Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі



Дата06.02.2022
өлшемі23,99 Kb.
#80896
Байланысты:
философия
ииии, Документ (14), experiment, 2 5334743655334809185, Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі

Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.
Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі.
Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.
Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.
Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.
Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты.
Философияның сыни-талап қызметі – қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды.
Философияның аксиологиялық қызметі (гр. axios – құндылық) – бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі құндылықтар – әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. тұрғысынан бағалау.
Философияның аксиологиялық қызметі, әсіресе тарихтағы ұлы өзгеріс кезінде, орта ғасыр басындағы Рим империясының қирауынан кейін құндылықты жаңа діннен іздеу, қайта өрлеудегі реформация, капитализм дамуының дағдарысы (ХІХ-ХХ ғғ.), социализмнің тұйыққа тірелуіне (ХХ-ХХІ ғғ.) байланысты ерекше күшейеді. Философияның әлеуметтік қызметі – қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдету жолдарын көрсетеді.
Философияның әлеуметтік қызметі – қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдету жолдарын көрсетеді..
Философияның гуманитарлық қызметі – гуманистік құндылықтар мен идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығайтады, адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.
Философияның болжаушылық қызметі – дүние мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның, табиғаттың және қоғам даму тенденциясының жетістіктерін анықтап, болжайды.
Философияның басты мақсаттарының бірі өмір мәселесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда философия адам үшін, бүкіл қоғам үшін өте маңызды болып табылады деп ойлаймын. Меніңше, қоғам әлі күнге дейін оның адам өміріндегі маңызын жете түсінбеген. Күнделікті өмірде адамға философиялық ой, философиялық сөзді тұжырамдап айтатын болсақ ештеңке естімегендей кейіп танытады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Қазіргі заманда адамдар күнделікті өмірдің қарбалас ісіне басымен кіргендігі соншалық, тіпті көшедегі кез-келген адамнан не үшін өмір сүріп жүрсің?, өмірлік мақсатын не? деген сұрақ қойсан, жауап таба алмай қалады. Ал философия болса адам жанының айнасы, оның сөздігі емес пе?! Тура жолға тұру үшін, өмірдің мәнін білу үшін ең алдымен өзіндік менді түсіну керек деп ойлаймын. Ал оны тікелей философия қарастырады.
Философияны ұғу – өмірді ұғу, оны түсіну. Бұл ғылым адам, қоғамға берері мол асыл сандық тәрізді. Кез-келген адам оның кілтін таба бермейді, ал тапқан адам нағыз бақытқа жол ашады. Меніңше, өз-өзіңді түсіну, өзгелерді түсіну, өмірдегі орныңды білу бұл нағыз бақыт. Демек, философияны оқу – бақытқа апаратын жол.
Қоғамда философтардың рөлі ерекше. Философ болу адамның мамандығына, оның ұлтына, жасына байланысты емес. Ежелгі грек философтарының бірі Пифагор “Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары көру үшін келеді”. Менің ойымша, өмірде де солай - біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған. Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.

Әр адам - жеке тұлға. Себебі оның ойлау, сезіну, сыртқы ортаны сезуі басқа адамдардыкіне ұқсамайды, өзінің дербестігімен ерекшеленеді. Менің ойымша, адамды тек жан-жануарлардан ғана емес, басқа жеке тұлғалардан ерекшелейтін, ол ойлау қабілеті. Әр адам дүниені әрқалай түсінеді, таниды.


Біреудің айтқан ойын қорыту, оны дәлелдеу немесе жоққа шығару бір бөлек, ал өз ойыңды, ойлап түйгеніңді адамдарға түсінікті тілмен жеткізу бұл айрықша талантты қажет етеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, философиялық ойлау – адамның сыни ойлауы, кез-келген, бір көзбен қарағанда қарапайым заттың түпкі мағынасын, болмысын ашу, оны тану деп ойлаймын.
Бүгінгі күні Қазақстанда үш тұғырлы тіл саясаты – қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне үйрету кең етек жайылуда. Мұның басты себебі, Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болуында. Осы ұлттар арасында сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен ізеттілікті сақтау үшін мәдениетаралық байланыс болуы керек.
Ағылшын тілі қазіргі заманда бүкіл әлемде өзінің тамырын тереңге жайған тіл болып саналады. Осы ретте біз, ағылшынды оқу арқылы әлеммен тіл табыса аламыз, тәжірибе алмаса аламыз.
Қазіргі қазақ жастарының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру болып табылады. Ал баста тілді оқып үйренудің тиімді жолы – сол халық мәдениетінің деректерімен, мысалдарымен танысу. Сондықтан да шет тілдерін меңгеріп, талпынғанымыз жөн. Алайда қазіргі жастар электронды техникаларға тәуелді болғаны соншалық білімді болуға талпынбайды. Әрине барлығы демеймін, бірақ көпшілігінің бойында жалқаулық бар. Міне соның әсерінен білімге деген қызығушылықтары жоқ. Егер де біз осылай бір орында отыра берсек, қозғалмасақ болашағымыз не болмақ? Қазақстанның дамуына кім үлес қосады? Сондықтан да бойымыздағы бар жалқаулықты тастап, тіл үйренгеніміз дұрыс. Қазіргі кезде білімді жастарды, шет тілін меңгерген жастарды қай жерде де болмасын қолдап, адыңғы орындарға шығып жатыр.Қолымыздағы бар мүмкіндікті пайдаланып, ізденсек көптеген жетістіктерге жететініміз анық.
Абай адамзатты ерте кезден бері мазалап келген сұрақтарға жауап іздеді.
Абайдың ойынша өмірдің мәні болмыс түсінігімен тығыз байланысты. Осылай тек Абай ғана ойлаған жоқ. Ал Абай болса, өзінің жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеклік...», - дейді ойшыл-ақын. Ұлы ақынның бұл сөздерінен адам болмысының екі түрлілігін, әр адам өмірді бірдей түсінбейтігін аңғаруға болады деп ойлаймын. Яғни бір адамдар ізденбей, талпынбай құр отыра береді . Ондай адамдардың арман мақсаттары да жоқ деп ойлаймын. Ал кейбір адамдар мен қалайда биік биік шыңдарға шығам, ата анамның үмітін ақтаймын деп ұнемі талмай, шаршамай ізденісте жүреді. Сондай ақ бұл жандар қандай қиындық келсе де сүрінбей, одан шығудың жолын іздеп, еңбектенеді. Жалқаудың жаны тәтті еңбектің наны тәтті демекші жалқаулық бізге ешқандай пайда әкелмейді. Керісінше Аланың берген ең үлкен нығметі бос уақытымызды құртамыз. Сондықтан да әрбір уақытымызды бағалайық, білімге жұмсайық. Өткен уақыт ендігәрі қайта айналып келмейді. Ал болшақ болса, бұлыңғыр. Тек қазіргі тыныс алып тұрған сәті ғана адам баласына берілген алтын мүмкіндік. Жастықтың қадірі көбіне кәрілікте аңғарылып жатады. Тәжірибесі мол, көпті көрген ақсақалдардың бірауыздан айтар шындығы: «Байқа жастық шағында алданып қалып жүрме. Өйткені ол жылдам өте шығады екен.»Олай болса, жастардың тәрбие мен білім алу кезеніңде үйретілуі қажет ең негізгі мәлімет пен қалыптастырылуы керек әдеттердің қатарында уақытқа қатысты мәселелер де үйретілуі тиіс.Бұл мәліметтер мен әдеттер өмірдің әрбір сәтін тиімді өткізуіне септігін тигізіп, адамның жетістікке жету жолында бірінші кезекте орын алады.
Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығында. Яғни жүрегін, жан дүниен таза болса басқаларың бойынаң да жақсылық көресің. Айналандағылар да жақсы көре бастайды. Егер де біреудің бойынаң мін іздеп, көреалмаушылық қасиетін болса ешім де сені жақсы көрмейді, Сондықтан жан дүниеміз таза, жақсы қасиеттеріміз көп болсын..Адам өз махаббатын басқаға сыйлай отырып, өзінің жанын біреуге қия отырып, өзі оны жоғалтпайды, керісінше, өз болмысының мәнін жауапкершіліктен, қуаныштан, құрбандықтан табады. Бұл – менің Абайдың махаббат философиясынан ойлап, түйгенім.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет