Факультеті: стоматология



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі166,59 Kb.
#185990
1   2
Байланысты:
Бөж философия
Апталықтың жабылуы, Document (1)
Сана-сезім.
Адам өзін ойлай алатын, сезе білетін, өзіне-өзі баға бере алатын дәрежеге жеткенде сана-сезім немесе өзіндік сана пайда болады.
Адам өзін істеген істері арқылы да біле алады, өйткені еңбек ету дегеніміз- адамның затқа айналдырған санасы. Сана-сезім танымдық және әлеуметтік-рухани құбылыс. Сонымен, адам алдымен өзін сезінеді, одан соң өзінің өмірдегі орнын, атқарған қызметі арқылы қабілетін біледі.
Сана-сезім өзін-өзі реттеу, жөнге салу ретінде және өзін түсіну ретінде қаралады. Өзін түсіну арқылы адам мінез-құлқын, жүріс-тұрысын жөнге салып тәрбиелейді. Сана-сезімнің тағы бір түрі - бұл ұлттық сана-сезім. Ол - әр ұлттың «өзін-өзі түсінуі, тіліне, әдет-ғұрпына, өткені меп болашағына талдау жасап, ойлануы (Абайдың өлеңдері, қара сөздері. Оның халықтың сана-сезімін оятудағы маңызы).
Сана адам миын қызметі арқылы пайда болды. Ол әрине, бірден пайда болған жоқ. Бірнеше дәуірлерден өтті. Сананың пайда болуы негізінен екі факторға тікелей байланысты. Оның бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Қатынас және пікір алысу кұралы ретінде тілдің ролі өте маңызды. Еңбек лроцесінде адамдар заттың маңызын, оның касиеттерін ашып, оны бір-біріне тілдің көмегі арқылы жеткізеді. Тіл - коммуникативтік құрал ретінде бірте-бірте қалыптасты. Алғашқы адамдар бірімен бірі түрлі дыбыстар, қимылдар арқылы ұгысқан. Оз ойын ымдап түсіндіру әлі күнге дейін кездеседі. Осындай түрлі әрекеттер мен дыбыстардан тіл қалыптаса бастады. Тілдін, арқасында сана қоғамдық құбылысқа айналады.
Қоғамдық сана - саналы тіршілік иелері - адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі. Көпшіліктің қолдауына ие болып, рухани құралына айналған сана - коғамдық сана деп аталады. Адамзат өмірде, еңбек ету ироцесінде сыртқы дүниені белгілі бір дәрежеде танып біледі. Соған сәйкес ой тұжырымын жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, басқа адамдардың ойын, мақсаты мен парызын бейнелейді. Сондықтан, әлгі аталған дүниелер көптің көңілінен шығып, қолдау табады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан пайда болады. Қоғамдық саналы коғамдық болмыстың бейнесі дейтініміз сондықтан. Қоғамдық болмыс алғашқы болып табылады. Себебі, ол коғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар ол бейнеленген объектіні дамытып, өзгертеді. Шыгу тегі жағынан қоғамдық сана екінші болғанымен, қоғамдық болмысқа дәрменді әсер етеді.
Қоғамдық сана бір жағынан болмысты бейнелесе, екіншіден рухани кұбылыстарды жасаушы. Оның адам санасына әсер етуі де екі түрлі. Ол жеке адамдар санасы арқылы және қоғамдық естелік (баспасөз өнімдері арқылы) арқылы өмір сүреді. Қоғамдық сананың құрылымын гносео-логиялық, социологиялық және нақты-тарихи тұрғыдан алып қарастыруга болады. Гносеологиялық тұрғыдағы сана қарапайым (білім, әсерленушілік, ерік, ес) және теориялық болып бөлінеді.
Қорытынды

Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе


алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті,
табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ғабитов Т. Философия. Оқулық. Алматы, «Заң әдебиеті», 2018.


2. Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 2- том, Орта ғасыр философиясы: оқулық. Алматы, 2018.- 400 б
3. Темірғалиева Қ.А., Бәкірова А.Т. Философия: оқу құралы. Алматы,2016.
4. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихы:оқулық. Алматы, 2015.
5. Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Оқулық. Алматы, 2017
6. Шадинова Г.А., Көлеген Г.Б. Философия негіздері. Оқу-әдістемелік құрал.– Түркістан: Тұран. 2018.
7. Қоңырбаева К. Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы. Алматы, 2013
8. Сағиқызы А. Гуманистік дүниетаным: Әлеуметтік- мәдени негіздер. Монография. Алматы. 2013
9. Дайрабаева Г.Б., Шадинова Г.А. Ақпарат философиясы. Жоғары оқу орындарының магистранттарына арналған лекциялық жинақ. Түркістан, 2018
10. Философияның таңдаулы 25 кітабы Аударм.: Құранбек Ә., Рыскиева А.А. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет