Факультеті «Химия және химиялық технологиялар» Сөж Тақырыбы


мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі169,81 Kb.
#123844
1   2
Байланысты:
тарих сөж 3
ОШ СОр Физика 7кл каз
мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев

Әлем тарихында күні кеше ғана өз тәуелсіздігін алып,аз ғана 
мерзімді, «үшінші» деңгейлі елдердің арасынан суырылып шығып 
дүниедегі бәсекеге ең қабілетті елу мемлекеттің қатарынан ойып 
тұрып орын алған мемлекет,әрине ол өзіміздің Қазақстан.Қазақстан 
ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресіп 
келген болатын.Алайда республиканың бұл ниетіне Одақта болып 
жатқан әлеметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер 
қарсы тұрғандықтан,Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялауды мақсат 
етеді.Сөйтіп Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 25 қазанда 
республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 
қабылданады.Сөйтіп,ақырында бар әлемге Қазақстанның егемендігі 
жарияланды.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алу үшін қаншама 
қиындықтықтарды бастан кешірді,еліміз жеріміз деп соғыс 
майдандарына шығып өзінің отанын барынша қорғауға 
тырысты.Аштық келіп аштықтан қаншама адамдар қырылыпта 
қалды.Ресейлердің қол астында болып қаншама қиындық көрген 
қазақтар өз тәуелсіздігін аңсап жүрген болатын.Отанымыздың 
тәуелсіздігі үшін аянбай күрескеннің арқасында 1991ж 
16желтоқсанда «Қазақстан республикасының мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы» заң қабылданып,Қазақстан республикасы 
жылдар бойы азаттық үшін күресіп келген тәуелсіздігін алған 
болатын. 
Тәуелсіз Қазақстан тарихы-бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы 
және маңызды бөлігі болып табылады. «Өткенсіз бүгін,бүгінсіз 
ертең жоқ»деген қанатты сөз қоғам мен мемлекеттегі тарих 
ғылымының міндеттерін айқындап тұр.Еліміз ешкімге 
жалтақтаймай,өз алтына туу тігіп үлкен шаңырақ 
атанды.Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің 
мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы 
жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер 


азаматтардың айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына 
келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер
бастаулар болып табылады. 
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дүниежүзінің ондаған елі 
таныды.Біздің елді алғышқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты 
АҚШ,Ұлыбритания,Германия,Франция т.б. ірі-ірі мемлекеттер 
мойындады.Тәуелсіз Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 
алдына үлкен кемелі міндеттер қойылды.Егемен Қазақстан 
мемлекетінің тұтастығын нығайтып,елдің ішінде көп ұлтты 
халықтардың бірлігін сақтап,дүниежүзі елдерімен байланыстырып 
одан әрі дамытып,алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің 
қатарына қосыла отырып,елдің бейбітшілігін сақтауды мақсат етіп 
қойған болатын.Айтакетерлік мәселе елді басқарып,елдің 
тәуелсіздігін сақтай отырып,алдыға жетелейтін бір басшы керек 
деп ойлаймын.Сол себепті халықта елдің жағдайын 
жасап,көркейтіп,дамытуына үлес қосатын басшы тағайындауды 
шешкен болатын.Осы мәселеге байланысты 1991 ж 1 желтоқсанда 
Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың 
қатысуымен президент сайлауы өткізілді.Дауыс беру қорытындысы 
бойынша Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.Нұрсұлтан 
Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ 
мемлекетінің ең алғашқы басшысы,дүние жүзіне әйгілі 
саясаткерлердің бірі.Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы 
жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына 
тоғыстырған алымды да алғыр басшы бола білді.Ел өмірінің алуан
салалы тіпшілік-тынысын терең білу,маңдай тіреген 
проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу,ел ішіндік және 
әлемдік ахуалдармен санаса отырып,сол жолда таңдаған бағытын 
табандылықпен жүзеге асыру-Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет 
басшысы ретіндегі басты қасиеті болды. 
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер туралы 
айтатын болсам,1995 ж қабылданған Ата заңында өзінің басты 
көрінісін тапты.Еліміздің егемендік алған уақыттың ішінде ек 
Конституция қабылданған болатын.Біріншісі-1993 жылдың 
қаңтарында болды,бұл бірінші Ата заң болғанымен оның 


жетіспеушілігі мен кемшілігі болды.Оған басты себеп,менің 
ойымша бұрын еркіндік қолына тимеген,оның дәмін татпаған елде 
Ата заңды,тереңірек зерттеп жан-жақты ізденіп,байыппен қарап 
қабылдау керек еді.Алайда бұл жағдайды ойламай Констутициялық 
жүйені қалыптастыруда,ондаған,жүздеген,мыңдаған жылдар бойы 
тәжірибе жинақтаған өркениетті елдердің өткен жолын,біздің еліміз 
зерттеп,сараламай жас мемлектімізге қысқа мерзімде өтуге тура 
келген болатын.Сондықтан бірінші Конституциямызда 
асығыстыққа жол берілген болатын.Алайда жаңа Конституциямыз 
біріншісімен салыстырғанда,көптеген өзгерістер болып,ғылыми 
қағидалар енгізілген болатын.Жаңа Ата заң құқықтық мемлекет 
құруда бағдаршам іспеттес болды,яғни өзімізге үлгі етіп отырған 
өркениетті елдер қатарына бір табан жақындағанымыздың белгісі 
деп есептеймін.Конституцияның кіріспесінде: «Қазақ 
Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және 
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады:оның ең қымбат 
қазынасы –адам мен адамның өмірі,құқықтары мен 
бостандықтары» делінген. 
Ендігі кезекте еліміздің тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігінің бір 
көрінісі ретінде саналатын мемлекеттік рәмізіміз,әнұранымыз 
туралы айта кетейін.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөздерінде: «Мемлекеттік 
рәміздер — барлық уақытта және барлық халықтарда мемлекеттілік 
пен тәуелсіздіктің ауқымды және шоғырланған бейнесі. Бізде 
керемет, идеялық бай Елтаңба, Ту және Гимн бар» деп айтқан 
еді.Елтаңбамызды, Туымызды жасауға, Әнұран музыкасы мен 
мәтінін жазуға еліміздің ең құрметті адамдары қатысты. 
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін шетелдік мамандар жоғары 
бағалағаны кездейсоқ емес. 
Мемлекеттік рәміздер саяси мәдениет пен халықтың мәні туралы 
ақпаратты қамтиды, қоғамның және өз Отанының патриот 
азаматының саяси санасының қалыптасуына әсер етеді. Осы тұста 
тағы да елбасымыздың сөздерін айтып кеткім келіп тұр: «Еліміздің 
қазіргі заманғы мемлекеттік және саяси рәміздері қазақ халқы мен 
республиканы мекендеген ұлт өкілдері үшін таптық, тоталитарлық 


қоғамның ескі, тозған атрибуттарын алмастыруды ғана 
білдірмейді.1992 ж маусымның 4 жұлдызы біз үшін,яғни қазақ 
халқы үшін ерекше есте қаларлықтай оқиға болды.Бұл күні біздің 
еліміздің мемлекеттік-Туы,Елтаңбасы,Әнұраны дүниеге келген күн 
еді. 
Егеменді Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары белгілі 
сәулетшілер Жандербек Мәлібеков пен Шотан-Аман 
Уәлиханов.Елтаңбадағы шеңбер ішіндегі нышан белгі-елтаңба 
идеясының басты жүгіп арқалап тұрған,әрине шаңырақ.Қазақта 
өздеріңіз білетіндей «шаңырақ» қасиетті ұғым.Елтаңбадағы 
аймүйізді,алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап,қияға көтерген 
қазақтың қара шаңырағының бейнесі.
Елтаңбада бар 40-тан астам 
символдың өз атауы мен өзіндік мағынасы бар. Оның басты 
құраушы бөлшегінің бірі саналатын Шаңырақ — киіз үйдің 
жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі. Көшпенділер киіз үйдің ішінде 
жатып, түндікті түріп қойып, Шаңырақ арқылы аспандағы 
жұлдыздарды тамашалаған. Шаңырақ — кең түсінікте ғалам секілді 
әлем символы. Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасындағы 
шаңырақ бейнесі — елді мекендейтін барлық халықтардың ортақ 
қонысының, біртұтас Отанының символы. 
Еліміздің Туу туралы айтатын болсам,нұр шұғылалы алтын күн 
бейнесі,қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал 
бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын көрінісі болып 
табылады.Сондай-ақ Геральдика заңы бойынша,күн бейнесі байлық 
пен берекенің нышаны болып саналады екен.Туымыздағы бүркіт 
бейнесі тәуелсіздік алып,қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік 
өркениет биігіне талмай ұмтылып,талассыз жетуін тілеген игі 
ниеттеп туғаны анық. 
Тәуелсіз мемлекетіміздің Әнұраны-қазақ халқының асыл қазынасы 
болып саналады.Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қылып түйген 
музыкалық сәлем хат іспеттес.Қазақстанның Әнұраны әуенінің 
авторлары ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев,Евгений 
Брусиловский,Латиф Хамиди.Кейінгі Әнұранның әні Шәмші 
Қалдаяқовтікі,ал сөзін жазған Жұмекен Нәжімединов пен еліміздің 
Президенті Н.Ә.Назарбаев.Бұл әннен қазақтың дархан мінезі мен ер 


көңілі сезіліп,айдын көл,асқар тауға жан берген шалқар самалының 
лебі еседі.Әнұран жеке адам тіршілігінен гөрі,бүкіл бір қауымның 
өмір салтына,мемлекеттік іс-қимылына көбірек қатысты.Ертеде 
халық ән арқылы ұран шақырып,жиналған ру-ұлыстар мен 
тайпалар бірлесіп елдің намысын қорғаған екен.Біздің жаңа 
Констуциямыз,еліміздің рәміздері Қазақстан халқының бірнеше 
ондаған ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол 
жеткізгенін паш етеді. 
Қорытынды:Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық 
өркендеу негізін 90-жылдары алған болатын.Біздің ата 
қонысымыздың мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты 
басынан кешірді.Қаншама көне қалалар,мәдени орталықтар қираған 
болатын.Қазіргі кезде олардың қалдықтары ғана жатыр.Кітаптар 
өртелініп ұрпақтан-ұрпаққа жетуі керек даналықтардың қаншамасы 
жойылып кетті.Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен,отанын қорғау 
барысында қаншама жазықсыз жандар құрбан болып өлшеусіз қан 
төгілген болатын.Аштықтан қырылғандар қаншама.Алайда жер 
ананың аяулы алақанында аман қалған қазақ елі берілмей,әрбір 
отбасынан елеулі ел тарап,халық қашанда еңсесін көтеріп ел болып 
дамып,тек алға жылжи берді.Халқымыздың ата қоныс,қара орманға 
деген ұрпақтық сүйіспеншілік түп тамыры да дәл осында 
жатыр.Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ 
найзаның күшімен қорғап,ұрпақтан ұрпаққа мұра еткен.Біз 
тәуелсіздікке аңсап,зарығып жүріп жеттік,енді сол тәуелсіздіктің 
қасиетті рәміздерінде ерекше қадірлеп,қастерлеуіміз керек.Әрбір 
азамат Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын тұмардай қасиет 
тұту қажет.Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды.Өйткені 
онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы,мәдениеті мен дәстүрі 
айқын көрінеді.Жастардық отансүйгіштік сезімін 
оятады,патриотизмге үндейді және батылдыққа тәрбиелейді.Қазіргі 
кезде тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз,осылай 
тыныштықта өмір сүріп жүргеніміз қан майданда соғысқан ата-
бабаларымыздың және де көк байрағымыздың желбіреп тұруы да 
осы кісілердің арқасында.Біз тәуелсіз елдің бақытты 
ұрпақтарымыз.Бізде өз еліміздің жарқын болашағына 
атсалысуымыз керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет