Форматы: онлайн Қатысушылар: м-41, Ак-41 және оқытушылар, қонақтар Уақыты: 15. 00 Ұзақтығы 40 мин Барысы



Дата08.02.2022
өлшемі36,64 Kb.
#123845
Байланысты:
Жас маманмен жарасымды сұхбат
oxford-practice-grammar-basic-tests, oxford-practice-grammar-basic-tests, oxford-practice-grammar-basic-tests

ЖАС МАМАНМЕН ЖАРАСЫМДЫ СҰХБАТ
Іс-шараның уақыты: 26.10.2021 15:00
Форматы: онлайн
Қатысушылар: М-41, Ак-41 және оқытушылар, қонақтар
Уақыты: 15.00
Ұзақтығы 40 мин
Барысы:
- Сәлеметсіздер ме?! Құрметті қонақтар және түлектер. Бүгін Сіздерді онлайн форматтағы конфенцияда көріп тұрғанымызға қуаныштымыз. 4 курсқа қадам басқан студенттің бүгінгі күндегі бар уайымы оқудан кейін не істеймін? қайда барамын? деген сұрақтар шығар мазалап жүрген шығар. Осы сынды мәселелерге жауап алу мақсатында бүгін «Жас маманмен жарасымды сұхбат» атты еркін форматтағы онлайн конференциямызды ұйымдастырып отырмыз.
- Бүгін конференциямызға қатысып отырған қадірменді қонақтарымызбен таныстырып өтсем,

  • Қостанай ауданы, Мичурин жалпы білім беретін мектебі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казыбаев Ерасыл Манасович

  • Мемелкеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беру мектебінің Бастауыш сыныптарында ағылшын тілі мұғалімі әрі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ағылшын тілі мамандығының қашықтықтан оқыту бөлімінің 1 курс студентті, біздің түлегіміз Касенова Аружан Кенжебаевна

  • Казбеков Ануар Талгатович Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,

- Құрметті қатысушылар қонақтарымыз Сіздерге қажетті ақпараттармен бөліскеннен соң сұрақтарыңызды қосаңыздар болады.
- Ендігі сөз кезегі колледжіміздің түлегі, Ерасыл Манасовичкке беріледі. Ерасыл Манасович қазіргі қызметіңізбен, колледжде алған біліміңіздің қаншалықты пайдалы болғаны жайлы айтып берсеңіз.

  • Рақмет Сізге.

Келесі сөз тізгінін өткен жылы ғана колледжіміздің түлегі атанып, бүгінде жас маман әрі Қостанай өңірлік университетінде өзінің білімін шыңдап жүрген Аружан Кенжебаевнаға ұсынамыз. Аружан біздің түлектерге өзіңіздің дипломыңыдызды алғаннан соң жасаған әрекетіңізді айтып берсеңіз. Жұмыс барысы мен оқу мәселесін қоса отырып.
Аружан қазіргі таңда өз білімін облыс аумағында жалғастырып жатса, Әнуар Павлодар қаласында орналасқан С.Торайғыров атындағы педагогикалық университетінде бюджет негізінде оқып жатыр. Әнуар грантты қалай жеңіп алдың, оқу түсу үшін тестті қашан тапсыру керек? Қанша балл жинау керек?
Құрметті студенттер қонақтарымызға сұрақтарыңыз болса қоя берулеріңізге болады.

  • Менің сұрағым Аружанға Ағылшын тілі мұғалімі мамандығын қашықтықтан оқытудың оқу ақысы қанша?

  • Менің сұрағым Ерасыл мырзаға қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түскенде қанша жыл оқыдыңыз, қысқартылған форматта оқыдыңыз ба?

  • Әнуарға сұрақ қойғым келеді. Басқа қалаларға қанша грант бөлінгенді қайдан білдіңіз.



Сұрақтарыңызға болмаса қонақтарымызға алғыс білдіре отырып, бүгінгі «Жас маманмен жарасымды сұхбатымызды аяқтаймыз. Қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, сәттілік тілейміз. Бүгінгі шараға қатысқандарыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет