Қәзіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі Орындаған: Жанұзақов Р. Тексерген: Табылдиева О. Д



Дата28.10.2022
өлшемі18,58 Kb.
#155421

Қәзіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі

Орындаған: Жанұзақов Р.
Тексерген: Табылдиева О.Д.

Мемлекет басшысы өз жолдауында еліміздің үшінші жаңғыру табалдырығына қадам басқандығын мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында бес басымдық туралы айтылған: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, кәсіпкерлік ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын арттыру, институционалдық реформалар, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.


Бірақ мұның философияға қандай қатысы бар дерсіз. Философия өмірдің даналығы туралы ғылым екені ақиқат. Бұл философия білім беруден бастап экономикаға дейін барлық салада болуы тиіс дегенді білдіреді. Келісіңіз, философия адам өмір сүруінің ең жақсы жағдайларына жетудің маңызды факторларының бірі болып табылатын өмір тақырыбын білуге бағытталған. Бұл, сөзсіз еліміздегі үшінші жаңғыру мақсатына ұқсас.
Қәзіргі заманда философия саясат үшін өте маңызды екенін атап өтуге болады. Бұл оның қоғам дамуының өте күрделі мәселелерін шешуге арналғандығымен де, қазіргі кезде бұл проблемалардың өте күрделі екендігіменде байланысты. Онтология (болмыс туралы ғылым), антрапология (адам туралы ғылым), гнесология (таным туралы ғылым), терминдерінің мағынасын еске түсіре отырып, философияда саясаттың осы бөліктерінің әрқайсысы зерттейді деп айтуға болады.
Ал енді үшінші модернизация туралы қысқыша өз ойымды айта кетсем.Менің ойымша үшінші модернизация , қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отыруы,жәнеде жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдап,уақыттың саяси талаптарына сай жаңаруға талпынуы. Мемлекеттік билік құрушы құрылымдары қажетті әлеуметтік-саяси заңдық мүмкіндіктерге, аса жоғары заңдылыққа және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әсер ету құралдары мен әдістерге ие.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыру – бұқаралық сананы өзгерту және бұл өте қиын жоба. Оның үстіне жақын арада біте салмайды. Келешекке, болашаққа арналған жоба. Жаңа заманға сай өзімізді қалай жетілдіреміз, ең дамыған мемлекеттердің қатарына қалай қосыламыз? Осы сұрақтарды ойланып, шешімін табуға атсалысу керек.
Саяси жаңғыру – конституциялық өзгерістердің болуы. Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – презиеденттің жауапкершілігін парламентке, үкіметке беру. Яғни, үкіметтің, парламенттің дербестігін, жауапкершілігін артыру. Ал, экономикалық жаңғырудың басты мақсаты - экономикамыздың жаңа өсу моделін құру. Табиғи байлықтарға сеніп отыра беруге болмайды. Өзіміздің интеллектуалды, адами капиталымызға сүйеніп, жаңа интеллектуалды экономика жасауымыз керек. Бұл – жастарға арналған үлкен жауапкершілік. Қазақ халқы, Қазақстан нарықтық, жаһандық экономикаға табиғи байлықтан басқа не ұсына алады? Осы мәселені шешу – экономикалық жаңғыру модернизациясында айқындалады.
Біздің ерекшелігіміз – үш жаңғыруды бірден бастап кеттік. Рухани жаңғыру – ең қиын жаңғыру. Әрі рухани жаңғыру болмай, басқаларына жете алмаймыз. Өзгеруді өзімізден бастайық, өз дәрежемізге көңіл бөлейік, біліктілігімізді арттырайық. Білім жоғары болмаса, кәсіби деңгей де артпайды. Соны ойлануымыз керек.
Төртінші өнеркәсіптік революция алдыңғы 3 кезең­нен айырмашылығы оның ауқы­мын­да. Сонымен бірге төртінші өнеркәсіптік революция адамзат тарихын жылдам және мүлдем күтпеген бағытқа бұрып жіберу қаупін де жоққа шығара алмаймыз.
Цифрлы эволюцияның барар жерін дұрыс болжау арқылы Қазақ елінің даму бағыттарын ұлттық мүддеге сәйкестендіріп жасау үшін мемлекет пен қоғамның біріккен жігері қажет. Өйткені өзін-өзі жетілдіруге қабілетті жасанды интеллектпен қоршалған адам өзі жасаған роботқа тәуелді болып, оған бағынышты болу қаупі де қиял-ғажайыптан шындыққа айналу ықтималдығын ғалымдар да жоққа шығара алмауда.
Міне, дүниеде болып жатқан технологиялық өзгерістердің қарымы, күштілігі жағынан, адамзат тарихындағы дәуірлерде ешуақытта болмаған. Цифрлы әлемнің берер мүмкіндіктері де керемет, ықтимал қауіптері де жойқын.
Бұл қауіптерден сақтанудың басты иммунитеті – Елбасы айтқандай «ақылды ұлт өзінің ұлттық рухынан, тілі мен дінінен ажырамай цифрлы ортаға бейімделуі». Сонда ғана Төртінші өнеркәсіптік революция қазақтың бағын ашып, өркендеу дәуіріне айналады.
Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет