Физика 9-сынып 1-тоқсан 2-нұсқа



Дата13.12.2021
өлшемі50,5 Kb.
#126017
Байланысты:
Физ. 9сын.(қаз) Ітоқ. 2-нұсқа
Геометрия -10-1 тоқсан

Физика 9-сынып 1-тоқсан

2-нұсқа

1. Векторлық шама болып есептеледі
А) орын ауыстыру

В) жол D) масса

С) уақыт Е) жиілік
2. Материалдық нүктенің қозғалысы х═t-3t² теңдеумен берілген. Нүктенің қозғалысының бастапқы жылдамдығы қандай?
А) 1м/с;

В) 3м/с; С) 2м/с;

D) -3м/с; Е) -1,5м/с.

3. Велосипедші еңіске қарай 0,3 м/с2 үдеумен қозғалып келеді.Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 м/с тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?



А) 10м/с;

В) 15м/с; С) 25м/с;

D)30м/с; Е) 20м/с.
4. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі-

А)Аспан сферасы

В)жұлдыздар

С)шоқжұлдыз

Д)күн жүйесі

Е) аспан денелері

5. Жер орбита бойымен күнді неше минутта айналып шығады?

А)525600 минут

В) 526500 минут

С) 562500 минут

Д) 210240 минут

Е) 240210 минут


6. Кеплер бірінші заңын көрсетіңіз

А) Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

В) Планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. 

С) Кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жарты осьтерінің қатынасына тең болады. 

Д) Барлық планеталар Күнді шеңбер бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

Е) Кез келген планетаның Күнді айналу периодтарының квадраттары жарты осьтерінің қатынасына тең болады. 

7. Дене белгілі биіктіктен ерікін құлап жер бетінде оның жылдамдығы 30 м/с шамасына тең болған. Дене құлауға кеткен уақытты есептеңіздер.



А) 3 с

В) 1,5 с


С) 4 с

Д) 2 с


Е)10 с

8. Радиусы 20 м шеңберді 5 м/с2 үдеумен айналу үшін қандай жылдамдықпен жүру керек?



А) 10 м/с

В) 15 м/с

С) 20 м/с

Д) 30 м/с

Е) 5 м/с
9. Поезд орнынан қозғалған соң 10 с өтіп 0,6 м/с жылдамдыққа ие болды. Ол қанша секундтан соң 3 м/с жылдамдыққа ие болады?

А) 50 с

В) 40 с


С) 30 с

Д) 20 с


Е) 100 с
10. Автомабиль 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатып, қанша уақытта жылдамдығын 12-ден 20 м/с-қа өзгерте алады?

А) 20 с

В) 8 с


С) 10 с

Д) 40 с


Е) 12 с
11. Оқушы мектепке келер жолдың жартысын 2м/с жылдамдықпен, ал қалған жартысын 3 м/с жылдамдықпен жүрген болса, оның орташа жылдамдығы қандай болғаны?

А) 2,4 м/с

В) 2,5 м/с

С) 5 м/с

Д) 1 м/с


Е) 0,5 м/с
12. Кішкене шар тыныштық күйден көлбеу науаның бойымен домалап, алғашқы бір секундта 10 см жол жүрді. Ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?

А) 90 см

В) 30 см


С) 45 см

Д) 9 м


Е) 3 м
13. СD диск радиусы 5,6 см, минутына 1200 айналым жасаса, дисктің шеткі нүктесінің үдеуді есептеңіз.

А) 28 м/с2

В) 30 м/с2

С) 20 м/с2

Д) 40 м/с2

Е) 10 м/с2
14. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомабиль авариялық тежелу кезінде 5 с ішінде тоқтады. Тежелу жолын анықтаңдар.

А) 50 м

В)100 м


С) 200 м

Д) 20 м


Е) 40 м

15. Автомабиль жолдың төрттен бір бөлігін 10 м/с жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 20 м/с жылдамдықпен жүріп өткен. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты анықтаңыз



А) 16 м/с

В) 15 м/с

С) 5 м/с

Д) 25 м/с

Е) 10 м/с

16. Автомабиль 0,8 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатып, қанша уақытта жылдамдығын 2-ден 18м/с-қа өзгерте алады?



А) 20 с

В) 8 с


С) 10 с

Д) 40 с


Е) 12 с

17. 45 м биіктіктен құлаған дене қанша уақытта және қандай жылдамдықпен жерге түседі?



А) 3 с, 30 м/с

В) 4 с, 30 м/с

С) 3 с, 40 м/с

Д) 2 с, 20 м/с

Е) 10 с, 100 м/с

18. Дене белгілі биіктіктен ерікін құлап жер бетінде оның жылдамдығы 100 м/с шамасына тең болған. Дене қандай биіктіктен құлағаның есептеңіздер.



А) 500 м

В) 400 м


С) 300 м

Д) 200 м


Е)100 м

19. Мотациклші жолдың жартысын 15 м/с жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 25 м/с жылдамдықпен жүріп өткен. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты анықтаңыз



А) 18,75 м/с

В) 15 м/с

С) 16,5 м/с

Д) 25 м/с

Е) 20 м/с

20. Радиусы 40 м шеңберді 10 м/с2 үдеумен айналу үшін қандай жылдамдықпен жүру керек?



А) 20 м/с

В) 15 м/с

С) 20 м/с

Д) 30 м/с

Е) 5 м/с

21. 80 м биіктіктен құлаған дене қанша уақытта жерге түседі?



А) 4 с

В) 8 с


С) 6 с

Д) 10 с


Е) 2 с

22. Велосипедші жылдамдығы 36 км/сағ, ал қуалай соққан желдің жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің жылдамдығы қандай?



А) 6 м/с

В) 10 м/с

С) 40 км/сағ

Д) 32 км/сағ

Е) 40 м/с

23. Сызықтық жылдамдығы 1674 км/сағ тең Жердің экваторында орналасқан нүктенің бұрыштық жылдамдығын есептеніздер. Жердің радиусы 6400км.



А) 7,3*10-5 рад/с

В) 3,7*10-5 рад/с

С) 4,6*10-5 рад/с

Д) 5,4*10-5 рад/с

Е) 4,8*10-5 рад/с

24. Оқтың мылтық ұңғысының ортасындағы жылдамдығы одан ұшып шығар кезіндегі жылдамдығынан неше есе кем болады?



А) √2 есе

В) 2 есе


С) 0,5 есе

Д) 0,25 есе

Е) 4 есе

25. Шар тыныштық күйден көлбеу науаның бойымен домалап, алғашқы бір секундта 10 см жол жүрді. Ол 4 с ішінде қандай жол жүреді?



А) 160 см

В) 30 см


С) 45 см

Д) 9 м


Е) 3 м

26. Жер орбита бойымен күнді неше сағатта айналып шығады?

А) 8760 сағат

В) 7860 сағат

С) 9250 сағат

Д) 8395 сағат

Е) 4380 сағат

27. Қозғалысын кенет тоқтатқан автобус 50 м жол жүріп тоқтады. Оның жылдамдығы қандай болды? Тоқтауға 5 с уақыт кеткен



А) 20 м/с

В) 15 м/с

С) 5 м/с

Д) 25 м/с

Е) 10 м/с

28. Биіктіктен құлаған дене 4 с – та жерге түсті. Дене қандай биіктіктен құлаған және жылдамдығы қандай?



А) 80 м, 40 м/с

В) 60 м, 30 м/с

С) 40 м, 50 м/с

Д) 60 м, 20 м/с

Е) 20 м, 40 м/с

29. СD диск радиусы 5,6 см, минутына 1200 айналым жасаса, дисктің шеткі нүктесінің бұрыштық жылдамдығын есептеңіз.



А) 125,6 рад/с

В) 25,6 рад/с

С) 6,28 рад/с

Д) 62,8 рад/с

Е) 57 рад/с

30. Велосипедші жылдамдығы 54 км/сағ, ал қарсы соққан желдің жылдамдығы 5 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің жылдамдығы қандай?



А) 20 м/с

В) 16 м/с

С) 14 м/с

Д) 40 м/с



Е) 32 м/с

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет