Факультет: тарих-педагогика Кафедра: Қазақстан тарихы


ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР



бет4/14
Дата20.12.2021
өлшемі55,83 Kb.
#103898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
СИК метод семинар

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР

1 модуль. Тәуелсіздікке ұмтылыс кезіндегі Қазақстан

1 тақырып. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.

Семинардың мақсаты: глоссарий құру, қоғамдық ғылымдар саласындағы пәннің орны мен ролін анықтау.



1

2 тақырып. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес.

Семинардың мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ интеллигенциясының іс-әрекетін ашып көрсету. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы. Қарқаралы петициясы. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Ресейлік түркіліктің доктринасы: қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсерін айқындау.



1

3 тақырып. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.

Семинардың мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Қозғалыстың көшбасшылары: А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ә. Жанбосынов, Ұ. Саурықов және басқалар. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарасты ашып көрсету.



1

4 тақырып. Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер.

Семинардың мақсаты: Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі. Алашорда үкіметіне «кешірім» жариялануы. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы және Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануына тоқталу.



1

5 тақырып. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары.

Семинардың мақсаты: глоссаримен жұмыс жасай отырып, тоталитарлық жүйенің тарихи сипатымен сабақтарын анықтау.ЖЭС-тің мазмұны, Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі. Жер-су реформасының мақсаты, Қазақстанды индустрияландырудың жолдары, Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану ерекшеліктерін айқындау.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет