Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


Эвристика лық әдістер Зерттеуші



бет9/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

Эвристика


лық әдістер

Зерттеуші


лік әдістер

Баяндау тәсілдері

(әңгіме, түсіндіру, лекция, оқулықпен жұмыс).


Көрнекілік әдістер (иллюстра

ция, демонстрация, бақылау).


Практика

лық әдістер (жаттығу

лар, есеп

тер, лаборатория

лық жұмыстар, экспери

мент).


Анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, дәлелдеу, бағалау

үш формада: индукция, дедукция және анология.




Баяндау-ақпараттық

(анализ, синтез, салыстыру,

т.б.).

Көрнекілік-ақпараттық



(анализ, синтез, салыстыру, т.б.).

Практикалық -ақпараттық

(анализ, синтез, салыстыру, модельдеу, т.б.).


Баяндау-эвристика

лық


(анализ, синтез, салыстыру, бастыны бөліп шығару, т. б.).
Көрнекілік-эвристикалық

(анализ, синтез, салыстыру, бастыны бөліп шығару, т. б.).

Практикалық- эвристикалық

(анализ, синтез, салыстыру, модельдеу, т.б.).




Баяндау-зерттеушілік

(анализ, синтез, салыстыру, бастыны бөліп шығару, рефлексия).


Индукция, дедукция және анология түріндегі

көрнекі- зерттеушілік

(анализ, синтез, модельдеу, рефлексия)
Практикалық - зерттеушілік

(анализ, синтез, салыстыру, модельдеу, рефлексия т.б.).



а) мұғалімнің қолданатын әдістері мен тәсілдерінің реті таным процесінің құрылысына сәйкес келуі керек. С1 (алғашқы синтездеу) -А(анализ) - С (салыстыру) - Б (бастысын айырып көрсету) - С2 (соңғы синтездеу), жалпы қорытындылау, рефлексия).

б) қолданылатын әдістер таным іс-әрекеттері компоненттерінің әр қайсысын дамытуға бағытталуы керек: Тқ=әбн+Оә+бә+тә, мұндағы: Тқ - танымдық қызмет, әбн-әрекеттердің бағдарлы негізі, Оә - орындау әрекеті, бә - бақылау әрекеті, тә - түзету әрекеті. Қосымша критерийлерді ескеру нәтижесінде оқытудың әдіс жүйесіндегі басты компоненттер арасындағы өзара байланыстар күшейіп, білім беру мазмұны мен оқыту әдісі бір-біріне жақындайды. Бұл айтылғандармен қоса проблемалық оқыту, модельдеу және басқа да интерактивті әдістерді пайдалану - оқушының өзіндік таным қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік жасап, оны оқу процесінің белсенді субъектісіне айналдырады.

Білімді ізгілендіру жағдайында оқытудың негізгі формасы - жекелеп және топтық оқытудың тиімді ұштасуы болып табылады. Оқытудың фронтальды түрі көбіне бағдарлау кезеңінде талқылауда және түзетуде қолданылады. Интерактивті әдістерді қолдану көбінесе пікір-сайысқа түсетін шағын топтарды құруды қажет етеді. Бұл топтарда сәйкесті жетекшілер (лидер) басқарып, меңгерілуге тиіс материалдың талқылануын ұйымдастырып, қорытуға да жағдай жасайды. Біз пайдаланған технологияда мұндай тәсілдер 2-4 деңгей тапсырмаларын орындауға бағытталған бекіту сабақтарында, жаңа материалды игеру барысында қолданылады. Бұл жағдайда әр оқушы өзінің жетістігінің дәрежесін немесе жіберген қатесін бағалап қана қоймайды, сонымен бірге өзінің ортақ нәтижеге қалай жеткенін көріп байқайды.

Деңгейлік саралау технологиясындағы меңгерудің 1,2 деңгейлері оқушының өз бетімен базалық, міндетті, тіректік, білім алуын, танымдық қызмет жасауына бағытталған. Мұнда ынта туғызу үшін проблемалық жағдай туғызу, сабақтың ойын түрінде ұйымдастырылуы т.б. белсенділік арттыру шаралары қолданылады.

Топтап оқытудың басты мақсаты - аздаған топ болып, құрбылардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдылануы. Бұндай топта оқушы өзінің жеке дағдысын жоймайды. Қажет болған жағдайда, оқушылар пікір - сайысқа түсіп, жалпы тапсырманы орындайды. Бұл жағдайда әр оқушы өзінің жетістігінің дәрежесін немесе сәтсіздігіне қиналуын бағалап қана қоймайды, сонымен бірге өзінің ортақ нәтижеге қалай жеткенін көріп байқайды. Жекелеп оқыту түрі бөлек тапсырмаларға терең үңілуге мүмкіндік береді және оқушы өзінің және мұғалім алдындағы жұмысты орындау қорытындысының жауапкершілігін түсінеді. Бұнда ең бастысы - оқушыға сену, өзіне жауап беру қабілетіне сүйене білу, абыройды жоғары ұстау сезіміне ынталандыру және өзін-өзі бағалай білуге үйрету.

Біз енді мазмұнды жетілдірудегі жоғарыда аталып кеткен жаңа критерийлердің бірі - оқу мазмұнын күрделілігіне қарай бірнеше деңгеймен ұсыну және олардың әр білім деңгейінің оқытудың иерархиялық түрде берілген мақсатына сәйкес анықталуына кеңінен тоқталайық. Әдебиетте оқыту жүйесінің саралау ұғымы оқушының жалпы білімдік дайындықтың қайсыбір минимумын игере отырып, өзінің бейімділіктеріне ең жоғарғы дәрежеде сәйкес келетіндей бағыттарға айрықша көңіл бөлу құқығы мен кепілді мүмкіндігін алуы деп түсіндіріледі. Саралап оқыту оқу-тәрбиелілік процестің мазмұны мен ұйымдастырылуы пәндерді бағдарлы және тереңдете оқып үйренудің айырмашылықтарын, оқушыларды іріктеп алу шарттарын, топтардың толықтануын, оқыту мерзімін, мұғалімдердің жүктемесі мен жалақысын және т.б. анықтап береді.

Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеуге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.

Оқытудың бағдарлық саралау немесе мазмұны бойынша саралау жоғарғы сынып оқушыларының әртүрлі топтарын материалды баяндаудың тереңдігі, мәліметтердің көлемі және қамтылатын тақырыптардың құрамы, сондай - ақ оқытудың кәсіптік бағдарланған мазмұны жағынан ерекшеленетін бағдарламаларды ұйғарады. Бағдарлы оқытудың бір түріне жекелеген пәндерді тереңірек оқып үйрену жатады, ол оқушылардың осы пәндерден жеткілікті түрде ілгері деңгейдегі дайындығын қамтамасыз етіп, жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Саралаудың екі деңгейлік және бағдарлық түрі де өзара бірін - бірі толықтырып, мектепте білім берудің барлық сатыларында қатарлас жүзеге асырылады. Негізгі мектепте саралаудың жетекші бағытына деңгейлік саралау жатады, алайда ол жоғарғы сыныптарда да өзінің маңызын жоғалытпайды. Саралау мәселесін дұрыс шешу үшін оның мәнісін, міндеті мен түрлерін айқындап алу қажет. Педагогикалық энциклопедияда жалпы білім беретін мектептерге қолдануға қатысты оқытуды саралау (дифференциялдау-латынның dіfferentіa-айырма деген сөзі) оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын бөлектеу мәселесі деп анықтама береді.

Саралап оқыту кезінде әрбір оқушының дербес өзгешеліктері мәселелерінің психологиялық қырлары, бейімділіктер мен қабілеттілікті айқындау және дамытып жетілдіру мәселелері К.К.Платонов, Е.С.Рабунский, И.С.Якиманская, В.В.Фирсов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалады.

Бағдарлық оқытудың идеялары Қазақстан ғалымдары М.Ж.Жадрина, С.А.Нұрахметова, С.З.Тайбогарова, Р.Тасболатова және басқалардың жұмыстарында бейнеленеді.

Бағдарлық саралау, немесе “мазмұны бойынша саралау” оқушылардың әртүрлі топтарын материалды баяндау тереңдігімен, мәліметтер көлемімен, тіпті таңдап алынған материалдың тізімімен өзгешеленетін бағдарламалар бойынша оқытуды ұйғарады.

Деңгейлік және бағдарлық саралау мәселелерін К.В.Шевякова, В.А.Челноков, Ю.А.Сафонов және т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстарында баяндалған. Осы жұмыстарда деңгейлік және бағдарлық саралаудың концепциялық мәселелері баяндалған, оларды оқу процесінде жүзеге асырудың кейбір жолдары анықталған.

Жалпы педагогика тарихында білім берудің мақсаттары өзгергенде оқытуды саралауға бет бұрып отырылады. Қазіргі кезде, орта білім берудің қанағаттанғысыз күйі айқын болғанда, оқытуды саралауға бұрын қалыптасқан көзқарастар қайта қарастырылып және шетелдік тәжірибелерге жиі назар аударыла бастады. Неміс ғалымы Р.Винкелердің “Саралап оқыту: міндеттері, түрлері және мәселелері” атты жұмысында саралау мәселелерін шешу тұрғысынан назар аударалықтай, онда былай делінген: “Саралау оқу - ұйымдастырулық шаралардың ауқымды жинағын білдіреді, олар бір жағынан оқушылардың жан-жақты қабілеттіліктері мен мүдделерін, екінші жағынан қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандарады. Ол екі қызмет атқарады: Оқушылардың даралық қабілеттіліктерінің ашылуына, қоғамның нығаюына және одан әрі дамуына жәрдемдеседі’’ делінген. Бұл саралау мәселесін шешкенде назарға ұстайтын жағдай.

Сыртқы саралау кезінде қайсы бір принциптер (ықыластар, бейімділіктер, қол жеткен нәтижелер, таңдаған мамандықтар) негізінде оқытуды біршама тұрақты топтар құру арқылы мамандықтарға бағыттау жүзеге асырылады. Бұл топтарда оқу материалының мазмұны да, оған байланысты қойылатын талаптар да өзгеше болып келеді. Оқытуды сыртқы сараптаудың екі түрі бар: ”қатаң” - бағдарлық сынып таңдау және басқалар; “икемді”-пәндерді еркін таңдау (факультативтер, үйірмелер және т.б.);

Мектепте білім берудің ұсынылып отырған тұжырымдамасына сәйкес негізгі мектепте (1-9 сыныптар) деңгейлік саралауды: бір ғана бағдарламалар мен оқулықтар арқылы оқушылардың өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі соңғы мақсатқа жетулерін іске асыру ұйғарылады. Оқушылардың барлығы жоғарыдан бекітілген дайындықтың міндетті деңгейін (пән бойынша мемлекеттік стандартты) меңгеруі тиіс. Содан соң әрі қарай оқу немесе қол жеткен деңгейде тоқтау мәселесін шешу керек екені ұсынылады. Ал орта мектептің жоғарғы буынында (10-11 сыныптар) бағдарлық саралауды іске асыру ұсынылады. Ол оқушыларға әртүрлі жоспарлар мен бағдарламалар бойынша әртүрлі бағытта білім алу мүмкіндігін береді. Сонда қандай бағытты таңдап алса да әр оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қай пәннен болса да білімдердің міндетті (базалық) деңгейіне жетуін қамтамасыз ету ұйғарылады.

Осыған орай, деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технологияның тұжырымдамасына және мақсатты бағыт беру жолдарына тоқталып өтейік. Жоғарыда әрбір педагогикалық технология оқытудың мақсатына жетуі үшін ғылыми тұжырымдамаға негізделуі керек деп, айтылды яғни, олардың құрамында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік педагогикалық негіздері болады. Педагогикалық технология жүйенің барлық белгілерін игеру керек: оның барлық бөлімдерінің өзара байланысы, тұтастығы, ойлау барысы. Нәтижелерді түзету және оқыту барысының жоспарлануы, жобалануы педагогикалық технологияны басқарудың мүмкіндігін болжайды.

Біз ұсынып отырған технология деңгейлік саралап оқыту жағдайындағы педагогикалық жүйеге негізделген және оның иерархиялық мақсаттары мен меңгеру нәтижелері анық көрінеді. Берілген технологияда екі сатыдан тұратын стандарт енгізу ұсынылады: міндетті жалпы білім беру дайындығы (меңгерудің бірінші деңгейіне әрбір оқушы жетуі керек) және дайындықты көтеру үшін сатысы (2-4 білім деңгейін меңгеру, яғни мектеп қабілетті, еңбек сүйгіш, қызығушы оқушыны қамтамасыз ету керек).

Мектепте оқытылуға арналған негізгі деңгейді “білім қосындысы” түрінде көрсетуге болмайды. Өйткені оқушының қанша оқығаны емес, қаншама меңгергені маңызды. Оқу процесін демократиялық ұйымдастырудағы негізгі деңгейдің міндеттемесі бойынша, әрбір жоспарланған міндетті нәтижелер алдын-ала оқушыға түсінікті және таныс болуы керек. Оқытудың деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технологиясы қызмет механизмінің негізгісі бола отырып, негізгі деңгейдің дамуына мүмкіндік туғызып, алғырлығын және бейімділігін қамтамасыз етуі керек. Оны жеке бір әдістемелік сұлбамен тығыз байланыстыруға және белгілеуге болмайды. Бұл:

- Күштеу емес, ынталандыру, қызықтыру (мотивация, а не констатация);

- білмегендігі үшін жазалау емес, ескерту, әрі қарай жұмыс істеуге жетелеу;

- оқыту деңгейін талдағанда оқушы құқын мойындау;

- егер мұғалімнің бұрынғы психологиялық нұсқамасы: “мұғалімнің берген барлық тапсырмаларын жаттап алуы керек” болса, оқушыға арналған қазіргі психологиялық нұсқама бойынша: “Өз қабілетіне сай оқу материалын берілген деңгейден төмен игермеуі қажет”.

- оқушы оқу табысын сезіну керек.

Мазмұнның ерекшеліктері: Білім мазмұнына екі сатылы талап қойылады, яғни мектеп 1) оқушыдан талап ету керек және оны меңгеру оқушы үшін міндетті болу тиіс. 2) оқушы таңдауы бойынша, қабілетіне сәйкес білім алуына жағдай жасалуы тиісті.

Қазақстан Республикасының “Білім беру” туралы заңында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары (МЖМБС) әртүрлі деңгейдегі білім талаптарының жиынтығын анықтайды және білім алушылардың жоғары көлемді оқу жүктемелері; мемлекеттің білім сапалылығын тексеру туралы ережелері; оқушылардың дайындық деңгейі; белгіленген білім бағдарламаларын меңгергендігін куәландыратын құжат үлгілері білім мазмұнына енгізілген деп көрсетілген .

В.В.Гузеев “білім стандарттарында берілген деңгейдегі білім алған оқушылардың 80%-і толық шеше алатындай есептер жүйелері тағайындалуы керек. Сонда білім технологиясының негізгі міндеті осындай есептер деңгейлерін шешу тәсілдерін үйрету болып келеді. Білім стандарттары мазмұны жағынан емес, мағынасы жағынан алға қойылуы керек” деп есептейді. Біз тек педагогикалық технология ғана (МЖМБС) мемлекеттік білім стандарттарының жетістіктерін қамтамасыз етеді және тек ғана сол арқылы бірінші кезекте технологиялық негізде оқу процесін жобалаудың қажеттілігін анықтайды деп ойлаймыз. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей, дайын білімді мұғалімнің және оқушының құр қайталап айтып беруі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттіліктері мен белсенділіктерінің дамуына кедергі болады. Хабарлы-түсіндіру тәсілінің қажетсіздігі көрініп, іс-әрекет тәсілі оқытудың барлық оқу-әдістемелік жүйесін жаңартуда жетекші қағида болып табылады. Бұл іс-әрекет тәсілі жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдірумен анықталуы, оқушының ой-өрісі сатылап дамуы сияқты психология-педагогика ғылымының жетекші қағидаларына негізделуі тиіс.

Қазақстан Республикасы білім беру тұжырымдамасында көрсетілгендей, Білім стандарттарының негізін міндетті базалық деңгей құрайды және ол оқушылардың білімдері мен біліктеріне қойылатын талаптардың төменгі шегін анықтайды. Базалық деңгеймен бірге оқушылардың ойлау қабілеттіліктерін қалыптастыратын, бір-бірінен қойылатын талаптардың қатаңдығымен ерекшеленетін бір қатар білім деңгейлерін енгізуі керек. Білім деңгейлерінің айырмашылығы жеке тұлғаның даму потенциалын анықтайды. Бұл “дамыта оқыту” принципіне негізделеді делінген. Біздің жұмысымыздағы деңгейлік саралау негізіндегі оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы бойынша, дамыта оқыту жүзеге асырылады, сондықтан ол оқушының ойлауын, еске сақтауын, белсенділігін, ынтасын, дағдысын, білім сапасының артуын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияға сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады. Мұндай жағдайда оқушылар арасында өзара жарысумен қатар, әр оқушының өзіндік деңгейіне сай білім алуы қамтамасыз етіледі. Өзіне деген сенімі артып, шығармашылық қабілеті шыңдалады. Қиналған сәттерінде өзара ақылдасып, тапсырманы орындауға да құқылы. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың негізіне мемлекеттік стандарт алынады. Тапсырмалар үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейде беріледі. Мемлекеттік стандартпен басталған бірінші деңгейдегі тапсырмалар бірте-бірте күрделенеді. Деңгейлік тапсырмалар оқу материалының арнасын кең ашуға, оқушының ойлау қабілетін, эмперикалық деңгейден (үйренушілік) теориялық деңгейге (шығармашылық деңгейге дейін) бағытталып құрылған. Мектеп курсының ғылыми-әдістемелік идеялары оқушының өз бетімен жұмыс жасауға көңіл бөлуін қажет етеді. Оқытудың оқу-әдістемелік жүйесін жетілдірудің негізгі факторларының бірі мұғалімнің өзін-өзі шығармашылық айқындауы болып табылады. Қазіргі кездегі бірыңғай оқу бағдарламалары мұғалімдердің де, барлық мектеп ұжымдарының да шығармашылық белсенділігін тежейді. Осыған байланысты оқушыларды оқытуда іс-әрекет тәсілі мен шығармашылық ізденісті кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін оқытудың әдісі мен жүйесін жетілдіруде. Сонымен бірге әрбір мектеп оқулығы әлеуметтік-пәндік тұлғалық-орталықталған болуы керек. Көбіне оқулықтар тек ғана пәннің мазмұнының міндетті минимумына сәйкес келуі немесе балама қосымшалармен кеңейтілген болуы мүмкін. Оқушылар өздігінен оқитын оқулықты таңдай алмайды. Оқулықты таңдауға мұғалім құқылы. Көп жағдайда мұндай мүмкіндіктер де болмайды. Өйткені, оқушы үшін оқулықтың тегін болуына машықтанғандықтан, мектептер өздері сатып алатындықтан, арзан оқулықтар алынады. Мұндай оқулықтармен жұмыс істеу қиын.

Көптеген оқулықтарға тән жалпы кемшіліктер оқу материалдарында жанама мағлұматтар көп, негізгі оқу материалдары ерекше бөлініп көрсетілмеген, оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарына көмекші және оны басқарушы материалдар жеткіліксіз. Осылайша оқулықтар мен оқу құралдарында жанама деректердің болуынан оқыту қиындалып, оқушылардың негізгі, ең қажетті материалдарды меңгеруіне кедергі келтіреді.

Білімді ізгілендіруде оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетіне көмектесетін оқу құралы - компьютерлік техниканың үлкен маңызы бар. Оқушы компьютерді пайдалану арқылы оқу жағдайын қалыптастырады, танымдық - зерттеу қызметін жүргізеді.

Компьютерді оқытудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Атап айтсақ, жалпы тақырыпты түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру, лабароториялық эксперименттер жасау және эксперимент деректерін өңдеу, есептеу кезеңдерінде қолданылуы мүмкін. Компьютер бала үшін әртүрлі: мұғалім, жұмыс істейтін құрал, қол боста ермек ететін ойын сияқты қызмет атқарады .

Компьютердің мұғалім ретінде атқаратын қызметі: жеке ақпараттық кеңестік; тренажер; талдау және тексеру құралы; алмастыратындай білімдік ақпарат көзі;

Ал, жұмыс құралы ретінде атқаратын қызметі: есептегіш машина, моделдеу құралы, мәтіндік редактор, сызба, кесте құралы, графиктік редактор, мәтінді дайындау және есте сақтау, ақпаратты алу құралы.

Компьютердің оқыту объектісі ретінде атқаратын қызметі: бағдарламалар жиынтығын жасау; берілген тапсырмаға сәйкес бағдарлама түзу;

Мұғалімнің компьютерлік технологияны қолдану барысындағы атқаратын қызметі: сыныпта тұтас оқу процесін ұйымдастыру; пән бойынша тұтас оқу процесін ұйымдастыру; сыныпішілік желіні басқару, белсенділік пен үйлесімділікті ұйымдастыру, жеке оқушылармен жұмыс және тағы басқалар.

Дербес компьютерді оқыту процесінде қолдану - орта мектептегі оқыту жүйесін өзгертеді. Сонымен бірге компьютерді сабақта қолдану - оқушылардың информациялық мәдениетін қалыптастыруға, оқытылатын құбылыстар мен процестердің мәнін терең оқып үйренуге, ЭЕМ негізінде одан әрі қарай жоғары өнімді әдістермен іс-әрекет құралдарын қолдануға, психологиялық даярлану және көңіл аударуға мүмкіндік туғызады.

Мысалы физика сабағында оқу процесін ұйымдастыру формасы мен әдістемелік сапасының өзгеруі оқытылатын құбылыстардың комплексті орнықтырылатын жүйелік тәсілінің негізінде пайда болады, сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарай оқушылардың үйренуі (лабораторияны жаңа аспаптармен және ДЭЕМ базасында есептеу құралдарымен жабдықтау, жаңа әдістеменің материалды жасау және т.б.) қажеттігі туады. Физиканы оқыту кезінде ДЭЕМ-ді қолданудың мынадай бағыттарын ажыратуға болады.


  • Физикалық құбылыстарды модельдеу табиғат құбылыстарын және олардың бір-бірімен әсерін оқып үйрену мақсатында информация алу үшін эксперименттер жүргізу.

  • Лабораториялық эксперименттер жасау және эксперименттік деректерді өңдеу.

  • Анықтама - мағлұматтар іздеу және өңдеу жұмыстарын жүргізу.

  • Есептер жасау және т.б.

Физика курсында оқушылар негізгі физикалық құбылыстармен танысуға міндетті. Бұл физикалық құбылыстардың бір бөлігін оқушылар арнайы эксперименттер жасаған уақытта оқып үйренеді.

Физика сабағында ЭЕМ арқылы жұмыс жасағанда мыналарды:

· Физикалық экспериментті демонстрациялай білуі.


  • Дисплей экранында оның нәтижелерін шығара білу, бақылаушы эксперимент моделін көрсете білуі.

  • Эксперимент кезінде параметрді өзгерту мүмкіндіктерін білуі.

  • Сабақта оқытылатын құбылыстармен заңдылықтарды қолданылуы нақты көрсете білуі қажет.

Компьютерде физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу бағыты оқу процесін дамыту мен жетілдіруде маңызы зор. Соның ішінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеруде, зерттеу жұмыстарын дамыта білуде оның ролі ерекше. Әртүрлі құбылыстарды компьютерде модельдеу сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларға білім беру жүйесі мен ғылыми зерттеу әдістері арасындағы тығыз байланыстардан хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Сол сияқты 11-10 сыныптың физика сабағындағы “электростатикалық өрісті оқып үйрену” тақырыбын қарастырғанда компьютерде әртүрлі өрістерді модельдеп көрсетуге болады.

Мысалы:

1. Зарядталған шексіз жазықтықтағы өрісті бақылау және сызып көрсету.

2. Нүктелік зарядтың өрісін бақылау және сызып көрсету.

3. Әр аттас екі нүктелік зарядтардың (диполь өрісі) өрісін бақылау және сызып көрсету.

4. Алынған суреттен кернеулік сызықтарын жүргізу.

Қазіргі көптеген мектептерде физикадан көрнекі құралдар мен лабораториялық жабдықтар жетіспейді. Ал, физика сабағында компьютерді қолданып осы мұқтаждықтарды жеңілдетуге болады. Мысалы “Дыбыс толқындары” тақырыбын өткен кезде оқушылар дыбыс тонының жоғарлығының тербеліс жиілігінен тәуелділігін анықтау үшін, олар тонның жоғарлығын 10 рет өзгерте отырып дисплей экранында әртүрлі жиілікпен тебелістің синусойдалық графигін алады. Бұл жерде гармониялық дыбыс тербелісінің дыбыс толқынының жоғарлығынан қандай тәуелділікте болатынын график түрінде қарап оқушы өздігінен қорытынды жасай алады.

Мектептегі физика сабағында компьютерді қолдануда мыналарды басшылықа алған жөн:


  1. Лабораториялық жұмыстарды немесе эксперименттерді жасауда құрал-жабдықтар жетпеген жағдайда физикалық процестерді компьютерде модельдеуге болады.

  2. Оқушы ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда тапсырмалар бірсарынды болмай, біртіндеп күрделенуі қажет.

  3. Оқушы дисплейді мөлшермен пайдалануы қажет, өйткені ЭЕМ-ді шамадан тыс пайдалану көру органдары мен нерв жуйелеріне зиянын тигізеді.

  4. Оқушының ЭЕМ-мен байланысы мұғалім назарынан тыс қалмауы керек.

Компьютерді оқу процесіне пайдалану білімді қорытындылау мен жүйелеуде, мұғалімнің әдістерді түрлендіруде, оқушылардың шығармашылық потенциялын және оқытудың потенциялдық жүйесін көтеруде мүмкіндік береді.

Біз ұсынып отырған оқыту технологиясын компьютердің көмегінсіз де жүзеге асыруға болады. Ол үшін мұғалім өзі дайындаған информациялық блоктардан тұратын оқушылардың өзбетімен жұмыс дәптерін қолдануға болады. Өз бетімен жұмыс дәптері деңгейлік тапсырмалар мен және әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстарымен берілген. Сонымен бірге бұл технологияны компьютерлік техниканы қолданып та жүзеге асыруға болады.

Компьютерлік оқыту технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының белгілі құрамды бөлігі болып табылады және де үдете оқыту, оқушының өзіндік танымының дамуы деңгейінің методологиялық, психология-педагогикалық, бағдарлама - техникалық және ұйымдастырушы әдіс түрлерін ұсынып, оқушыларды оқытуда өзін - өзі басқарудағы “мұғалім - компьютер - оқушы”, “оқушы - компьютер - оқушы” жүйесіне үйретеді. Компьютерлік кез-келген жұмыс деңгейінің оралымда мазмұнын табуға, сәйкес жауабын алуға, құбылыстың маңызын қалыпқа түсіруге, құбылыстың барысын басқаруға, оқиғаның жағдайына енуге мүмкіндік береді.

Оқытуда компьютерлік техниканы қолдану өз бетімен теориялық жолмен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Шығармашылық қабілеттің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қағидасы ойлау теориясын ашады. Компьютерлік нұсқа әзірлеу оқушыға мәнді жайтқа байланысты жан - жақты, өзінше тұжырым жасауға, оқиғаның құбылыстың өту жағдайына әсері сонымен қатар қол жеткен табыстарды ойластыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу барысын зерттеуге және ғылыми тәжірибеге жақындастырады.

Осы үлгіде компьютерлік техниканы оқу барысында қолдану оқытудың әдістері мен түрлерін мазмұнын жасауға, оқу барысын басқаруды оңтайлы тұрғыда игеруге, т.б. мектепте білім берудің педагогикалық жүйесін заман талабына сай етуге мүмкіндік береді.

Оқытудың компьютерлік технологиясы оқу барысында жеке, дара тәсілмен оқытудың мейлінше жоғары деңгейін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл оқытудың белгілі кезеңдерінде ғана нәтижелі.

Оқу бағдарламасын жеделдете жаттықтырудың екінші әдісі нақты оқыту - бағдарламамен өзара іс қимыл жасау. Бұл тәсіл оқыту жағдайларында көбінесе құптайтын тәсіл.

Үшінші тәсіл оқушыға түсіндіру үшін бір затқа қайта - қайта тоқталу арқылы оны игерту, Бұл жағдай оқушыға жоғары оқу деңгейін игеру және сапалы өңдеуден өту мүмкіндігіне кепілдік бере алады. Бұл жолда оқудағы ең басты қиындық, оқушының жағымды дәлелдермен қамтылуы. Сондықтан ол үшін оқушының оқуға тұрақты ықыласы түсуі үшін оқыту бағдарламасын көп еңбектенуге, екеуара достық қатынасты араласу, оған бөлек көңіл бөлу талап етіледі. Тапсырмаларды түсіндіру, мазмұнын игерту және әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды игертуде көмек көрсету, мағлұмат беру өте қажет оқытудағы басты мағына жеке дара оқыту болып табылады. Бұл бағытта бірнеше әдістер бар. Мұның мәні тапсырмалар бағдарламада қиындықтар деңгейі бойынша бөлінеді және оқушыларға өздері орындай алатындай деңгейде беріледі.

Екінші жағынан мұның мәні жеке дара оқыту оқушының өз таңдауына беріледі.

Оқушылар сондай-ақ әртүрлі анықтамалар, ақпараттар, сілтемелер алуға, тапсырманың шешімінің талдау тәсілдерін түрлі қиындықтарды ғана емес, өз бетімен орындаған бақылау жұмыстарын тексеруге мүмкіндіктер ала-алады.

Үшінші тәсілдің екінші тәсілден ерекшелігі сол, мұнда оқушы тек игерген оқу материалдарын бағалауға ғана емес, сондай - ақ ол қай жерден қателесті, тапсырманы шешу жүйесінде нені игере алмағандығын білуге мүмкіндік алады.

Төртінші тәсіл пәндік бағдарламаны жетілдірумен яғни оқушы өзбетімен пәндік ортаны зерттей алатынымен: пәннің маңызды сапаттамасын оның байланысын айқындау, оған бақылау жүргізу, зерттеу әдісін қорытындылау, нақтылау т.б. байланыcта.

Компьютердің көмегімен оқушымен жеке жұмыс істеудің, даралап оқытудың озық нұсқаларына, информациялық орта компонеттерін (әртүрлі оқу демонстрациялық құралдарын, жаңа бағдарламаларды, оқу-көрнекі құралдарын), дайындауға, пәндердің өзара байланысын орнатуға қол жеткізуге болады.

Сөйтіп білім беруді ізгілендіру принципі оған педагогикалық технологияларды құрып, пайдалану оқытудың педагогикалық жүйесін жетілдіруді талап етеді және оның компоненттерінің өзара байланысын күшейтуді, оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетінің белсенділігін арттыруды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет