Физиология дәріс №10


Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі



бет5/7
Дата30.03.2022
өлшемі1,08 Mb.
#137290
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс ЖМ - Нефрон қаз

Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі

  • Бүйрек артериялары Шумлянский-Боумен капсуласына кірерде ұсақ тамырларға тарамдалып, капсула ішінде капиллярлы тор түзеді, ол Мальпигий шумағы.
  • Бұл капиллярлардағы қан қысымы 44-47 мм сын. бағ. тең болады. Себебі, бүйрек артериясы (іш) құрсақ қолқасынан бірден басталады және қолқа мен шумақ арасындағы жол салыстырмалы түрде қысқа.
  • Қанды капсуладан алып кететін қан тамырларының диаметрі қанды әкелетін тамыр диаметрінен жіңішке, бұл да шумақтағы қысымды арттырады.
  • Қанды алып кететін тамыр қайтадан екінші ретті капиллярларға ыдырап түтікшелер жүйесін қоршап тұрады.
  • Сонымен, түтікшелер шумақта сүзілген қанмен жуылып отырады. Олардағы қан қысымы шамамен 20-40 мм сын. бағ. тең.
  • Қан түтікшелі капиллярдан өткен соң ұсақ веналарға жиналады да, олар қосылып доғалы веналарды құрайды. Онан ары бірігіп бүйрек венасын түзіп, ол төменгі қуысты венаға жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет