Философия пәні және атқаратын қызметтері



бет3/5
Дата02.03.2022
өлшемі23,95 Kb.
#134004
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.1. лекция
лекция 9 каз, лекция 9 каз, Презентация Тарих, сор 9 хим, СОР 10 Сынып 2 нұсқа, Педагогика СЛАЙД5, «География» п нінен 2-то сан а арнал ан жиынты ба алау тапсырма, biologiya-pnnen-8-synypa-arnalan--tosan-zhiynty-baalau-tapsyrmalary, АКТ 1 , Ex 1, КЛАВИКУЛа БҰҒАНА, 1-2 Практика, ОБӨЖ, формулы, 7 курс ЭНМП
Философияның функциялары
1) көзқарастық - философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгейі болып табылады. Көзқарас - адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, ақыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірак философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.
2) рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теория­лық
деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге қелтіреді.
3) сыни - философиялық ұғымдар мен категорияларды, зандарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет