Фьючерстік нарықта таңқаларлық феномен байқалады


Уақыт ішіндегі қолма қол және фьючерстік бағалар



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі70,61 Kb.
#86923
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 лекция биржа иси 05,10,20
RPD PO Vvodno-fon kurs nojabr' 2019, Семинар бастауыш Кафедра, ҰЙЫМДАР ТІЛІ №7 дәріс
6.2. Уақыт ішіндегі қолма қол және фьючерстік бағалар
Фьючерстік келісім-шарттың бағасы биржада жарияланымдық, жұрт алдында және ашық сауда арқылы анықталады.
Фьючерс саудагерлері негізінен базалық нарыққа бағытталған.
Алайда қазіргі уақытта, фьючерс нарығындағы операциялар көлемі нақты тауарлар нарығындағы операциялар көлемімен тек салысытырылатындай ғана емес, одан асып түсетіндіктен нақты тауар саудагерлері фьючерске қарай бейімделе бастады.
Нақты және фьючерстік нарықтар – барлығы бір-бірімен өзара байланысқан бірыңғай жүйе. Егер «спот» нарығының көлемі фьючерс нарығының көлемінен көп болса, онда базалық нарықтың туынды нарыққа әсері қаттырақ. Ал егер «спот» нарығының көлемі фьючерс нарығының көлемінен аз болса, онда барлығы керісінше болады.
Базистің тағы бір маңызды қасиетін айта кеткен жөн – белгілі уақыттық кезеңдердегі олардың іс әрекетінің қайталанымдылығы. Оны нақты ауылшаруашылық тауарда көрсетейік. Ауылшаруашылық тауарларына келесі тенденциялар тән: өнімді жинау уақытында базис негізінен әлсіз болады, себебі тауар нарықта көп, ал жыл бойы базис біртен бірте күшейеді.
Сұраныс пен ұсыныстың сәйкес болу жағдайында нақты тауардың оған қоса келешекте жеткізуі бар тауар бағасы шынайы қолма қол бағаға оған қоса тауардың осы уақыттан жеткізу уақыты келгенге дейінгі тасымалдау мен сақтау шығындарын қосқандағы бағаға шамамен тең болады. Бұл шығындар тауарды жеткізу шығындары деп аталады, және қолма қол бағаға фьючерстік бағаның үстемелеуін анықтайды және базистің өзгеруіне айтарлықтай маңызды әсер береді.
Шығындарды есептеу үшін үш компонент есептелінеді: тауарды сақтау құны, тауарды сақтандыру құны, көрсетілген шығындарды қаржыландырумен байланысты пайыздық төлемдер (6.6 - кесте).

6.6 – кесте.



Тауарды жеткізу шығындары

Мысал

Тауарды сақтау құны;

1 бушель жүгеріні сақтау айына 5 цент тұрады, ал сақтандыру айына 1 бушельге 0,25 цент болады. Пайыздық төлемді есептеу үшін сақталынып отырған тауардың құнын сәйкес жылдық пайыздық қойылымына көбейтіледі. Осылайша, егер жүгерінің 1 бушелі 2,50 $ және пайыздық қойылымы жылдық 10 пайыз болса, онда 1 бушель жүгерінің сақтау пайызының сомасы жылына 25 цент болады немесе айына 2 центтен кішкене ғана көбірек болады.
Біздің мысалымызда келесі шығындар бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет