Формирование профессиональных умений и навыков



бет33/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада бейнелеу өнерінде, пішін мен түс айырмашылығы және шығармашылық үрдісі, стиль және дәстүр осы өнерлерге байланысты атауларды талдай отырып нақты түсінік берілген.

РЕЗЮМЕ
В статье сделан анализ происхождения понятий стиль, традиция, творческий процесс, цвет и форма, даны их определения.




Қ Ұ Қ Ы Қ Ж Ә Н Е Э К О Н О М И К А Л Ы Қ Т Е О Р И Я
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның құқықтық санасын жетілдіру

Жарықбаева Д.Р.- аға оқытушы, Қыдырқожаева М.- студент


(Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)

Мемлекеттің, қоғамның ішіндегі тәртіпті бұзбайтын, заңды міндеттерін орындайтын, заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік жасамайтын адамның құқықтық санасы жоғары дәрежеде дамығандығы байқалады. Ал, мұндай үлгілі азамат тұлғасын қалыптастыру үрдісі мектеп табалдырығынан бастау алатынын ұмытпағанымыз жөн. Сол себепті біз, яғни болашақ мұғалімдер өзіміздің құқықтық білімдерімізді, санамыз бен мәдениетімізді жоғары дәрежеде қалыптастырып, дамытуымыз негізгі өзекті мәселе. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамызындағы № 1165 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының Әлеуметтік даму тарауындағы білім беру бөлімінің мақсатын ескеру қажет. Онда: “Әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілген және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру” ұғымы көрініс алған. Осы аталынған мақсатты жүзеге асырушы педагогикалық жоғары оқу орын, ал оның сапалы атқарылуына негізгі себепші - студенттер ұжымы. Болашақ маман ретінде немесе мектеп оқушыларына дұрыс, әрі сапалы құқықтық тәрбие беруші мұғалім-тәрбиеші ретінде педагогикалық институт студенттерінің құқықтық тәртібі талапқа сай болуы тиіс.


Құқықтық тәрбиелеу тұлғаның заңды білуіне, құқықтық нормаларды сыйлауына, ерікті түрде заң талабын орындауына және оны қорғауға ықпал етеді. Құқықтық тәрбие қызметін сапалы пайдалану үрдісінде дамыған мемлекеттің заңды қатынасын дұрыс ұғындырып, қалыптастырған жөн. Құқықтық тәрбиелеу үрдісінде құқық бұзушылықты алдын алу, тұлғаның құқықтық білімі мен біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ жастардың құқықтық сана-сезімдері мен мәдениеттерін дамыту сияқты мәселелер кешені қамтылады.
Құқықтық санасы мен мәдениеті дамыған тұлға заң нормаларына бағынып, заңдар мен оларға негізделген нормативтік актілерді ұғынып, өз құқықтары мен бостандықтарын біліп, басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұқпайды, өз міндеттерін орындап, заңға қайшы әрекет жасамайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін жасөспірімнің құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамыту қажет.
Тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениетінің дұрыс қалыптасуына оны қоршаған ортаның, яғни қоғам, мектеп, жанұяның ықпалы зор. Осы мәселеге байланысты Абай Құнанбаев: “Балаға үш мінез алуан адамнан жұғады, бірінші - ата-анасынан, екінші - ұстазынан, үшінші - құрбысынан”, - деген пікір айтқан.
Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарды бірыңғай жоспарлау, ата-аналармен әр саладағы қатынас формаларын байланысты педагогикалық білімді насихаттап, тәжірибе жинақтау және оны қалыптастыру әдістері мектептің, жанұяның және қоғамның қатынасын дамытады. Педагогикалық қызметтің құқықтық тәрбиеден кеткен қателігі болашақтағы есейген адамның немесе тұлғаның құқықтық мәдениетінен көрініс алады.
Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу; заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті, заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға - құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы. Құқықтық мәдениет құқықтық нигилизмнің пайда болуымен қатар дамымайтын және қоғамның жан-жақты өркендеуінің кепілі болатын құқықтық мемлекетпен тығыз байланысты. Мұндай мемлекетте мемлекет пен азамат арасында туындаған қатынастың негізі – құқық болып табылады. Тәртіп ережесінің жүйесі ретінде құқық мемлекет пен азаматтар үшін міндетті.
Құқықтық мәдениеттің қалыптаспауынан тұлғаның бостандығы мен қауіпсіздігі, азаматтық белсенділігі жойылады немесе пайда болмайды. Тұлғаның құқықтық мәдениетімен қоса құқықтық санасын қалыптастырып, дамыту - құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі. Адамның құқықтық санасы қалыптаспай оның құқықтық мәдениеті жетілмейді. Сол себепті құқықтық сананы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Құқықтық сана Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. Бұл анықтама заңгер ғалымдардың осы саладағы көптеген зерттеулерінің қорытындысы ретінде құқық саласындағы кездесетін ғылыми еңбектерінде көрініс табады. Сонымен бірге құқықтық сана мен мәдениет, оларды дамыту мәселелері құқықтық тәрбиеге бағытталған Е.В.Татаринцева, Ғ.С.Сапарғалиев, А.К.Котов, В.В.Головчено сынды авторлардың еңбектерінде кездеседі.
Құқықтық тәрбие өз деңгейінде жүзеге асуы үшін тәрбиеленуші тұлғаның құқықтық білімін, алынған білімі арқылы құқықтық санасын, мәдениетін қалыптастыру – негізгі мақсат. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері адамның құқықтық санасы құқықты ұғынудан бастау алатындығын білгені дұрыс. Құқықтық сана мен құқықты ұғыну құқықтық білім негізінде жүзеге асады.
Тұлға құқықтық білім алмай заңды әрекет пен заңсыз әрекетті ажырата алмайды; сондай-ақ заң мен құқықтың күшін сезінбейді; өздерінің құқықтары мен бостандықтарын біліп, қорғай алмайды; өз міндеттерін орындамайды. Осы орайда тұлғаның алған құқықтық білімі арқылы құқықты ұғыну процесінің жүзеге асатындығына көзіміз жетеді. Әрине, кез-келген адамның санасындағы құқық ұғымы құқық нормаларының ортаға оң немесе теріс әсер етуші норма сипатында, яғни жалпылама түсінік ретінде орын алатындығы анық. Сол себепті бұл жағдайда құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның құқықтық санасы қалыптасып, дамиды.
Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Сонымен тұлғаның құқықтық санасы мектептегі құқықтық білім беру мен тәрбиелеу жүйесі арқылы қалыптасатындығына көзіміз жетті.
Құқықтық тәрбие беру әдістері тәрбиеленуші тұлғаның жалпы санасы мен мінез-құлқына елеулі әсер етеді. Жасөспірімнің құқықтық санасы тұлғаның жалпылама даму деңгейімен байланысты қалыптасады. Құқықтық сана өзінің құрамына қарай екі топқа жіктелінеді: құқықтық идеология мен құқықтық психология. Құқықтық идеология – бұл құқық саласында қоғамдағы қатынастарды, құбылыстарды ғалымдардың зерттеулері мен дәлелдерін ғылыми жүйеге келтіру. Құқықтық психология дегеніміз жеке тұлғаның санасына құқықты ұғыну, оған бағыну, талаптарын орындау, заңдарды дұрыс қолдану әдіс-тәсілдері. Осы мәселелердің жүйелі орындалу салдарынан тұлғаның құқықтық санасы жоғары деңгейде қалыптасады. Адамның құқықтық санасын дамыту арқылы құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу – бүгінде өзекті мәселе.
Адамның құқықтық санасын зерттеу барысында оның құқық нормаларын орындау міндеттері жөнінде бірнеше ережелер талқыланып, болжамдалды. Оған назар аударатын болсақ, олар - адамның:

  • заң нормалары мен актілерінің орындалу дұрыстығын, оның қоршаған ортаға пайдасын, қажеттігін қоғамдық мақсат ретінде ұғынуы;

  • құқық бұзылған жағдайда қолданылатын заңды жауапкершіліктер мен жаза шараларынан сескенуі;

  • қоғамдық мақсатқа сәйкес келетін және тұлғаға пайдалы заңды әрекеттерді білуі;

  • құқықтық тәртіпті әдетке айналдыруы;

  • қатынасқа түсуші ортаның заңды әрекеттерінің жеке тұлға санасына әсері.

Тұлғаның құқықтық санасы қоғамдық қатынастар мен байланыстар, нормативтік бағыттар, қоғамдық практика жүйелерінің ықпалымен қалыптасып, дамиды. Құқықтық сананың қалыптасуы мен дамуыкүрделі үрдіс. Оның ойдағыдай жүзеге асуы үшін құқықтық сана қызметі өз мақсатына жетуі керек.


Құқықтық сананың негізгі қызметі – азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымға субъектінің кәсіби қатынастарын ұғындыру және тұлғаны заң нормаларына бағындыру. Құқықтық сананың ерекшелігі мемлекетпен, қоғам құрылымымен және олардың жағдайымен анықталады.
Жеке тұлғаға құқықтық тәрбие беру маңызы мен мазмұнына оның құқықтық ойлау қабілетін және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаттары мен саясаттарын ұғындыру шаралары арқылы адамның құқықтық санасын жетілдіріп, дамыту тәсілдерін жатқызуға болады.
Тұлғаның құқықтық санасы мен тәртібін құқықтық тәрбие беру арқылы қалыптастыра отырып, тұлға өзінің қоғамдық борышын, заң нормаларын орындау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау міндеттерін ұғынатын саналы азаматты тәрбиелеу құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады. Бұл салада құқық құқықтық тәрбиенің нысанды негізі болып қаралса, құқықтық сана тұлғаның санасындағы құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде немесе құқықтық тәрбиенің субъективті негізі болып табылады.
Адамның құқықтық дамуы құқықтық тәрбиенің арнайы мақсатын құрайды. Нақтылап айтсақ: құқықтану; тұлғаның құқықты ұғынуы; адамның құқыққа қызығушылығын және заңға оң көзқарасын қалыптастыру және т.б.
Құқықтық тәрбие өзіндік әсер етуші нысанға иелене отырып, тұлғаның жалпы санасы мен әрекетіне ықпал етеді. Құқықтық сана деңгейі адам дамуының жалпы деңгейіне байланысты жіктеледі.
Сонымен жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі – тұлғаның жоғары деңгейде дамыған құқықтық санасы мен мәдениеті. Мектеп табалдырығынан басталатын құқықтық тәрбие оқушының құқықтық ұғымын қалай отырып, құқықтық санасын қалыптастырып, жетілдіреді.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті ғана емес, сондай-ақ барлық құқықтық қызметінің негізгі бағыттарын анықтай отырып, осы үрдістің сапалы жүзеге асуына негіз болады.
Жасөспірімді құқықтық тәрбиеге баулу арқылы оның өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тануы, заң талаптарын орындауы, заң нормаларын толық ұғынуы, заңға қарсы әрекеттердің мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға залалын және ол үшін жазалау шегін білуі және т.б. тәрбие шаралары арқылы қалыптасып, дамыған құқықтық санасы мен мәдениетіне байланыстылығын танытуға болады.
Сонымен құқықтық тәрбиенің мақсаты - құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан тұлға дегеніміз заң мен құқық күшін сезінетін, мемлекеттік аппарат жүйесін, қызметтерін, өкілеттіктерін ұғынатын, құқық бұзушылықтың түрлерін, заңды жауапкершілік шараларын білетін, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндеттерін орындайтын құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы.
Бүгінгі кезде құқықтық мемлекеттің жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру, яғни жаңа көзқараста азамат тәрбиелеу өзекті мәселе болып табылады. Себебі, көкейкесті мәселені шешуде жүйелі түрде құқықтық тәрбие беру арқылы ғана белгілі бір қоғамның саналы азаматын қалыптастыруға болады. Осы орайда ұлы ойшыл ғалым әл-Фарабидің: “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”, деген орынды пікіріне сүйене отырып, бүгінгі таңда педагогикалық жоғары оқу орын студенттерінің жаңа заманға сай тәлімдік-тәрбиелік тәжірибесі мол кәсіби маман ретінде қалыптасуы басты мақсат болып табылады. Сондықтан да болашақ жас жеткіншектерді мемлекетіміздің үлгілі азаматы ретінде қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор.
Үлгілі азамат тұлғасының құқықтық санасын құқықтық тәрбиелеу арқылы қалыптастыру – мемлекеттің алдына қойған өзекті мәселесі. Тәрбиелеу – тұлға қалыптасуының негізгі факторларының бірі. Ал құқықтық тәрбие арқылы демократияны дамытып, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құру мақсатына жетуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 1-бапта “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген. Қазақстан Республикасының 1-бабына сәйкес “мемлекеттің ең қымбат қазынасы” деген атаққа тұратын құқықтық білімді және құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан, дамыған азамат тұлғасын қалыптастырып, дамыту мемлекеттің негізгі, әрі өзекті мәселесі.

әдебиеттер



  1. ҚР Президентінің 2003 жылғы 15 тамызындағы №1165 Жарлығымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.

  2. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. А., 1986.

  3. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. А., 1999.

  4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. А., 2004.

Түйіндеме


Мақалада құқықтану, тұлғаның құқықты ұғынуы, адамның құқыққа қызығушылығын және заңға оң көзқарасын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.

Резюме
В статье поднимаются вопросы формирования правосознания, понимание отдельной личностью прав и формирование правильных взглядов на закон и законность.





Каталог: attachments
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет