Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
5 Атмосфера ауасын қорғау 
 
5.1 Құрғақ шаң аулағыштар 
 
Атмосфераны ауасын өндірістік шаң және тұманның ластануынан 
қорғаудың негізгі шараларына шаң және тұман аулау аппараттары мен 
жүйелерін кеңінен қолдану қарастырылады. 
Шаң тазалау қондырғыларын жұмыс процестерінің ерекшеліктеріне 
байланысты төрт топқа бөлуге болады: 
-
құрғақ түрде тазалау; 
-
ылғалды түрде тазалау; 
-
электр фильтрлер көмегімен; 
-
фильтрлер. 
Құрғақ шаң аулағыштарға ауа ағынынан қоспа бөліктерін гравитация 
және инерция күштері арқылы механикалық түрде бөлетін барлық аппараттар 
жатады. Құрылымы бойынша олар 
циклондық, құйындық, ротациондық, 
радиалды, жалюздік 
және т.б. шаң аулағыштар болып бөлінеді. 
Газдарды құрғақ түрде шаңнан тазалау үшін әр түрдегі циклондар 
қолданылады (8 сурет). 
Шаңдалған газ ағыны циклон корпусының (1) жоғары жағынан құбыр (2) 
бойынша ішкі кеңістікке жанаса кіреді және циклонға кірген газ қоспасы 
жоғарыдан төмен қарай корпус ішімен жылжиды, себебі белгілі қысым және 
жылдамдықпен келген шаң бөліктеріне орталықтандырылған күш әсер етіп 
айналдырады. Осы кезде ортадан тепкіш күш артып, соның салдарынан 
айналмалы газ ағынындағы қалқымалар, шаң бөлшектері циклон корпусының 
ішкі құбырларына ұрылады. Шаң бөліктерінің газдан ажыралуы газ ағынының 
бункерде 180
0
-қа айналуының әсерінен болады. Шаңнан ажыраған газ ағыны 
құйынды пайда етіп шығыс құбырымен (3) циклоннан шығады. Циклон 
қабырғаларына тиген шаң бөлшектері аэродинамикалық күш арқылы газ 
ағынымен төмен жылжып бункерге (4) түседі және шаң құбыры (5) арқылы 
сыртқа шығарылады. Циклондық аппарат қалыпты жұмыс істеу үшін 
бункерде ауа саңылауы болмауы керек. 
Газды шаңнан тазалау бойынша жақсы нәтиже беретін циклондарға 
цилиндрлік және конустық циклондар жатады. Цилиндрлік циклондар 
аспирация жүйесіндегі құрғақ шаңды, қатты отынмен жұмыс істейтін ошақтан 
шыққан түтінді газды, кептіргіштегі шаңды және т.б. ларды 0,3-тен 4000 г/м
3
мөлшерде аулау үшін қолданылады. 
Циклонға түсетін газ қысымы 2500 Па-дан аспауы керек, газ температурасы 
30
0
С - 50
0
С температурада таңдап алынады және конструкцияның темпера-
туралық беріктілігі 400 
0
С –дан аспауы керек. 


47 
Конустық циклондар (СК сериялы) ыстан газды тазалау үшін 
қолданылады. Оларда ыстың кіріс концентрациясы 30 г/м
3
- 50 г/м
3
- тан көп 
болмауы керек. 
1-циклон корпусы; 2- газ кіру құбыры; 3- газ шығу құбыры; 4-шаң бункері; 
5-шаң шығару құбыры. 
8 сурет - Циклон қондырғысы 
Тура дәлдік циклондар басқа циклондарға қарағанда гидравликалық 
кедергісі кіші, габариті кіші және тазалау тиімділігі аз болады. Бұл циклондар 
газдық ағынды шаңнан тазалау үшін қолданылады. Үлкен массадағы 
газдарды тазалау үшін (қатты отынды шығатын түтін) батареялық циклондар 
қолданылады, олар көп санды параллель орналасқан циклондық 
элементтерден тұрады. Олардың тазалау тиімділігі төмен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет