Физика кафедрасы



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі38,94 Kb.
#120448
1   2   3   4
Байланысты:
6 СӨЖ ФОӘТ
Кулахметова 99999, Test Oracle , Документ Microsoft Word
Жалпы ережелер
Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
1.1 СӨЖ білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді.
1.1.1 СӨЖ аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға, білімді меңгеруге және машықтануға бағытталған оқу жұмыстары. СӨЖ мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі.
1.2 Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:
- тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
- лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
- СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
- СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
- СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
1.3 СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай кезеңдерден тұрады:
- СӨЖ жоспарлау,
- әдістемелік жағын қамтамасыз ету,
- СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.
1.4 СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен білім алушының орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
1.5 ОСӨЖ бөлек кестемен ұйымдастырылады.
1.6 Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс бағдарламасында, силлабуста және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетіледі. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, пәннің қалыптастыратын құзыреттер мен оқыту нәтижелерін, білім алушылардың даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
1.7 Оқытушылардың білім алушылармен өзіндік жұмысы негізгі үш функцияны қамтиды:
1.7.1 Бірінші, нұсқамалық/бағыттаушы-бағдарлаушылық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер білім алушылардың алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
1.7.2 Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы білім алушының өзіндік жұмысына түзету енгізу. Бұл – білім алушының өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
1.7.3 Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім алушының білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау. Кейбір кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.
1.8 Білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 функцияны қамтиды:
- біріншісі, білім алушылар оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
- екіншісі, білім алушылар оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушылар жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
- үшіншісі, білім алушылар күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Білім алушылар шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар қояды, сұрақтардың жауаптарын өздеріде дайындайды;
- төртіншісі, білім алушылар оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
1.9 СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесі университет ережелерімен анықталады.
1.10 Білім алушылардың өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
1.11 Білім алушылардың өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
1.12 Білім алушының дәрісханалық өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеледі және ПОҚ тарапынан белгіленеді.
1.13 СӨЖ тапсырмалары:
- реферат,
- кейс,
- кроссворд,
- бақылау,
- есептеу және сызба жұмыстары түрінде орындалады немесе:
- тренинг,
- дискуссия,
- іскерлік, дидактикалық ойындар,
- презентация әзірлеу,
- кейс құрастыру,
- топ бойынша немесе жеке жобалар жасау түрінде ұйымдастырылады
Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстардың тақырыптары төмендегідей де болуы мүмкін:
- оқу мәтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру);
- ғылыми мақалаларға аннотация және пікір жазу;
- Интернет көздерімен жұмыс жасау;
- шығармашылық тапсырмаларды дайындау (коллаж, синквейн, ойын бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы);
- пән бойынша глоссарий құрастыру;
- эссе, мақала және белгілі сала мәселелері бойынша хабарламалар мен ғылыми жұмыстар жазу;
- жобаларды әзірлеу;
- өзіндік білім алу бойынша баспа материалдарының аннотацияланған тізбесін құрастыру, т.б.
1.14 СӨЖ құрылымы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет