«Ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістері»



Дата05.10.2022
өлшемі16,72 Kb.
#151863
Байланысты:
Ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістері
Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық модельдеу, 8-сынып ҚМЖ қазақ тілі ТКО, Hghlghts 2020ECCGuidelines Russian, 01.02 5кл, Алмат Болат ЭЭ204 Ыстык сумен камтамасыз ету схемалары СРС3

«Ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістері»

1. «Ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістері» кәсіби стандарты


білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды
кәсіпорындарда оқыту, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерін
сертификаттау, персоналды басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді
шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
1) Біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға
дайын болуы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілік, еңбек іс-қимылдарының стандарттан тыс
болуы, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын
қызметкердің даярлық деңгейі мен құзыретіне қатысты талаптар жиынтығы;
3) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – салада қолданылатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
4) ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – мамандардың біліктілігіне еңбек
нарығы тұрғысынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және
институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
5) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
6) сала/негізгі топ – шығарылатын өнімнің ортақтығы, өндіріс
технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіби дағдыларында
ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
7) кәсіби топ – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы
жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және
оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын
болжайтын еңбек сала қызметінің жиынтығы;
8) кәсіби кіші топ – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларын және
оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің тұтас жиынтығынан
қалыптастырылған құрамдас бөлігі;
9) кәсіби стандарт (КС)– кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік,
құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт
10) кәсіп – арнайы даярлықтың нәтижесінде пайда болған және білімі
туралы тиісті құжаттармен расталатын арнайы теориялық білім мен практикалық
дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
11) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
12) БТБА – ҚР Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтікбіліктілік анықтамалығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет