Ғылым феномені жəне де оның даму заңдылықтары осы уақытқа дейін қызықты мəселердің біріне жатады. Ғылымды теориялық жəне эмпириялық жақтарынан зерттеген



Дата13.01.2022
өлшемі16,49 Kb.
#111647
Байланысты:
Баяндама Утеева 10 апта


Ғылым феномені жəне де оның даму заңдылықтары осы уақытқа дейін қызықты мəселердің біріне жатады. Ғылымды теориялық жəне эмпириялық жақтарынан зерттеген. Əр ғылымда өзгеше ережелер мен қағидалар ұсынылғанмен бəріне ортақ заңдылықтар бар екендігі айқын. Тек ХХ ғ. аяғында ғылым дамуының философиялық тұжырымдамасы толық құрастырылды деп санауға болады; оған ықпал еткен Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Ст. Тулмин, П. Фейерабенд, М. Полани т.б. Өзекті болған соң ғылым философиясының сұрақтары осы уақытқа дейін əр түрлі мамандардың назарын өзіне тартады.

Дəстүр - ұрпақтан ұрпаққа жалғаса алатын əлеуметтік пен мəдени мұраның элементтері. Ғылымда дəстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол ғалымдар арасында бір дəлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың адекваттік түрі бойынша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дəстүр ғылымда шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте дилетантизм мен білімсіздікке жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым» өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун. Бірақ, дəстүр əрқашанда жаңалыққа да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, əдет пен икем қайта өндірілу керек.



Ғылыми революция - ғылыми білімнің динамикасында ғылымның негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөл атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің дамуында бірнеше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркəсіптік, электротехникалық, электрондық, бағдарлама жəне «жасыл» революциясы. Сөйтіп, көлем мен өзгертудің тереңдігіне қарай революцияларды жаһандық, локалды жəне мини-революциялар деп бөледі. Фундаменталды (жаһандық) революциялар ғылымның негіздерін (идеалдар, ғылым нормаларын) жəне дүниенің ғылыми бейнесін (онтология өзгереді) күрделі түрде өзгертеді. Локалды революциялар ғылымның негізін өзгерпей тек зерттеу нақтылықтың бейнесін өзгертеді. Солай, ғылым дамуында түбегейлі өзгерістер сонша көп емес

Ғылым философиясында жаһандық революциялардың үш рационалдылық типтермен байланысты үш типі бар: классикалық, классикалық емес, постнеоклассикалық; В.С. Степиннің пікірінше, тағы 4 типі - екіншісімен байланысты, пəндік ғылымның шығуымен (ХVІІІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. басы) байланысты. Ғылымда революция қалай қалыптасады? Кейбір пікірлер бойынша, ғылыми революциямен жаңалықтар ғылымда кездейсоқ болады, яғни, қосымша зат ретінде, нақты мақсатты шешкенде; ал басқа пікір бойынша, ол дəстүрлі жолмен қалыптасқан қатал қызметтің табиғи жалғасы деген. Ал, осыған ықпал ететін факторларға келсек, олар ішкі жəне сыртқы деп бөлінеді. Осының интерналистік пен экстерналистік нұсқаулары бар. Мысалы, Б.Г. Юдин сыртқы факторлар үстемді десе, Б.С. Грязнов ішкі факторларды таңдайды. Ал Микулинский сыртқы мен ішкі факторлардың ғылым дамуында бірлік ықпалы туралы айтады. Сол себепте, ғылыми революциялар ішкі пəндік пен пəнаралық байланыста мүмкін

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет