Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары



Дата17.06.2018
өлшемі48 Kb.
#43095
Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары

Ахметова Гүлзада Мыңжасарқызы

Жамбыл облысы

№3 Байзақ колледжі

Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру оқытушылардан өз ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.



Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңсітігімен сабақтастыру. 

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері: 
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану; 
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру; 
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу. 
Ақпараттық технологиялардың қағидалары: 
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі; 
- білім мен тәрбиенің бірізділігі; 
- жалпы компьютерлік сауаттылық; 
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы. 
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. 

Қазіргі заман – физика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа білім беру технологиялары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. 

Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады:

1. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
2. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
3. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
4. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
5. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Ақпараттық технологияны пайдалану кезінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі - өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады. Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өз бетінше ойланып, шешім қабылдай білуі.
2.Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3.Өз ойының дербестігі.
4.Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Ақпараттық технологияны сабақ барысында пайдалану нәтижесінде туған ұсынысым:
1. Танымдық іс-шараларды оқушылармен бірлесе отырып өткізу.
2. Танымдық іс-шараларды оқушылардың жан-жақты дамуына бағыттау.
3. Білімді жетілдіруде дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту.
4. Балалардың өздері ізденіс жүргізіп жатқан танымдық материалдарын
тереңінен анықтап білу.

Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын колледжде әр сабағымды түрлендіріп, ақпараттық технологияны қолдана отырып өткіземін. Ақпараттық оқыту технологиясын пайдаланып өткізілген сабақ нәтижелі болу үшін жеке тұлғаның ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Жаңа ақпараттық технология оқытушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі, студенттің логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады.


Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен  зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды  көрсете отырып  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін әділ бағалауға, білім сапасын көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Өз сабақтарымда бейнероликтерді қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан білімгерлерге жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, оқытушыға осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Білімгерлердің ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.



Физика сабағында интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын

дидактикалық үрдіс.

Интерактивті тақта барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әртүрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Менің әрбір сабағымда білімгерлер визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, сонымен қатар сабақтың жаңа қыр-сырларын, туындаған мәселелерді бірігіп шешуге, талқылауға мүмкіндік алады. Білімгерлер білім алу процесінде бір уақытта оқып тыңдап, тапсырмалар алады. Сабақ барысында мен қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға барлық идеалдарды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда әртүрлі түстер интерактивті тақтада қолайлы орындалатынын байқадым. Мұндай мәліметтерді физикалық, химиялық, математикалық формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болды. Оқытушы араласпай-ақ, студенттерге өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын тереңірек ойлап түсінуге ықпал жасайды.
Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, білімгерлердің бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.



«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Бәсекеге қабілетті сапалы білім алған маман – Тәуелсіз еліміздің болашағы.


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.
2. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
3. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4.
Каталог: uploads -> doc -> 06fe
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06fe -> Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпт тудыратынын ескету
06fe -> Сабақтың тақырыбы: Жасыл мүк және шымтезек мүктәрізділердің бір түрі Сабақтың мақсаты: Білімділік
06fe -> Сабақтың мақсаты: а Білімділігі: «Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің»
06fe -> Сабақтың тақырыбы: Суды қадірлейік Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет