«Фольклор» деген сөздің анықтамасын көрсетіңіз. «Фольклор» қай тілден енген сөз екенін көрсетіңіз



бет1/2
Дата04.04.2023
өлшемі19,14 Kb.
#173718
  1   2
Байланысты:
Әдебиет теориясынан сұрақтар
Жай сөйлем түрлері, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5

СҰРАҚТАР

  1. «Фольклор» деген сөздің анықтамасын көрсетіңіз.

  2. «Фольклор» қай тілден енген сөз екенін көрсетіңіз.

  3. «Ұшқыш кілем» қай жанрға жататын шығарма екенін табыңыз.

  4. Лиро-эпостық жанрға жататын шығарманы көрсетіңіз.

  5. А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі неше шумақтан тұратынын көрсетіңіз.

  6. Табиғат құбылыстарын жандандырып суреттеу қалай аталатынын табыңыз.

  7. «Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен» деген әдеби теориялық ұғымның қай түрі екенін көрсетіңіз.

  8. Қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрін бастаған жазушыны көрсетіңіз.

  9. Берілген үзіндідегі асты сызылған сөздер көркемдегіш тәсілдің қай түрі екенін табыңыз.

Келеді желдей зуылдап,
Жеткізбейді шұбар ат.
Атқан оқтай зырылдап.
Жал-құйрығы суылдап.

  1. Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы әдеби жанрдың қай түріне жататынын белгілеңіз.

  2. Берілген үзінді құбылтудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.

  1. Композицияның құрылысына жатпайтын қатарды көрсетіңіз.

  2. Берілген үзінді айшықтаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

Молдаға барсаң қасында
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де қасым көр.

  1. Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,

Біржанға баламаймын тай секілді, – деген үзінді құбылтудың қай түрі екенін табыңыз.

  1. С. Торайғыровтың құбылтудың түрі ирония мен сатираны пайдаланып жазған шығармасын көрсетіңіз.

  2. Үзінді қайталаудың қай түрі екенін табыңыз.

Саған мінер белім жоқ,
Белге қылар емім жоқ.
Ауызға жерге жемім жоқ.
Сүйегімді ұстар теңім жоқ.

  1. Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасы әдеби жанрдың қай түрі екенін көрсетіңіз.

  2. Балладаға жататын шығарманы көрсетіңіз.

  3. Б. Бұлқышевтің «Өмір сүргім келеді» шығармасы әдеби жанрдың қай түрі екенін табыңыз.

  4. Метафораны көрсетіңіз.

  5. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасы әдеби жанрдың қай түрі екенін көрсетіңіз.

  6. С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңінен алынған шумақтың ұйқас түрін көрсетіңіз.

Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?

  1. Өлең құрылысына жатпайтын қатарды табыңыз.

  2. М. Дулатовтың «Жастарға» өлеңінен алынған шумақтың ұйқасын көрсетіңіз.

Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?

  1. О. Сүлейменовтің «Қыз қуу» өлеңінің бірінші шумағы ұйқастың қай түрімен жазылғанын белгілеңіз.

  2. «Пейзаж» терминінің мағынасын анықтаңыз.

  3. Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр!
Бейнелеу тәсілінің қай түріне жататынын анықтаңыз.

  1. «Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,

Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің».
Шумақтағы дыбыс үндесу тәсілін табыңыз.

  1. Өлеңнің әрбір жолы қалай аталатындығын көрсетіңіз.

  2. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,

Нәзік бел 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет