Физика пәніне қазақ тілінде тест сұрақтары



бет8/36
Дата07.02.2022
өлшемі5,1 Mb.
#88769
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
812 fizik-testent-

8 нұсқа



1. Дене тұрақты 10 жылдамдықпен қозғалғанда, 2 сағатта жүретін жол
A) 200 км
B) 108 км
C) 36 км
D) 72 км
E) 100 км

2. Бір қалыпты қозғалыс жолының графигі бойынша дененің қозғалыс басталғаннан кейінгі 4 с ішінде өткен жолы:

A) 10 м.
B) 5 м.
C) 30 м.
D) 80 м.
E) 20 м.

3. Массасы 2 кг дененің жер бетінен 3 м биіктіктегі потенциялдық энергиясын анықтаңыз (g=10м/c2).
A) 40 Дж.
B) 60 Дж.
C) 20 Дж.
D) 30 Дж.
E) 50 Дж.

4. Жай механизмдер дегеніміз
A) Күштен ұтыс беретін құралдар.
B) Күшті азайтатын ќұралдар.
C) Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар.
D) Күшті түрлендіретін құралдар.
E) Қозғалтқыштың қозғалу бағытын өзгертуге септігін тигізетін құралдар.

5. Суретте математикалық маятниктің тербеліс графигі келтірілген. Тербелістің циклдік жиілігі

A)
B)
C)
D)
E)

6. Массасы 6000 кг трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Тежелгеннен кейін ол 30 с-тан соң тоқтады. Тежелу күшін анықтаңдар.
A) ≈2000 Н.
B) ≈2100 Н.
C) ≈2001 Н.
D) ≈2010 Н.
E) ≈1500 Н.

7. Радиусы R дөңгелек горизонталь жазықтықта сырғанамай домалап барады. Дөңгелектің жоғарғы нүктесінің траекториясының қисықтық радиусы:

A) 3R.
B) 4R.
C) R.
D) 2R.
E) 1,5R.

8. Серіппені 5 см-ге, созғанда динамометр 2 Н-ды көрсетеді. Динамометр серіппесінің қатаңдығы:
A) 40 .
B) 0,1 .
C) 10 .
D) 4 .
E) 0,4 .

9. Қысым тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеру процесі
A) Адиабаталық.
B) Изохоралық.
C) Тепе-теңдік.
D) Изотермиялық.
E) Изобаралық.

10. Адиабаталық сығылу кезінде орындалатын шарт
A) U = 0.
B) Q = 0.
C) Q = -A.
D) А = 0.
E) Q = A.

11. Тұрақты токтың қуатын анықтауға қолданылмайтын формула
A)
B) .
C) .
D) Р = І  U.
E) Р = І2R.

12. Заряды q бөлшектің өзінің бастапқы жылдамдығына перепендикуляр бағытталған біртекті магнит өрісіндегі қозғалысы
A) Магнит өрісі күш сызықтарына параллель.
B) Түзу сызықты бірқалыпты.
C) Шеңбер бойымен бірқалыпты.
D) Магнит өрісі күш сызықтарына қарама-қарсы.
E) Түзу сызықты бірқалыпсыз.

13. Суреттегі фотоаппараттың көмегімен алынған кескін:

A) Шын, кішірейтілген, төңкерілген.
B) Шын, кішірейтілген, тура.
C) Шын, үлкейтілген, төңкерілген.
D) Жалған, кішірейтілген, тура.
E) Жалған, кішірейтілген, төңкерілген.

14. реакциясындағы белгісіз бөлшек:
A)
B) 
C)
D)
E)

15. Егер радиустары бірдей екі шардың біреуі болаттан, екіншісі қорғасыннан жасалса, олар өзара әсерлескен кездегі үдеулерінің модульдерінің қатынасы: (болат = 7,8103 кг/м3; қорғасын = 11,3103 кг/м3)
A)  1,7.
B)  1,9.
C)  1,6.
D)  1,8.
E)  1,4.

16. Массасы 50000 кг ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105 Н. Двигателдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісі:
A) 1,210-2 м/мин.
B) 0,2 м/с.
C) 12 м/мин.
D) 12 м/с.
E) 1,210-2 м/с.

17. Жіпке 250 Н күшпен әсер етіп, ќозғалмайтын блоктың жәрдемімен массасы 24,5 кг кұм салынған шелекті 10 м биіктікке көтерген. Блоктың ПӘК і:
A) 102%.
B) 9,8%.
C) 10,2%.
D) 98%.
E) 0,98%.

18. А, В, С, Д, Е нүктелері центрінде q заряд орналасқан шеңбер бойында жатыр. Нүктелік q зарядты А нүктесінен В, С, Д, Е нүктелеріне орын ауыстырған кездегі өрістің жұмысын салыстырыңыз.

A) Барлық жағдайда да А = 0.
B) ААД > ААЕ.
C) ААС > ААВ.
D) ААД > ААС.
E) ААЕ > ААВ.

19. Зарядтары 310-4 Кл, сыйымдылығы 6 мкФ, конденсатордағы электр өрісінің энергиясын анықтаңыз.
A) 7,5 кДж.
B) 7,5 мкДж.
C) 7,5 мДж.
D) 7,5 нДж.
E) 7,5 Дж.

20. Өткізгіштің ұзындығы 1,2 м, көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2, ал кедергісі 1,2 Ом болса, оның меншікті электр кедергісі:
A) 0,510-6 Омм.
B) 0,410-6 Омм.
C) 0,310-6 Омм.
D) 0,610-6 Омм.
E) 0,210-6 Омм.

21. Электр зарядының уақытқа тәуелді өзгерісі: q=3,510-5cos4πt. Тербелістің периоды:
A) 3,14 с.
B) 4 с.
C) 0,5 с.
D) 3,50 с.
E) 12,56 с.

22. Электрондардың платинадан шығу жұмысы 9,110-19 Дж. Платинаға толқын ұзындығы 0,5 мкм жарық түскенде ыршып шығатын электрондардың кинетикалық энергиясы
A) Жарық платинадан электрондарды шығара алмайды.
B) 4,210-19 Дж.
C) 2,110-19 Дж.
D) 1,110-19 Дж.
E) 7,410-19 Дж.

23. Атомның беретін толқын ұзындығының дара шығарылған жарық толқынының ұзындығынан айырмашылығы:
A) Жиілігі, фазасы және поляризациясында.
B) Жиілігі мен фазасында.
C) Тек қана жиілігінде.
D) Тек қана фазасында.
E) Поляризациясында.

24. Ядроларының массасы еркін протондар мен нейтрондар массаларының қосындысынан артық болатын...
A) тек тұрақты атомдар.
B) кез келген радиоактивті атомдар.
C) тек α-радиоактивті атомдар.
D) тек β-радиоактивті атомдар.
E) ядролар болмайды.

25. Жылдамдығы 400 м/с массасы 25 г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін 0,5 м-ге өтті. Оқтың қозғалысына бөгеттің кедергі күші:
A) 5 кН.
B) 4,5 кН.
C) 1,25 кН.
D) 4 кН.
E) 2 кН.

26. Газдың массасы 6 кг, қысымы 200 кПа болғанда 5 м3 көлем алады. Осы жағдайдағы газ молекулалары қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы:
A) 200000 .
B) 500000 .
C) 400000 .
D) 100000 .
E) 300000 .

27. Массасы 3 кг температурасы 0 0С суды қалыпты жағдайда қайнатып, буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері (ссу= 4200 Дж/(кг∙0С), r =2,3 МДж/кг).
A) 8,16 Дж
B) 816 Дж
C) 816 кДж
D) 8,16 МДж
E) 8,16 кДж

28. Біртекті магнит өрісінде қозғалатын электронға әсер етуші күштің жұмысы:
A) Электронның кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең.
B) Орын ауыстыру мен күштің көбейтіндісіне тең.
C) Электронның потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.
D) Электрон зарядының потенциалдар айырмасына көбейтіндісіне тең.
E) Нөлге тең, өйткені электронға әсер ететін күш бағыты үнемі оның қозғалыс бағытына перпендикуляр.

29. Жоғарғы жиілікті ток адам өмірі үшін қауіпсіз болу себебі
A) ток күші 0,1 А-ден кем.
B) беттік эффекті әсерінен адамның ішкі органдары арқылы ток өтпейді.
C) тербеліс периоды аз.
D) жоғарғы жиілікті ток үлкен энергия тасымалдамайды.
E) жоғарғы жиілікті ток бұлшық еттерді жиырмайды.

30. Линзадан кескінге дейінгі ара қашықтықты анықтау формуласы
A)
B)
C)
D)
E)










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет