеграцияға қаншалықты мән бергендігін және барлық посткеңестік мемлекеттердің еркіндігін қарастырып, жаңа стратегиялық даму жолын ұсынғанын байқаймыз.
Осылайша, Н.Ә.Назарбаев жаңа еуразиялық идеяны тұжырымдап қана қоймай, сонымен бірге оның нақты жобасын жасады. Оның негізінде Ресей Президенті В.В.Путиннің және посткеңестік кеңістіктің басқа басшыларының белсенді қолдауымен қазіргі еуразиялық интеграция қалыптасты.

Әдебиеттер тізмі:



  1. Назарбаев Н.А. Проект «О формировании Евразийского союза государств» // Независимая газета. №106 (782). 08.06.1994.

  2. https://interaffairs.ru/jauthor/material/1150




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет