Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Термодинамика және статистикалық механика



бет48/120
Дата04.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72350
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   120
Байланысты:
Умк (1)

Термодинамика және статистикалық механика. Жылулық процестердің бірінші ғылыми теориясы молекула-кинетикалық теория емес, термодинамика болды. Ол жұмыс жасау үшін жылуды пайдаланудың тиімді шарттарын зерттеу барысында пайда болады. Бұл молекула-кинетикалық теория қалың көпшілік қабылдап күш алғанға дейін, одан көп бұрын, XIX ғасырдың орта шенінде болған еді.

Қазірде ғылымда және техникада жылулық құбылыстарды зерттеуде молекула-кинетикалық теориямен қатар термодинамика да пайдаланылады. (Теориялық физикада молекула-кинетикалық теорияны статистикалық механика деп атайды! Термодинамика мен статистикалық механика бірдей құбылыстарды әртүрлі әдістермен зерттейді және бір-бірін өзара толықтырып отырады.



Термодинамиканың ең басты мазмуны энергияның өзгерісіне қатысты екі негізгі заңнан тұрады. Бұл заңдар тәжірибе жүзінде тағайындалады. Олар барлық заттар үшін, олардың ішкі құрылымына тәуелсіз, тура орындалады.

Статистикалық механика термодинамикарағанда әлде қайда терең және дәл ғылым, оның есесіне өте күрделі. Оған термодинамиканың қарапайым қатынастары жеткіліксіз болған жағдайда жүгінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   120




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет