Формирование профессиональных умений и навыков


ӘОК 391.7 Қазақтың ұлттық киімдерін Corel DRAW бағдарламасында



бет20/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
статьялар
Дуальді оқыту, Педагогика НКТ, Английский язык 6 класс, Айдана баяндама, актив студио, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ (1), Авторская программа по технологиии откр уроуи, Бас киім ғылыми жұмыс, Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру, метрология бойынша, Жаратылыстану ашық сабақ 07.12
ӘОК 391.7
Қазақтың ұлттық киімдерін Corel DRAW бағдарламасында
көркемдеп жобалау әдісі

Рысқұлова Б.Р. - т.ғ.д., профессор (Алматы қ., АТУ),


Тастанбек Д.М. - магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)

Қазақтың ұлттық киімдерін компьютер технологиясымен жобалау үшін алдымен оның тарихын, өзгеріске ұшырау кезеңдерін білуіміз қажет. Ұлттық киімдердің формасының дамуы негізінен қоршаған ортаға, ашық даладағы желді ауа-райына, жаздың ыстығы мен қыстың аязына, көшіп-қону жағдайына байланысты дамыған, мысалы ат үстінде ұзақ отырғанда ыңғайлы болуына байланысты дайындалған. Атақты қазақтың ұлттық киімдерінің зерттеушісі Р.Ходжаеваның пікірі бойынша ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сыртқы киімдер туника тәрізді болған деп есептейді /1/.


Қазақ әйелдері ерлердікінен ұзын және кең жейде, көйлек киген. Бастапқыда пішілуі жағынан ерлердікінен айырмашылығы болмаған. Осы көйлек әрі іш көйлек, әрі көйлектің рөлін атқаратын болған. Оларды жеңіл ақ матадан немесе майда гүлді матадан жеңсіз иығы тар және мойын ойындысын терең етіп қиып жағасыз, баумен байланатын етіп тіккен. Пішілуі – бір бөлек тұтас матаны ортасынан бүктеген, ұзындығы тізеге дейін болған, күнделікті көйлекке мақта маталардың жеңіл түрлерін пайдаланған.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлар басында көйлектер қызыл және көк түстерден тігілген, қызыл түсті көбінесе жас қыздар киген, көк түсті көйлектер Орталық Азиядан әкелінген арзан маталардан тігілген, оларды қарақалпақтар мен башқұрттар көп киетін болған. Ал қызыл көйлектер Орталық Азияның барлық жас қыздарының және әйелдерінің кеңінен таралған киімі болып саналған, отыз жастан асқан әйелдерге қызыл көйлек кию ерсі болып саналған. ХІХ ғасырдың ортасына қарай көйлектерге қытайдың гүлді шыт маталарын және фабрикалық ақ түсті мақта матасын пайдаланған. Пішілуі туника тәріздес, жеңі ұзын, кең, жағасы жабық, алдынан терең ойылған, мойынның астынан баумен байланатын болған, кейінірек бауды түймемен алмастырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысында жағаларын тік жағаға ауыстырған. Қыздар көйлегі тіптен жағасыз алдында қиығы жоқ болған, көкірегін жасыру үшін арнайы алқа, өңіршемен жабылған, кейде ішінен көйлектің матасынан немесе басқа матадан тіл тәріздес мата бөлігі тігілген. Тұрмыс құрған әйелдер көкірегін кимешектің төменгі бөлігімен жауып қоятын болған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың басында тұрмыс құрған әйелдердің қималарына мүмкіндігінше жолақтар жүргізген, бір жалпақ немесе бірнеше жіңішке жібек таспалар тігілген, кейде жолақтарды бөлек дайындап, көйлек тозған соң сөгіп алып, басқа көйлекке қондырған. Осындай жолақтардың көп тараған түрі – бір бөлек кестеленген матаны көйлектегі әйел көкірегіне тіккен.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай көйлектің жаңа формасы пайда болып, ол ХХ ғасырдың басында ескі көйлекті пайдаланудан мүлдем ығыстырып жіберген. Көйлектің кеудесі ескіше туника тәріздес бір матаның бетіне туралап тігіліп, осыған тігінен өте кең бүрмелі белдемше қосылған, кеудесі тік жағалы болған. Бұл көйлек пішіні Қазақстанның солтүстігінен ауып келген, көйлектің ескіше түрлері Маңғышлақта, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда көбірек сақталған. Осы кездерде желбезектермен сәнделген қыздар көйлектері пайда бола бастаған, оның белдемшесі тарлау және етектері, жеңдердің ұштары кейде жағалары желбезек, бүрмелермен сәнделген.
ХХ ғасырдың басында көйлектің пішілуіне жаңалықтар енгізіліп, қатпар, қиғаш пішілген иық, қолтық ойындысы, жең ұшы, бүкпе, қатпарлар көйлекті түрлендіре түсірген. Көйлектің жаңа түрлерін – жас әйелдер, ескі түрлерін – күнделікті тұрмыста және жасы келген әйелдер киетін болған.
Қазіргі киімдерді жобалауда дәстүрлі мәдениетті кеңінен қолданып жаңа үлгілерді жасау киім ассортиментін кеңейтіп, олардың сапасын арттырады және жастарды гуманизмге, ұлттық дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді.
Білім берудің практикалық құндылығы көптеген әдіс-тәсілдің өзара байланысты болуының бір түрі – жобалау. Жоба латын тілінен аударғанда «алға шыққан» деген мағына білдіреді, болашақты аңсағандар үшін іске асырылатын ой. Бос арманшылар мен қиялшылардың іске аспайтын фантазияларымен салыстырғанда жобалау ойының ерекшелігі, онда практикалық іске асатын нақты тәсіл және рациональды негіз бар, білім алатын жастар үшін ой еңбегін және дене еңбегін қолдану арқылы өзінің жобасын қалай іске асыруға болатынына дұрыс бағыт береді.
Жобалау – ойға алған істің белгілі бір қалыпта таңбалық-сандық мәтінде, сызбалық бейнеде, көлемді макетте, қозғалыстағы модельде, мата және металл бұйымдарында көрініс табуы. Жобалауды компьютер технологиясында орындау студенттің жұмысын жеңілдетіп, шығармашылық ойлауына көп мүмкіндік береді, ал ұлттық киім моделдерін көркемдеп жобалауда Corel DRAW бағдарламасын қолдану өте тиімді болып келеді /2/.
Corel DRAW– бұл векторлы бейнелерді жасаудағы үлкен мүмкіндіктері бар қазіргі заманғы ең танымды жаңа бағдарламаның бірі болып табылады. Corel DRAW бағдарламасында контурларды әртүрлі және қолайлы басқару шаралары бар, сонымен бірге мәтінмен жұмыс істеу құралдары жоғары дамыған. Бағдарламаны меңгере отырып керек нәтижеге жету жеңіл, контурларды құрастыру мен басқарудың ойлап табылған құрал-сайман жүйесі, олардың трансформациясының қарапайымдылығы, топ ішінде обьектімен жұмыс жасауға болатындығы, біріктірілген контурларды жасаудың жеңілдігі, «тірі» геометриялық пішіндердің болуы, сонымен қатар графиктер мен сызбалар тұрғызу үшін арнайы саймандарды пайдалану мүмкіндігі, міне осылардың барлығы керекті обьектіні жасауға көп көмегін тигізеді. Тапсырманы іске асыру үшін түрлі жолдарды іздей отырып, бағдарламаның шектеулерімен күресудің қажеті жоқ, оның орнына шығармашылық жұмыстарды орындауға болады. Бояу және мөлдірлік Corel DRAW- та әртүрлі, ал оларды басқару жұмыстары түсінікті болып келеді. Бірыңғай және градиентті бояулардан бөлек аралас, фронтальды бояулар бағдарламада көптеп кездеседі. Үлкен жобаларды жасау кезінде бояулар мен түстердің кітапханасын, шаблондарды қолдануға болады. Жартылай мөлдір, жұмсақ нәзік көлеңке, болжаммен алынған құралдар, обьектінің сыртқы нобай сызығының орналасуы, дайын обьектіні арнайы құрал-саймандармен бояу салынған суреттің нәтижесіне ерекше әсер береді. Corel DRAW бағдарламасы векторлы графиктерді тұрғызуға арналған бағдарлама болғандықтан, кез-келген сурет салуды талап етілген жағдайда қолданған жөн.
Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдалана отырып киімнің композициялық шешімін табу, киімді көркемдеп сәндеу, бұйымның эскизін тұрғызу және адам тұлғасын салу мәселелерін шешуге болады. Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған қазақтың ұлттық киімінің моделі 1-суретте көрсетілген.
Бағдарламада сурет салу үшін терезенің сол жақ шетінде орналасқан саймандар тақтасымен танысу керек, баспа нүктесінің бірін басу нақты құралдың таңдалуын білдіреді, жұмыстың қандай түрімен айналысатыныңызды бағдарламаға көрсетеді, мысалы: көрсеткіш-бағдарламадағы обьектіні таңдау; пішіндерді редактілеу-контур пішінін коррекциялау; қисық-контурларды құру; эллипс-эллипстерді салу; интерактивті саймандар-әсерлер құру, интерактивті редактілеу, масштаб-терезедегі көлемдік-үйлесімділік бейнесін басқару, тікбұрыш-тікбұрыштарды салу, көпбұрыш-көпбұрыштарды салу, қарапайым фигуралар-қарапайым фигураларды редактілеу, мәтін-мәтінді енгізу, редактілеу және тағы басқа саймандар.
Экранда құрал-саймандардың азғана бөлігі көрсетілген, пиктограммалардың бұрышындағы қара үшбұрышты басу арқылы ішкі саймандарды алуға болады:

  • құрал-сайман пиктограммасына тышқанның курсорын әкелу (мысалы, эллипс құралына);

  • тышқанның сол жақ баспа нүктесін басып, бірнеше секунд ұстап тұру;

  • пайда болған қалқыған тақтадан оның пиктограммасына тышқанды баса отырып басқа сайманды таңдау.

Құрал-саймандарды пайдалану арқылы ұлттық әйел көйлегінің моделін көркемдеп жобалау реттілігі төмендегідей:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет