«Филология» мамандыєына арналєан



бет2/3
Дата12.10.2020
өлшемі172 Kb.
#66060
1   2   3
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет

Джумажанова Гульжанар Какимжановна, психология ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра «Педагогикалық психология»

Байланыс ақпарат – тел: 30-43-41, оқу ғимараты №2, кабинет №302

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №422

Пән бойынша кредит саны – 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

Психологияны оқыту әдістемесі курсы «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылады. Берілген оқу курсы болашақ педагог-психологтарды оқытушы іс-әрекетіне даярлауда маңызды қызмет атқарады.

Қазіргі қоғамда психологиялық білімнің рөлі артуда, оның тәжірибелік бағыты күшеюде. Психология оқу пәні ретінде әртүрлі оқу мекемелерінде оқытылады және түрлі білім беру бағдарламалары құрамына енгізілген. Мектептегі психологиялық білім берудің сапасы артуда. Орта кәсіби білім беру мекемелерінде психологияны оқыту пәні ретінде оқытудың мүмкіндігі кеңейе түсуде. Меңгерілген курстың көлемі мен тереңдігіндегі мәнді айырмашылықтарына қарамастан, түрлі мамандарды даярлау үшін барлық психология пәнінің оқытушыларына бұл пәнді оқытудың әдістемесін меңгеру міндетті болып табылады.

Психологияны оқыту әдістемесі, психологиялық білім мен іскерлік, тәжірибелік дағдыларды қалыптастырудың оқыту әдістемесі және пәні ретінде қарастырылады. Студенттердің психологияны оқыту әдістемесін меңгеруі білім беру іс-әрекетіндегі тәжірибелік міндеттерді шешуде маңызды болып табылады (психологиялық-педагогикалық диагностикада, кеңес беру жұмысында, оқу іс-әректінің тиімділігінің психологиялық шарттарын анықтауда, психологиялық міндетті қалыптастыруда және оқушының жеке даратұрғалық дамуында, мұғалімдермен,ата-аналармен жұмыс жасауда және т.б).

Психологияны оқыту әдістемесін оқу процесінде алынған білім, білік және дағдылар педагог-психологтың болашақта психология пәнінің оқытушысы ретінде өз міндеттерін атқаруына септігін тигізеді. Берілген курсты меңгеру психологиялық білімнің түрлі салаларының қосымша теориялық мәліметтерін игеруге және тәжірибелік -психологиялық білікті игеруге жол ашады.

Алынған білімдер қазіргі білім беру процесіндегі психологияның рөлі мен орны, орта білім берудегі жарғылардың психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім беру және оқыту технологиясының қазіргі заманғы жобасы, оқушыларды кәсіби бағдарлауының психологиялық ерекшеліктері және т. б. секілді сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

- психологияны оқу пәні ретінде оқыту ерекшеліктері және алынған білімді психологияны оқыту тәжірибесінде қолдана алу біліктілігін жүзеге асыра білу туралы ғылыми-әдістемелік білімдерді қалыптастыру.

1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

- орта білім беру мекемелеріндегі психологияны оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;

- психологияның оқу пәні ретіндегі құрылымның принциптері туралы және оның мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерді қалыптастыру

- психологияны оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі стратегиясынан осы пәннің мазмұндық ерекшеліктерін және оның оқытудың мақсаттарымен байланыста инновациялық стратегияға көшудің міндетті екенін түсіндіру;

- психология курсы сабақтарында біртұтас оқу-тәрбие жағдайын ұйымдастыруға нақты талаптарды жүйелеу;

- педагогикалық үрдісті басқару дағдысы мен біліктіліктерді қалыптастыру;

- кәсіптік өзіндік білім алу және өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін меңгеру;

- таңдалған мамандық шеңберінде білім алушының қабілеттері мен тұлғалық сапаларын дамыту.

1.5 Оқытудың нәтижелері:

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы міндетті:

Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

- орта оқу мекемелерігдегі психологияны оқытудың теориялық және әдістемелік негізін;

- психологияны оқытудың мақсатын, принциптерін және мазмұнын;

- психологиялық білімді игерудің ерекшеліктерін;

- психологияны оқу пәні ретінде құрастырудың ғылыми негіздерін білуі керек.

Игеру керек:

- психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттерін;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесін.

Ұғып алу керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесі;

- психология бойынша бақылауды ұйымдастыру принциптері;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптарды.

Қолдана білу керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптар.

Түсінуі керек:

- негізгі ұғымдарды: білім, іскерлік, дағды, оқу, білім беру, тәрбие, моделдеу, оқу үрдісі, оқыту әдістері, сабақ түрлері, қарым-қатынас қағидалары, оқу іс-әрекеті, оқыту субъектісі, проблемалық оқыту, интерактивті оқыту, педагогикалық үрдіс;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

- психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік,психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- психология бойынша әртүрлі өздік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуге талаптар;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптарды.

Істей алуы керек:

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттері;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесі;

- психология бойынша әртүрлі өздік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

Иемдену керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- білім беру саласында оқыту және оқу концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттері;

- психология бойынша бақылауды ұйымдастыру принциптерін.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Психология мамандығына кіріспе

1.6.2 Жалпы психология

1.6.3 Даму психологиясы

1.6.4 Педагогикалық психология

1.6.5 Педагогика

1.6.6 Дидактика

1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 Педагогикалық практика



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет