Философский и общественно гуманитарный журнал


Адам әлемі      73 Сағиқызы А., Пернеқұлова М. Виртуалды шындық кеңістігіндегі жеке тұлғаның



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата13.12.2021
өлшемі383,57 Kb.
#125191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
annotation128786

Адам әлемі

     73


Сағиқызы А., Пернеқұлова М. Виртуалды шындық кеңістігіндегі жеке тұлғаның... 

Ол біздің түр ретіндегі тәжірибеміздің сабақтастығын жасайды. Адамдық 

табиғат барлық мүмкін болатын саяси режимдерді қалыптастырады және 

оларды шектейді де, сондықтан, жеткілікті түрде құдіретті технология бізді 

өзгертуге қабілетті, либералды демократия мен саясаттың табиғаты үшін 

қауіпті салдарға ие болуы мүмкін» [2016, 18-19 бб.].

Саяси еркіндік пен либерализм құндылықтарының бұлбұлы – Ф. Фу-

куямамен басқа мәселелер бойынша келіспеуге болады, бірақ мына нақты 

жағдайда ол өте дұрыс айтады. 

Адамның  тағы  бір  мәнді  қасиеті  –  универсалдылық.  Қ.Ә.  Әбішев 

универсалдылыққа  мынадай  анықтама  береді:  «Универсалдық  адам 

болмысының  жеке  бір  заңдылығында  емес.  Ол  адамға,  керісінше,  ешбір 

жеке дербес заңдылық тән емес деген сөз. Адам жасаған дүние оның игере, 

түсіне алатын барлық әлем заңдылықтарына ашық. Ол бүкіл әлемді бойы-

на сіңіре алады, бүкіл әлеммен, соның мұқтажымен, тағдырымен, тынысы-

мен өмір сүре алады. Дамыған адамның жан-дүниесі бүкіл әлемге барабар. 

Осыны универсалдылық деуге болады» [2001, 34 б.]. Яғни, руханилықсыз 

универсалдылық – бұл тұлғаның ыдырауы болып есептеледі. Ол адамның 

басқа  мыңдаған  бет-жүзі  бар  трансформациясы,  адамдықтан  ада,  асқан 

адам. Ал негізінде, адам адамгершілік тұрғысынан жетілмесе, асқан адам 

бола алмайды. 

Яғни, адам өзгерсе рухани тұрғыдан да өзгеруі тиіс, ол денесі мен ру-

хын  үйлесімділікте  жетілдіру  керек,  сонда  ғана  адам  өзінің  мәніне  жете 

алады. Ал гуманизмнің мақсаты осындай адамды тәрбиелеу, адамдықтың 

мәнін ашу, оны практика жүзінде іске асыру.  

П.С. Гуревич қазіргі күні антропологиялық бұрылыс жүріп жатыр деп 

есептейді [Гуревич 1999]. ХХ ғасырдың аяғында адамдықтық ерекшелігін 

анықтауға деген қызығушылық пайда болды. «Рухани антропология» де-

ген  термин  де,  осыған  байланысты  кітаптар  да  пайда  болды  [Король-

ков  2013].  Қазіргі  философиядағы  және  мәдениеттегі  антропологиялық 

бетбұрыс  барлық  құндылықтар  жүйесін,  оның  ең  басты  бөлігі  –  руха-

ни құндылықтарды жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Адам өзінің рухани 

құндылықтары арқылы анықталатын біртұтастық болып саналады. Ең ба-

стысы, адам тек қана өзінің өзгеруі керектігін біліп қана қоймай, өзі өзгеруге 

талпыныс жасап, өзгеруі тиіс. Адам деструктивтілікте қалып қоймай, өзін 

өзгертуі керек. 

Ал адам өзінің тіршілік етуін, бар болуын, болмысын шығармашылық 

арқылы  дәлелдейді,  ол  адамның  табиғатында  бар,  оның  болмыстық 

ерекшелігі болып табылады. Яғни, адам өзін бұл әлемде шығармашылық 

арқылы  іске  асырады.  Шығармашылыққа  деген  қабілеттілік  біздің  са-

намыз  арқылы  мүмкін  болады.  Жеке  тұлғаның  дамуының  өлшемі,  оның 

біртұтастығы,  толыққандылығы  оның  мәндік  қасиеттерінің  ашылуымен, 

шығармашылық әлеуетінің жүзеге асуымен байланысты. Руханилық – адам 



74     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет