Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Əлеуметтік өмірдің глобализациясы - қазіргі өркениеттің даму заңдылығы



бет119/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³, 1-stephenie-meyer-twilight, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2, 510 млн км рлы ты ауданы – 149,1 млн км (29%)
37.Əлеуметтік өмірдің глобализациясы - қазіргі өркениеттің даму заңдылығы.

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт РостоуДэниел БеллАлвин ТофлерПитер ДракерДжон НейсбиттЛестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1. “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердіңдіндердіңмәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі.

2.экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. 

3. аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. 

4. ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады

5. этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет