Ғылыми жоба жұмысының жоспары



бет7/21
Дата25.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#114024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Ғылыми жобаа (1)
Ғылыми жобаа (1), 05.03.МиИ-19-1 Жуманиязов Дастан, d181d0b0d0b3d18bd0bdd0bed0b2d0b0-d0b6, Ерғали Аяна БЖДк-20-1 СӨЖ №3
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жылу мөлшері.

Жылу берілу кезінде энергия бір денеден екінші денеге жылу өткізгіштік, конвекция және сәуле шығару арқылы беріледі.

Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы жылу мөлшері деп аталады.

«Жылу мөлшері» деген атау ішкі энергия тек жылу берілу арқылы өзгергенде ғана қолданылады. Бұл атау жұмыс процесінде дене алатын және беретін ішкі энергияның өзгеруіне қолданылмайды.

Жылу мөлшерін есептеп шығаруды үйрену үшін, оны қандай шамаларға тәуелді болатынын анықтап алайық.

Егер шәйнектегі суды тек жылытып қана қойғымыз келсе, онда оған шамалы жылу мөлшерін беріл, аздап қана қыздырамыз. Ал егер ондағы суды ысытпақшы болсақ, онда жылу мөлшерін көбірек береміз. Демек, қыздыру кезінде судың температурасы неғұрлым көбірек өзгерсін десек, оған соғұрлым көбірек жылу мөлшерін беруіміз керек. Әрине, су суығанда айналасындағы денелерге неғұрлым көбірек жылу мөлшерін берсе, салқындағанда оның температурасы соғұрлым көбірек өзгереді.

Бірақ тек температураның өзгерісін ғана білу, дененің қызғанда алған немесе суығанда берген жылуының мөлшерін аныңтауға жеткілікті болмайды, Расында да, қол тигізбейтін болып қатты қызған үтік суық бөлмені жылыта алмайды, ал жылы пеш немесе температурасы 60°С шамасындағы сумен жылыту радиаторы беретін жылу мөлшері ауаның температурасын әжептәуір арттырады. Бәріміз де су ысытып көргеміз, су жартылай қүйылған шайнекке қарағанда толтыра құйылған шайнектегі суды ысыту үшін көбірек жылу мөлшері керек болатынын жақсы білеміз.

Демек, қыздырғанда денеге берілген жылудың мөлшері осы дененің массасына тәуелді: судың массасы неғрлым көп болса, оның температурасын белгілі бір градусқа езгерту үшін соғұрлым көп жылу мөлшерін жүмсау керек. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ол суығанда айналасындағы денелерге жылу мөлшерін соғүрлым көп береді. Мысалы, жылыту радиаторының секциялары неғұрлым көп болса, бөлмені ол соғұрлым жақсы жылытады. Бірдей екі жанарғымен біреуіне 400 г су, екіншісіне 400 г өсімдік майы қүйылған ыдыстарды қыздырайық, Сонымен, қыздырылатын денелердің массалары бірдей. Бұлардың қыздырылу жағдайлары да бірдей, өйткені ыдыстар жылуды бірдей жанарғылардан алады. Бұлардағы айырмашылық – тек екінші ыдысқа 400 г судың орнына 400 г май құйылған.

Термометрлер екінші ыдыстағы майдың тезірек қызатынын көрсетеді. Судың температурасы майдың температурасымен теңесу үшін суға қосымша жылу мөлшерін беру керек. Расында да, массалары бірдей су мен майдың температуралары бірдей өзгеру үшін әр түрлі мөлшерде жылу керек болатындығы айқын: суға — кебірек, майға азырақ жылу жұмсалады. Демек, денені қыздырғанда берілген жылудың мөлшері осы дененің қандай заттан құралғанына да тәуелді болады. Сонымен, денені қыздыру үшін жүмсалатын немесе ол суығанда бөлініп шығатын жылудың мөлшері оны қүрайтын заттың тегіне, осы дененің массасына және оның температурасының өзгеру шамасына тәуелді болады.

Жоғарыда айтылғандай, жылу мөлшері деп жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясын айтады. Демек, жылу мөлшерін энергияның басқа да кез келген түрі сияқты, джоульмен өлшейді, килоджоуль деген өлшем бірлігі де қолданылады. [1]





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет