Фонетика және оның зерттеу объектісі. Грамматика сабақтарының түрлері



бет3/6
Дата10.06.2022
өлшемі40,96 Kb.
#146318
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қазақ тілі керек
Эссе. С Ж. М дени-тарихи м рада ы ж не патриотизмді алыптастыру
Сөз құрамына талдау жасаңыз.

Елді сағынып келген Абай мен Ерболға естіген хабар көңілді көрінеді.



  1. Етістіктің шақтары, оның жасалу жолдары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.

Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне – ды, - ді, ты, - ті және - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Дара етістікте ( кел - іп - ті, кел - ер ) Күрделі етістікте
( келіп отыр, келіп кеткен, келіп кетпек )
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына береді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен ( есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарынан кейін жалғанады:
Оқы – ған - мын, оқы - р - сың, бар - ып - ты, бар - ды - м, бар - мақ - ың, т. б.
Жіктік жалғау күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр - ған - сың, сөйлеп отыр - ар - мын.
Осы шақ
Сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс – қимылды білдіреді. Оның 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ және нақ осы шақ.
Нақ осы шақ қимылдың, іс – әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Мысалы: Мен отырмын.
Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктер деп аталады. Қалып етістіктер ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. ІІ жақта жіктеу есімдігімен тіркесіп бұйрық мағынасын білдіреді.
Жасалу жолдары:
Жалаң нақ осы шақ қалып етістігіне жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен жүрмін. Мен отырмын. Мен тұрмын. Мен жатырмын.
Күрделі нақ осы шақ көсемше / қалып етістігіне жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен келіп жүрмін. Мен келіп отырмын.
Мен келіп тұрмын. Мен келе жатырмын.
Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің – ып,, - іп, - п және
– а, - е, - й тұлғалы көсемше түрі мен қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады.
Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер ( отыр, тұр, жүр, жатыр ) жіктеліп жұмсалады. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып отыр.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;

  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: 

  • Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;

  • Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;

  • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет