15.Ежелгі Грекия-ғылымның отаны Ежелгі Грекия немес Эллада — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды.
Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.
Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.