Фактура мен заттардың түсі бойынша қатынасына тоқталып өтіңіз


Ағаш пен бұталарды қыс мезгілінде ауыстырып отырғызудың ерекшеліктерін анықтаңыз



бет3/11
Дата25.12.2021
өлшемі27,39 Kb.
#104884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 8 ланшафт
Badekova t 2, ІІІ тоқсТЖБ 6сын
1.Ағаш пен бұталарды қыс мезгілінде ауыстырып отырғызудың ерекшеліктерін анықтаңыз

Қысқы уақытта экономикалық тұрғыда ірі көшеттерді (жасы 12-16, 17-20жыл) ауыстырып отырғызу тиімді. Жас тікпелерді топырағымен қыста орман көшетжайынан ауыстырып отырғызу жүргізілмейді. Қазіргі жасыл құрылыста қыс мезгілінде ағаштар ауыстырып отырғызудың бірнеше тәсілі бар: 1-ші тәсіл – күзде (қазан және қараша айында), қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын қазылып дайындалады. Қазылған шұңқырды құрғақ жапырақтармен толтырып, нығыздаймыз. Осы күйінде барлық топырақ тереңдігі тоң болғанша қалдырамыз. Топырақ ауа-райы температурасына байланысты желтоқсан және қаңтар айында тоң боп қатады. Топырақ әбден тоң болып қатқан соң ауыстырып отырғызу жұмысын жүргіземіз. Ағаш діңін аязда үсікке ұрынбау үшін мүшек немесе матамен орап қояды. Арнайы қоймаларда сақталған құнарлы топырақтарды, қазылған шұңқырға, ағаш отырғызар алдында әкеп төгеміз. Ағашты отырғызу кезінде көметін топырақта көлемі 15см болатын қатқан топырақтарды аз мөлшерде (20% артық емес) пайдалануға болады. Ағаш отырғызғаннан кейін дің түбін жақсылап нығыздаймыз. Суару жұмыстары көктемде қар еріген соң жүргізіледі. Қыс мезгілінде ағаштарды ауыстырып отырғызу жұмысы қиын әрі күрделі. Жұмыстың күрделілігі мен қиындығына байланысты қыс мезгілінде ағаштарды ауыстырып отырғызу жұмысын 3 мерзімге бөлуге болады: 1-ші мерзім - қараша айының соңы мен желтоқсан айы. Бұл кезде еліміздің көп облыстарында топырақ тоңдануы аз мөлшерде. Қардың қалыңдығы да төмен болады. Сондықтан, ағашты қазып алу мен отырғызу жұмыстары қиынға соқпайды. 2-ші мерзім – қаңтар және ақпан айлары. Бұл мезгілде аяз өте күшті болады. Қардың қалыңдығы да жоғары болғандқтан, оны тазалау үшін техникалар пайдаланылады. Топырақтың тоңдануы терең қабаттарға дейін барады. Ең ауыр жұмыс ағашты топырағымен қазып алу және оны отырғызатын шұңқыр дайындау. 3-ші мерзім –наурыз айы. Бұл айда еліміздің солтүстік облыстарында қар жамылғысының қалыңдығы төмендейді. Ағашты қазып алу кезінде жолдарды тазалайды. Аяз сынып, күн көзі ұзарады. Наурыз айының соңында қар жамылғысы тез ериді. Бұл қазып алынған ағаштың топырағының еруіне әкеп соғады. Сондықтан ағаш отырғызуды наурыз айының бірінші жартысында жүргізген дұрыс. Қыста отырғызуға төзімді ағаштарға: ұсақ жапырақты жөке, қотыр қайың, кәдімгі шетен, канада терегі, шаған жапырақты үйеңкі, кәдімгі шегіршін, өткір жапырақты үйеңкі және т.б. жатады. Қыста отырғызылған ағаштарға ерте көктемде күтім жұмыстарын жүргіземіз. Қыста ағаш түбін үсімеу үшін қармен нығыздап жауып, көктемде тазалаймыз. Көктемде қар ерігенде үстін жапқан шымтезек үгіндісін тазалап, минералдық тыңайтқыштарды себеміз. Әсіресе көшеде отырғызылған көшеттерге күтім жұмысын жақсы жүргізу керек. Дің түбінде жиналған қоқыстар мен химиялық қосындыларды тазартып, тасып әкету керек. Вегетациялық кезең бойы топырақ бетін тазалап тұру қажет. Аязға төзімсіз түрлердің (жылтыр және жұқа қабықты) дің бөлігін (діңі мен бұтақтарын) мүшекпен қаптап қоямыз. Бұл оларды қысқы қатты аязы мен көктемгі күннің күйдіруінен сақтайды. Қылқанды ағаш түрлерін (туя, арша, самырсын, шырша) көктемгі күннің күйдіруі мен қалың қардан, үскірік аяздан қорғау үшін барлық дің бөлігін мүшекпен немесе тығыз қағазбен орап, сыртын жұмсақ жіппен байлап шығамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет