Факультет: Экономика және бизнес жоғарғы мектебі



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі38,97 Kb.
#186161
1   2   3
Байланысты:
Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
19параграф.pptx, 6-7 такырыпжансыздандыру
Жоспар қалай құрамыз
Жоспар құру кезінде заң нормалар орындау басты назарда болу керек
4-бап. Заңдылық
1. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
2 Қандайда бір затты өндірмес бұрын ол затың өтімділгін тексеру яғни қаншалықты сұранысқа ие екеннін білу қажет
3 Өндіретін затын жарамдылық мерзімдігін ұзақ болуын қамтамасыз ету мен транспорттық тиімді болуын қадағалау.
Кәсіпорында бизнес-жоспарды іске асыру
Бизнес-жоспарды жүзеге асыру барысында негізгі кезеңдік жұмыстарды орындаудың жоспар-графигі әзірленеді және шығындардың нақтыланған сметасы құрастырылады. Жобада қарастырылған жұмыстарды орындауға кететін жұмыс уақытының шығындарын жоспарлау персонал еңбегін нормалаудың белгілі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Әдетте кестелерді құрастыру кезінде әрбір жұмысты немесе міндетті орындаудың қабылданған кезектілігі мен ұзақтылығын сипаттайтын сызықтық графиктер қолданылады.

Дұрыс іскерлік жоспарлау да бизнес – жоспарлардың табысты жүзеге асырылуына, бизнес- жоспардың орындалу барысын бақылау жүйесін құруға және оған тиісті өзгертулерді енгізуге ықпалын тигізеді. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру сатысы жобаны инвестициялау туралы шешімді қабылдаудан бастап фирманың коммерциялық қызметінің басталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Іскерлік жоспарды жүзеге асыру жобалық ұсыныстарды орындау мен оң экономикалық нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді. Бұл белгілі ұзақтылық пен құнға ие орындалатын жұмыстардың түрлері мен кезеңдерін бір ортақ жүйеге біріктіретін сызықтық және жүйелік үлгілерді қолдануды талап етеді.


Сату бюджетін жоспарлау бизнес-жоспарды ендіру үшін қажетті экономикалық ресурстардың құнын анықтауды талап етеді. Бизнес-жоспарды ендіруге қажетті ресурстардың бағалық шығындары өндіріс алды күрделі қаражат салымдарын жоспарлаудың негізі болып – олар жалпы инвестициялық шығындардың бір бөлігі болып табылады. Өндірістік шығындарды есептеу кезінде жабдықтың, материалдар мен басқа да еңбек заттары мен өндіріс құралдарының қолданыстағы нарықтық немесе прейскуранттық бағалары қолданылуы мүмкін. Еңбек күшінің құны жақын әдістердің көмегімен есептелуі мүмкін, мысалы айлық немесе сағаттық мөлшерлемелерді адам-айлар, немесе жұмыс күндеріне көбейту арқылы. Анықтамалық мәліметтер болмаған жағдайда, олар маман-менеджерлердің сараптамалық және басқа бағалауларының негізінде анықталуы мүмкін. Бизнес-жоспарды жүзеге асырудағы ақша ресурстарының қажеттілігін жоспарлау барысында жұмыстарды бастау және аяқтаудың ықтимал күнінің және материалдық және еңбек ресурстарының құнының өзгеру мүмкіндігін ескеру қажет. Мұндай жағдайда дисконттаудың немесе шығындарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуының басталу мерзіміне келтірудің тиісті коэффициенттері, белгілі инфляция индекстері және басқа да түзетуші нормативтер мен көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Бизнес-жобаны жүзеге асырудың жоспарлық мерзімдерінің басталуы тежелген жағдайда барлық есептік көрсеткіштер мен инвестициялар мен ресурстардың келіп түсу мерзімдерін қайта қарастыру қажет.

Әзірленген бизнес-жоспарды жүзеге асыру жұмыстарының барысын жоспарлау және басқару ағымдағы бақылау жүйесін құруды және ресурстар шығындарына талдау жасауды талап етеді. Бұл үшін бірінші кезекте ресурстарды шығындаудың және жұмыстардың орындалу мерзімдерінің бақылау нүктелерін орнату қажет, олар бойынша ағымдағы істер қалайша жүріп жатқандығын, барлық жасалған жоспарлардың орындалуын анықтауға болады. Бақылау жүйесі қарапайым және шынайы болуы тиіс, ол басқарушы -менеджерлерді уақытылы оперативтік ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс. Әдетте, жоспар-графиктер бір жыл алға жасалады, бірақ бұл іріктеп бақылауды өткізудің мүмкін болмайтындығын білдірмейді. Кәсіпорынның табыстары мен шығындарының арақатынасын, қолма-қол ақшаның ахуалын, қоймадағы қорлардың деңгейін, жұмыстардың сапасын белгілі бір кезең сайын тексеру қажет.


Табыстар мен шығыстарды бақылау кәсіпорынның төлем қабілеттілігі менқаржылық тұрақтылығының жағдайына және жобаның іске асу мүмкіндігіне баға беру мүмкіндігін береді. Егер келіп түсетін табыстардың сомасы бизнес-жобаны орындауға кететін шығындар шамасынан асатын болса, онда бұл рационалды ұйымдастырылған жұмыстардың бірінші дәлелі болып табылады.


Қоймадағы қорларды бақылау кәсіпорынның қаржылық ахуалына, сондай-ақ өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейіне дұрыс баға беруге септігін тигізеді. Қоймадағы қорлардың оптималды деңгейін сақтай отырып, фирма жұмыстарды минимальды шығындармен уақытылы орындауды қамтамасыз етеді. Өндірістік ресурстар айналымының жылдамдатылуы шығарылатын


тауарлар мен қызметтердің мөлшерінің артуына және жобаға жұмсалған қаражаттардың тез өтелуіне әкеледі.


Өндірісті бақылау өндірістік циклдың, жабдықты жүктеудің, жұмысшылардың тұрып қалуы, өндірістік шығындардың жоспарлық және ісжүзіндегі көрсеткіштерін салыстыруды көздейді.


Еркін экономикалық қатынастардағы бизнес-жоспарлаудың негізгі объектілері болып жоғары табысты және бәсекеге қабілетті инновациялық жобалар табылады. Бизнес жоспарлар негізінен нарыққа тауарлар мен қызметтердің жоғары бәсекелі жаңа түрлерінің шығуына ықпал ету үшін тағайындалған.


Бизнес-жоспарлар біздің өндірушілер үшін шағын және орта кәсіпорындарда неғұрлым кең тараған ішкі шаруашылық немесе фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа түрі болып табылады. Бизнес –жоспарлар жаңа фирмалар мен олардың бөлімшелерін жобалаумен немесе құрумен, нарыққа талап етілетін тауарлар мен қызметтерді шығаруды әзірлеу және жеткізумен, кәсіпорындарды қалпына келтіру және өнім шығаруды кеңейтумен, өндірістік технология мен ұйымдастыруды жетілдірумен, тауарлардың сапасы мен еңбек өндіргіштігін арттырумен байланысты түрлі инновациялық объектілерге немесе процестерге арналып жасалады


.Біріншіден, бизнес-жоспарлау ішкі өндірістік немесе корпоративтік жоспарлаумен салыстырғанда кәсіпорынның немесе корпорацияның жалпы мақсаттарының бүкіл кешенін емес, тек қызметтің жаңа түрін немесе бизнес-жобаны жоспарлаудың нақты мазмұнын анықтайтын аса маңызды міндеттердің біреуін ғана қамтиды. Бизнес-жоспар ең алдымен кәсіпорынның жаңа стратегиясын немесе даму тактикасын әзірлеуге бағытталады, ал әлеуметтік-экономикалық жоспарлау біріккен ағымдағы және перспективалық қызметтің түрлерін қамтуы мүмкін.
Екіншіден, бизнес-жоспарлар инновациялық жобалар үшін әзірленеді, оларды орындаудың нақты уақыттық мерзімдері болады, бұл уақыт аяқталғаннан кейін бизнес-жобамен жұмыс жасау аяқталады.

Фирма ішіндегі жоспарлау шаруашылықты басқарудың барлық деңгейлерінде үздіксіз жүргізіледі және жүзеге асырылады. Фирмалар бір жылдық жоспарын орындау шамасына қарай тиісті түзетулерді енгізгеннен кейін кезекті жоспарды жүзеге асыруға ауысады. Бизнес – жоспар тек нақты уақыттық қана емес, сондай-ақ неғұрлым тар кеңістіктік шектерге ие болады, ал кез келген ішкі фирмалық жоспар осындай нақты шектеулерге ие болмайды.


Үшіншіден, бизнес-жоспардың негізгі мәнісі – кәсіпорындардың жаңа істі ашуында және жобаны орындауға қажетті өндірістік ресурстарды және ең бірінші кезекте ақша қаражаттарын алуында. Сенімді инвесторларды іздеу тек ішкі өндірістік-шаруашылық қызметтегі ғана емес, сондай-ақ сыртқы несиелік-қаржылық және банктік құрылымдардағы орын алатын қауіп-қатер, тәуекел дәрежесін ескере отырып, көптеген қаржы көрсеткіштерін неғұрлым мұқият негіздеуді талап етеді. Ішкі фирмалық жоспарлар көбінесе жеке қолдану үшін қажет, ал бизнес-жоспарлар сыртқы инвесторлар мен несиегерлер үшін қажет.


Төртіншіден, бизнес-жоспарлар кәсіпкер-фирма құрылтайшысының тікелей басшылығымен және жеке қатысуымен әзірленеді. Ішкі фирмалық жоспарлаумен әдетте кәсіпқой менеджерлер- экономистер және кәсіпорынның сызықтық және функционалды бөлімшелерінің жоспаршылары айналысады. Әрбір бизнесмен-кәсіпкер өзінің жаңа кәсіпорынының іскерлік жоспарын әзірлеуге жеке қатысуы тек шынайы стратегиялық және оперативтік мақсатты әзірлеуге ғана ықпал етіп қоймай, келешекте шығыстар мен нәтижелерді салыстырудың негізінде бизнес-жобаның орындалуын неғұрлым жетілдірілген ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.


Бесіншіден, отандық мамандар әлі біздің жаңа нарықтық қатынастарымыздың жағдайларына қатысты бизнес-жоспарларды әзірлеудің ғылыми негізделген әдістемелеріне ие емес, себебі әдістемелік және оқулық ұсыныстардың көпшілігінде қалыптасқан шетелдік нарықтағы жоспарлау тәжірибесі басымырақ келеді.



Әдибетері
1. ҚР жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы заңы. 1997ж.
2. «Кәсіпкерлік және кіші бизнес негіздері мен құқықтары»
Шымкент 2003ж.
4. Н.Назарбаев «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауынан Алматы 1998ж.
5. Сәбден Оразалы «Шағын кәсіпкерлікті басқару» Алматы 2002ж.
6. Нұрғалиев Қайыртай « Қазақстан экономикасы » Алматы 1999ж.
7. Мейірбеков Бердібек «Шағын кәсіпкерлікпен бизнесті қолдау жолдары» Алматы 2004ж.
8. «Қазақстан өңірлері. » 2003, 2004,2005 жж.
9. «Қаржы» 2005
10. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары Алматы: Маркет, 2004ж
11. Калиева Т.Т Кредитное дело Қаржы-қаражат, №3,1997ж.
12. Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер Алматы: Маркет,2004ж
13. Көшенова Б.А. Ақша, неисие, банктер, валюта қатынастары Алматы: Экономика,2000ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет