Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет9/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

ЛОГИКА ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ГРАММАТИКА
Логика жоғарыда жалпы заңдарға байланысты айтылған заңдарды береді. Логика сөздер үшін заңдар жасап беретіндігі жағынан грамматикамен ұқсас болып келеді, дегенмен одан ерекшелігі де бар, себебі грамматика тек қайсыбір халықтың ғана тіліндегі сөздерге заңдар жасаса, логика барлық халықтардың сөздеріне жарайтын ережелер береді (35-бет). Сөздерде барлық халыққа тән ортақ белгілер болады: мысалы, сөздердің жеке және құралмалы түрлері сияқты, [солардың ішінде] жеке сөздер - есім, етістік, шылаулар, ал құралмалы сөздер - өлең болып құралған сөздер және еркін сөздер, тағы сол сияқтылар.
Бұл қағидалар бір тілге тән болғанмен, екіншісіне сәйкес келмейді: мысалы, бастауыш атау септікке, ал тура объект табыс септікке қойылады; анықталушы әлиф ләм - белгілі хал артиклін қабылдамайды. Осы және басқа да көптеген [ережелер] әсіресе, араб тіліне тән. Сол сияқты әрбір халықтың тілінде өзіне тән ерекше белгілер болады. Грамматикада барлық халықтардың сөздеріне ортақ келетін жайттар бола бермейді. Осы себептен грамматиканы зерттеушілер сол тілде барды алады да, соның грамматикасын жасайды: мысалы, арабтардан шыққан грамматика зерттеушілері "араб тілінде сөздер есімге, етістікке және шылауға бөлінеді" десе, грек грамматика зерттеушілері де "грек тілінде сөздер есімге, етістікке және шылауға бөлінеді" дейді. Бұл [яғни осылайша бөліну] тек араб немесе грек тілдерінде ғана емес, барлық тілдерде бар. Араб грамматика зерттеушілері бұларды араб тілінен, ал грек грамматика зерттеушілері грек тілінен алған.
Әрбір тілдің грамматикасы сол халықтың [тіліне] тән сипаттарды және сол тіл мен басқа тіл үшін қандай ортақ тұстары бар екенін қарастырады, бірақ осы тілдерге ортақ болғандықтан емес, қайта өздерінің тіліне ерекше тән болғандықтан қарастырады.
(36-бет) Міне, бұл сөздер жөнінде грамматистердің көзқарасы мен логиктердің көзқарасы арасында айырмашылық: грамматика қайсыбір халықтың сөздеріне тән заңдарды береді және осы халық пен басқа халық [тілдеріне] ортақ нәрсені алады және алғанда ол белгілер осы [тілдерге] ортақ болғандықтан емес, олардың сол грамматикасы жасалып отырған тілде бар болғандықтан алады.
Логика сөздер заңдылықтарын бергенде, барлық халықтар үшін ортақ болып келетін заңдарды ұсынады, логика бұларды ортақ болғандықтан алады және ол қандай да болсын бір ғана халықтың сөздеріне тән заңдарды қарастырмайды, дегенмен ол осы тіл бойынша мұқтаж етілген нәрсенің бәрін ғалымдардан алуды ұсынады.
Оның (логика) атауына келетін болсақ, оның [логика ілімінің] барлық мақсатын көрсетіп тұрғаны анық: және бұл оның "айтылған сөз" сөзінен шығып тұрғандығымен байланысты /27/. Қадым замандағылар арасында бұл сөз үш мағынада айтылатын:
біріншісі - дауыс арқылы сыртқа шығарылған сөз, яғни жасырын ойдың тілдегі тіркесі арқылы беріледі.
екіншісі - көңілде тұрақтанған сөз, яғни сөздер көрсетіп отырған ақылмен танылатындар.
үшіншісі - адамға жаратылысынан біткен рухани күш, ол адамды басқа тірі жәндіктерден аса ерекшелендіріп тұрады және адамға ақылмен танылатындарды, ғылымдар мен өнерлерді меңгертеді; соның арқасында ол пайымдайды және іс-әрекеттердің жақсысын жаманынан ажырата біледі. (37-бет) Бұл әрбір адамда бар, әуелі балаларда да бар, бірақ ол жемісті емес, ол өз ісін істеп болған соң, жоғарғы шекке жете алмайды: ол [мысалы] кішкене баланың жүріп бара жатқандағы аяғының күші сияқты; немесе бөренені жандыра алмайтын әлсіз от сияқты, немесе жын ұрған және мас адамдардың көзінің қитарлануы (косоглазие), немесе ұйықтап жатқан адамның жабық жатқан көздері сияқты немесе талықсып кеткеннің - бумен көз шырайын кіреуке басқанның көзі сияқты және т.б. сияқты.
Бұл ғылым сыртқы "сөз" заңдары мен ішкі "сөз" заңдарын беретін болғандықтан, және екеуіне осылайша заңдарды беруінің арқасында ол адамға іштен туа біткен үшінші "сөзді" түзейді және оны осы екеуінде өз ісін тек неғұрлым дұрыс, аса жетілген және өте жақсы орындап шығуға бағыттайды - нақ сондықтан [бұл ғылым] үш мағынасында қолданылатын "сөз" - "нутқ" сөзінен жасалған атпен аталып отыр. Сондай-ақ ғалымдардың тек қана сыртқы "сөзге" байланысты заңдарды беретін грамматика бойынша жазған көптеген кітаптары да логика ["мантық"] деп аталады. "Сөздің" барлық мағынасында да дұрыс болуға бағытталуы бәрінен де осы атты иемденуге лайықты екенін көрсететіні анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет