Факультеті «Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі»



бет2/3
Дата05.10.2023
өлшемі75,82 Kb.
#183862
1   2   3
Байланысты:
2-срс саясаттану

Негізгі бөлім
1. Консервативтік және ауысу саяси жүйелері
Заманауи заманының реалды саяси жүйелері өте алуан түрлі. Олардың қалыптасуы мен қызмет етуіне, басқаша айтқанда, әр елдің саяси өміріне көптеген факторлар әсер етеді: тарихи дәстүр, мәдениет, экономикалық даму, азаматтық қоғамның жетілуі, географиялық орын және т.б. Ерекше теориялық және тәжірибелік мүдде әр қилы сипаттарды анықтау болып табылады, саяси жүйелердің жалпы тіршілік әрекетінің тенденциясын анықтайды.
Жүйе әр сәтте немесе өзінің тарих кезеңінде нақты саяси жағдай ретінде келеді, мерзімінде біршама тұрақты және ұзақ.
Қоғамдық қатынастың жағдайынан, қоғамның даму деңгейінен, бұл жағдай статикалық немесе жылжымалы болуымен тәуелденеді, яғни саяси жүйенің өзі динамикалық бола ма. Саяси жүйенің динамизімі оның дамуға деген қабілетін, қоғамдағы өзгерістерге және оның сырт қоршауына адаптациялануын анықтайды. Тарихи үрдістің үдеуі мен қазіргі адамзаттың материалдық және рухани өмірінің қайта өзгеруі қоғамдағы саяси ұйымның жаңа динамикалық түрінің пайда болуына әкеп соқты – ауысу түріне. Ол саяси жүйенің бөліктері мен элементтерінің арасындағы, мемлекет пен қоғам арасындағы еркін ара қатынастармен, саяси өмірді қоғамдық бақылаудың дамығандығымен және үнемі жұмыс істеп тұрған құқықтық, саяси мен мәдени механизмдердің әлеуметтік өзгерістерімен сипатталады.
Егер классификация негізінің бағытталуына тұрақтылық пен өзгерісті салсақ, онда саяси жүйелерді шартты түрде консервативтік және ауысуға бөлуге болады. Консервативтік саяси жүйенің басты мақсаты саяси, экономикалық және мәдени ортада қалыптасқан дәстүрлі құрылымдарды сақтау болып табылады, әсіресе саяси билікті жүзеге асыратын формалары мен тәсілдері.
Консервати́зм (лат. тілінен conservo – сақтаймын) – дәстүрлі құндылықтарға және тәртіптерге, әлеуметтік, мәдени немесе діни доктриналарға идеологиялық ұстаным. Жалпы ол үшін бар және қалыптасқан әлеуметтік жүйелер мен нормаларды ұстану сипатты, революция мен радикалды өзгерістерді қабылдамайды, қоғам мен мемлекеттің эволюциялық және өзіндік ерекшеліктегі дамуды жақтайды. Әлеуметтік өзгерістер жағдайында консерватизм ескі тәртіптерді бұзуға қатысты абайлықты танытады, жоғалтып алған шептерді қалпына келтіреді, өткен идеал құндылықтарды мойындатады. Сыртқы қатынастардың қызметін жүзеге асыру кезінде консервативті саяси жүйе мемлекеті қауіпсіздікті нығайтуға, әскери күшті қолдауға, ұйреншікті одақтастарды қолдауға ставка жасайды. Заманауй консервативті саяси жүйе (неоконсервативтік) кейде –ауысымдыға қарағанда (мысалы, реформа темпісі жоғары, бірақ соңғылары тұрақты бар институттар көлемінде өтеді) икемді және жігерлі болып келеді. Ауысу саяси жүйелер реформа жүргізуге бағытталған, олар динамикалық болып келеді. Ауысу (трансформация) (кейінгі лат. тілінен transformatio – ауысу) – қайта өзгеру, түрдің, форманың, бірдеңелердің маңызды қасиеттерінің өзгеруі. Өз алдына, ауысу жүйелер қоғамдық дамудың мақсаты мен бағытына және де осы мақсаттарға жетудегі әдіс пен тәсілдерге байланысты реакциондық (мақсаты-қоғамды өткенге қайтару, саяси жүйенің бұрынғы түріне) және прогрессивті (жаңа түрдегі қоғамды қалыптастыруға ұмтылады) болып бөлінеді.
2. Саяси жүйелердің марксисттік типологиясы
Марксисттік концепция таптық әдіс пен меншіктік формасына акцент жасайды, формация түрінен және ондағы үстем тапқа байланысты құлдық, феодалдық, капиталистік пен социалистік (коммунистік) жүйелерді бөліп шығарады: құл иеленушілер, феодалдар, буржуа, партократтар. Саяси жүйені талдаудағы марксисттік әдістің мәні таптық фактордың абсолютизациясында болады. Жүйелердің айырмасы, ең алдымен, қай таптың саяси мүддесін олар білдіретініне байланысты, әлеуметтік-экономикалық құрылымымен және формация түрімен сипатталады.
Формация – бұл қоғамның тарихи түрі, нақты өндіріс тәсіліне негізделген. Бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқасына айналу ескірген өндірістік қарым-қатынас түрлерінің ауысуынан және жаңа экономикалық құрылыммен оларды алмастыру нәтижесінде болады. Экономикалық базистің сапалы өзгерістері қондырмада түбегейлі өзгерістерді соңынан ерітеді. Марксистік-лениндік доктринаның жасалған қорытындысы бойынша, тарихи үрдістің шешуші күші материалдық өндірістік қатынас (экономикалық базис) болып табылады. Саяси жүйенің түрі мемлекет қай экономикалық базисті қорғайтыны негізінде анықталады, қай үстем тап мүдделеріне қызмет етеді.
Құл иеленушілік түрі – тарихтағы қоғамның алғашқы мемлекеттік-таптық ұйым. Құл иеленушілік мемлекет өзінің мәні бойынша – бұл құл иеленушілік қоғамдық – экономикалық формациясында үстем таптың саяси билігін ұйымдастыру. Бұл мемлекеттердің сыртқы қызметі – өндіріс қаражатына құл иеленушінің меншіктігін қорғайды, сонымен бірге құлдарға да.
Феодалдық түр - Құл иеленушілік құрылымның құлдырауының нәтижесі және феодалдық қоғамдық – экономикалық формациясының пайда болуы. Мұндай мемлекет, марксистік теориясына сәйкес, феодалдардың үстемдік таптықтың қаруы болады, тәуелді шаруаларды қанау мен басу. Мемлекет үстем таптың жерге деген құқығын қамтамасыз етеді, крепостнойлықтарды иеленуге және оның басым еңбегінің бөлігін иемденуге мүмкіншілік береді.
Буржуаздық түр – феодалдық мемлекеттің орнына келеді. Өндірістік қарым-қатынастар негізінде қызмет етеді, капиталистік жеке меншікте өндіріс қаражатына негізделген және капиталисттерден жұмысшылардың заңды тәуелсіз болуы. Марксизм дәлелдеді, даму барысындағы барлық кезеңдерінде буржуаздық мемлекет қаналған пролетариат үстінен буржуазияның үстем таптық қаруы болып саналады.
Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылар санағандай, қанаушылық мемлекеттің буржуаздық түрі, капиталистік қоғамның объективті қарама-қайшылықтары пролетарлық революцияның болмай қалмауын шарттайды және жұмысшылар табы мен олардың партиясы басқарған мемлекет билігі, еңбекшілер бұқарасы қолына көшеді, социалистік түрдегі мемлекет пайда болады, содан кейін мемлекеттің толық құриды. Қоғамдағы саяси жүйенің социалистік түрі социалистік революция нәтижесінде пайда болады. Жаңа мемлекет экономикалық қарым-қатынастың мынадай жүйесін жасайды, өндірістің қаражаты мен құралына қоғамдық (халықтық) меншікте негізделеді, қанаушылықтан бос адамдармен ынтымақтастықты талап етеді. Осындай мемлекет, марксистік ғылым бойынша, еңбекшіл халықтың мүддесін білдіреді. Социалистік қоғамның жоғары фазасына жетуіне қарай – коммунизмге – мемлекет пен құқық барлық өзінің элементтері мен белгілерінде ақырындап қоғамдық коммунистік өзін-өзі басқару жүйесіне айналады және коммунистік қоғамдық өмір әлеуметтік нормаларға бекіледі.
Бұл типологияның ерекше белгісі белгіленген жүйе түрлері тарихи кезеңде бірінен соң бірі жүріп отырады. Бірақ марксистік-лениндік көзқарастың қорытындысы бойынша капиталистік түрдегі қоғамның саяси жүйесін «секіріп өтуге» мүмкін, яғни өтіп кету, кейбір елдерде қалыптасқан әр түрлі тарихи жағдайлардың күшіне байланысты.
3. Саяси жүйелердің либералды-демократиялық типологиясы
Либереалды-демократиялық теориясының мәні тұлға мүддесінің басымдылығында тұрады және оларды мемлекеттік мүдделерден бөледі, сол аттас типология негізіне жатады. Әлеуметтік орта сипаты бойынша тоталитарлы, либералды-демократиялық және ауысымды саяси жүйелер бөліп шығарады.
Тоталитарлы саяси жүйелер жабық сипатқа ие, онда әлеуметтік ортаның үлестіру түрі қалыптасады. Осындай саяси жүйелерде билікте бір ғана үстем партиясы (жүйе ядросы) болады, басқа қоғамдық ұйымдар (кәсіподақтар, жастар және балалар) мемлекет идиологиясының таратушылары болып шығады. Индивид толық ұжымға бағынышты. Мемлекет чиновник тұлғасында әр жұмысшының бөлу жүйесіндегі орнына сәйкес толық ұжымдық еңбектің нәтижесін бөледі. Жабық сипаттағы саяси жүйелер үшін идеялармен, пікірлермен және ел ішінде де сырт әлеммен де басқа ақпараттармен бөлісуді қиындату тән ұмтылыс болып саналады. Мемлекет билігі номенклатура мүдделерін қамтамасыз етемін деп, партиялық диктатқа жүгінеді және саяси қарым-қатынастарда құқықтық жарлықтар шебінен шығады. Ашық пікір бөлісу орнына, қоғамға халықтың мүддесін мемлекеттік қорғау туралы демагогия міндеттеледі. Тоталитарлы саяси жүйелерде көсем, мемлекет көшбасшысына тұлға табынушылық идеялары үстем болады, мемлекет пен партия аппаратының қосылуы байқалады. Жабық түрдегі саяси жүйелерге өз халқына қатысты террор мен геноцид саясаты тән, басқада бір ойларды, оппозицияны басу. Үлестіру ортасындағы саяси жүйе қоғамдық өмірді тоқтатып қоюды және қоғамдық қарым-қатынастардағы стагнацияны қамтамасыз етеді.
Ашық түрдегі либералды-демократиялық жүйелер әлеуметтік ортада нарықтық түрді қалыптастырады.
Либералды-демократиялық саяси жүйелер үшін тән:
- экономикалық салада – нарықтық қарым-қатынастар, жеке меншікте негізделген, саяси қарым-қатынас субъектілерінің экономикалық еркіндігін қамтамасыз етеді;
- саяси қатынастар саласында – көп партиялық, плюрализм, демократиялық жолмен мемлекеттік билікке келу. Бұндай жүйелерде партиялар жеңіп алуға ұмтылады, сайлаушылардың мүддесін ескере отырып билікті ұстап қолдануға тырысады;
- тұлға приоритеті, ұжым мүддесінен жоғары оның құқығы мен бостандығы; индивид, оның құқығы мен бостандығы ұжым мүддесінен биік тұрады;
- қоғамдық қарым-қатынас аясында адамдардың әрекетінде құқықтық формалар басым болады;
- мемлекеттік өмір аясында демократиялық институттар кең қолданылады.
Либералдық демократиясында саяси топ, билікте отырған, либерализм идеологиясының барлық аспектілерін бөлуге міндетті емес (мысалы, ол демократиялық социализм үшін шығуы мүмкін).
Бірақ ол жоғарыда аталған құқық үстемділік қағидасына бағыну керек. «Либералды» термині бұл жағдайда XVIII ғасырдың соңындағы буржуаздық революция заманындағыдай түсініледі: әр адамға билік тарапынан және құқық қорғаушылар жағынан озбырлықтан қорғауды қамтамасыз етеді.
Ашық қоғамдағы саяси жүйеге алуан ойшылдық, идеялармен, білімдермен, тауарлармен, инвестициялармен алмасу тән. Мемлекеттік билік ұйымдық-құқықтық формада әрекет етеді. Мемлекеттің, кәсіп одақтардың, басқа ұйымдардың қарым-қатынастары конституциялық сипатқа ие. Ашық түрдегі саяси жүйе қоғамдық маңызды қызметтерді атқарады және барлық азаматтық қоғамның мүддесін қамтамасыз етеді.
Ауысымды саяси жүйелерді аралас әлеуметтік орта қалыптастырады, ол үшін қарама-қайшы құбылыстар мен үрдістердің конвергенциясы маңызды.
Бұндай жүелерде әдетте плюрализм саяси төзбеушілікпен көшілес болып келеді, ал реформалар ескі тәртіпті сақтап қалумен бірге жүреді. Ауысымды саяси жүйелер тұрақты емес. Бірақ олардың эволюциясы тұрақты түрдегі саяси жүйелерді қалыптастыруға әкеп соғады. Мемлекет мұндай жүйелерде қоғамдағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуына бөгет жасайды немесе оның болмай қалмайтын эволюциясын қамтамасыз етеді.
Сонымен, типологияға деген әдістердің көптігі ұйымдастыру тәсілдерінің ерекшеліктерімен және саяси жүйелер қызметінің жағдайымен шартталады.
Саяси режимдер
Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.
Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:
Билік көзі халықта;
Сөз бостандығы;
Сайлаудың ашық жүргізілуі;
Азаматтардың тең құқықты болуы;
Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.
Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)
Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм және авторитаризм жатады.
Антидемократиялық режимдер
Тоталитарлық (латынның total — бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.
Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды.
Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.
Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.
Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе қалыптасқанымен ол мемлекетке тәуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті бақылай аламйды. Басқарудың күш көрсету құралдарын пайдалана отырып жүргізілетінін көруге болады. Мемлекет басында тұрған адам өзінің үстемдігін шексіз жүргізе алады. Оны шектейтін демократиялық элементтер, мемлекеттің тармақтарының болуы формалді түрде. Тағы да бір ерекшелік: мемлекет тұтас бақылаудан бас тартқан. Адам саяси жүйеден басқа әлеуметтік, экономикалық, мәдени және тағы да басқа салаларды өз таңдауын жүзеге асыра алады.
Әрине, әр халық өзіне лайық саяси режимді қалыптастыра алады. Бұған тек жоғарыдағы мемлекеттік билік қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де әсерін тигізеді. Сондықтан қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс болып табылады.
Ғaсырлaр бoйы өркениетіміз,мәдениетіміз сақтала отырып жалғасын тапқан,сол кездегі саясат бүгінгімен салыстырылмайтын кезең деп ойлаймын. Қазақ өркениеті тарихында күні бүгінге дейін түрлі оқиғалар мен өзгерістер орын алған.Осындай жағдайға қарамастан қазақ халқы өз қоғам ерекшелігін,саяси ұстанымын,саяси қағидаларын сонымен бірге өз құндылықтарын сақтап қалған дербес мемлекет деп дөп айта аламын.Саяси режим деген не?Оның маңыздылығы қандай?Тигізер пайдасы көп пе,әлде зияны ма?Міне,осы сауалдарды қоя oтырып өз ойымды нақты әрі кең мағынада жеткізгім келіп отыр.Қазіргі уақытта сaяси түсінікті әрбір адам баласы түсіне әрі біле бермейді.
Ол елдегі өмір сипатын,тәртіп қағидаларын,еркіндік деңгейін сонымен қоса билік басындағы құқықтық қарым-қатынастардың байланысын анықтайды.Саяси режим қоғамда орын алған,функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап бере отырып,саясат төрінде ерекше орын алады.
Саяси өмірдің саласын реттейтін құқықтық нормалардың ішінде ҚР Конституциясының нормалары үлкен маңызға ие, бұл олардың тек біздің мемлекетіміздің құқық жүйесіндегі формалды-заңдық жоғарғы күшке ие болуында ғана емес, сонымен бірге онда саяси жүйеге тəн көптеген жалпы қағидалар бекітілуінде болып келеді. Басқа заңдар мен заңға тəуелді актілердегі нoрмалармен салыстырғанда, конституциялық нормалар аса нақты саяси мазмұнға ие деп ойлаймын. Бірақ,дегенмен нақты шындыққа сай келе бермейтін формалды əрекет етуші конституциялық нормаларға қарап, саяси жүйе туралы ой түюге болмайтынын айта кеткенім жөн.Басқаша айтқанда, заңды конституциядан сол немесе басқа да мемлекетте саяси құрылыстың негізін көрсететін «тірі» конституцияны ажыратa білу тиіс.Қазaқ халқының саяси жүйесі,оның қоғам арасындағы қатынасы,яғни билік басшысының халық арасындағы қатынасы,билік басындағы адамдардың өзара қарым-қатынасы,азамат пен азаматша арасындағы қатынастың барлығын дерлік қамтамасыз етіп,бақылайтын ең маңызды жүйе болып ессептеледі.Билік жүргізуші әлеуметтік топтар бойына дарыған көшбасшылық қасиеті жоғары болса,оның жүйесі де сәйкесінше жүйелі болады деп ойлаймын.Өз ойымды қорытындылай келе,елімізде болып жатқан өзгерістер,жоспарлар барлығы да мемлекеттің дамуы үшін,алға жетелеуі үшін деп білемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет