Ғ. Сланов атындағы орта мектебі Өтеген Елдос 9- сынып оқушысы


Математиканың медицинада қажеттілігі



бет6/7
Дата03.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160993
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
. Сланов атында ы орта мектебі теген Елдос 9- сынып о ушысы

2.3. Математиканың медицинада қажеттілігі
Мен осы ғылыми жұмысымды ауылдық амбулаториясының бас дәрігері Нығыметов Аманбаймен кездесуден бастадым. Математика бізге туылған күннен бастап қажет екен. Сәби дүниеге келген кезде салмағы мен бойы өлшенеді, баланы әрбір 3 сағат сайын тамақтандырып тұру керек. Кішкене нәрестені 6 айға дейін күнделікті шомылдырып тұру керек.Баланы жуындыратын бөлменің температурасы - 37°С , ал судың температурасын арнайы термометрмен тексеріледі.Сонымен қатар ай сайын баланың салмағы мен бойын өлшеп тұрады.Салмағы нәрестенің жасына сәйкес келетіндігін анықтауға медицина қызметкері көмектеседі.Міне жоғарыда айтылғандай математика тек есептеу ғылымы ғана емес, адам өмірі үшін де маңызы зор екендігін көрдім.
№1 есеп
Адам ағзасы 65% оттегі ,18% көмірқышқыл газы, 10% сутегі , 0,15% натрия және хлордан тұрады.
Шешімі:
Менің салмағым 36кг.
Онда : оттегі менің ағзамда 36 × 0,65 = 23,4 кг;
көмірқышқыл газы36 × 0,18 = 6,48 кг;
сутегі 36 × 0,1 = 3,6 кг,
натрия және хлора 36 × 0,0015 = 0,054 кг.
Қан құрамында темірдің жетіспеушілігі анемия (қан аздық) әкеледі.
№2 есеп
Орташа есеппен адам ағзасындағы темір адам салмағы 70 кг құраса , темір5 г. Ал менің ағзамда қанша темір бар екен?
Шешімі:
70 кг – 5 г
36 кг – х г
Х = 5×36:70=2,57 г , яғни менің азғамда 2,57г темір бар.
№3 есеп
Қан қысымын есептеуде мына формуланы қолданған дұрыс.:
АД(систола) = 1,7 × жасы + 83
АД(диастола) = 1,6 × жасы + 42
Менің тұрақты қан қысымым:
АД(систола) = 1,7 × 15 + 83 = 108,5
АД(диастола) = 1,6 × 15 + 42 = 66 [4. 12бет]
2.4. Математика асханада Мектеп асханасында аспазшымен әңгіме
Мен осы ғылыми жұмысымның одан әрі өз мектебімнің бас аспазшысы Мадина Қалиеамен кездесуден бастадым. Ондағы мақсатым асханада математиканың қажеттілігі барма білу еді. Мадина Қалиеваның айтуы бойынша математиканы білудің асханада үлкен маңызы бар екен. Кез — келген асты дайындау үшін, оған қолданылатын азық — түліктердің құрамы, мөлшері қатаң сақталуы қажет. Асты дайындау барысында азық — түліктерді өлшеу кезінде салмағы мен көлемін білу үшін математикалық шамалар қолданылады, сонымен қатар уақыт өлшемі де маңызды роль атқарады. Мадина Сапарқызы бұндай есептерді күнделікті ас дайындау кезінде шешетінін айтты. Асты дайындау үшін мөлшері бар.Қажетті тағамды өлшеу үшін көлем мен салмағын білу керек.Мысалы,бәліш дайындау үшін қажетті азық-түліктер: 4 жұмыртқа ,250гр сүт,200 құмшекер, 1 пакет қопсытқыш,400гр ұн керек. Математиканың қажеттілігін күнделікті өмірден көріп жүрген жоқпыз ба?!Әр қадам сайын жатқан математика емес пе?…


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет